Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет106/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет  сақталмаса,  ешқандай  жаңғыру  болмайды. 
Екіншісі  –  алға  басу  үшін  ұлттың  дамуына  кедергі  болатын 
өткеннің кертартпа  тұстарынан  бас  тарту  керек»[1].  Мемлекет  басшысы 


232 
 
нұсқап  отырған  ұлттық  бірегейлікті  сақтай  отырып,  заман  ағымына  қарай 
оның  сипаттарын  өзгерту, «білім  культін»  қалыптастыру,  мемлекет  пен 
қоғамды эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, 
яғни  әлемдік  озық  жаңалықтарға,  ғылым-білімге  құшақты  айқара  ашу 
идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын 
бәсекелік  қабілеті  ерекше  ел  ғана  еңсере  алады.  Осы  тұрғыда  Елбасының 
мемлекет  пен  қоғам  алдына  қойып  отырған  нақты  міндеттері  рухани 
саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ. 
         Рухани  жаңғырудың  негізгі  қызметі  мен  ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп, 
бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай 
тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге  немқұрайлы  қарамауы  тиіс. 
Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық  дәстүрлерді  табысты 
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру 
елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Рухани 
жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі  жақсы  жақтарын  қиыннан  қиыстырып, 
жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды»[2].  Адами  құндылықтар,  рухани 
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Бұл  дегеніміз  –  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік 
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген 
асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік пен ұлттың  алға  ілгерілеуін 
жылдам  қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш.  Бұл  –  тәуелсіз  еліміздің 
бақытты  болашағы  мен  алаңсыз  келешегі  үшін  жасалып  жатқан  жұмыс. 
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, 
әрбір  жеке  тұлғадан  құралған  қоғам,  туған  еліміз  үшін  де  өте  маңызды 
үдеріс. Рухани жаңғыру отбасынан басталады.  
        Отбасы  –  болашақ  жеке  тұлғаның  негізі  қаланатын  қоғамның 
бастауыш  құрылым  бірлігі,  баланың  алғашқы  ұжымы,  оның  табиғи  даму 
ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды 
көңіл-күй 
қарым-қатынасы 
арқылы 
адамгершілік, 
рухани 
және 
гуманитарлық  құндылықтарға  басымдық  беруде  әлеуметтік-тарихи 
тәжірибені  таратудың  анықтаушы  құрамдас  бөлігі  болып  саналады. 
Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау болуы керек. 
         Отбасы  –  ұлттың,  мемлекеттің,  әлемнің,  адамзаттың  негізі. 
Отбасында  тыныштық  болса,  үйде  тыныштық  болады.  Үйде  тыныштық 
болса,  мемлекетте  тыныштық  болады.  Мемлекетте  тыныштық  болса, 
әлемде  тыныштық  болады.  Мәңгілік  жалпыадамзаттық  құндылықтарға 
негізделген бағдарламаны жүзеге асыру арқылы «Мәңгілік Елдің» болашағын 
құра  аламыз.  Әр  адамның  өмірінде  отбасы,  оның  өзіндік  санасының 
қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып табылады. Отбасында баланың 
қарым-қатынас  жасауындағы  біліктілігі  мен  дағдысы  жетіліп,  оның 
адамгершілік  бейнесі  мен  кәсіби өзінің  орнын    табу  қабілеті  қалыптасады. 
Ұлттың,  елдің,  әлемнің,  адамзаттың  негізі  отбасында  дұрыс  қарым-


233 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет