РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ
Тажигалиева Айгерим Куракбаевна
Атырау облысы, Атырау қаласы
№12 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
халқымыздың тарихындағы терең мағыналы бағдарламалық мақалаға
айналғаны баршамызға белгілі. Бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті
сақтау ,білімнің салтанат құруы секілді бағытындағы мақсат-міндеттерді
айқындап берген бұл мақалада рухани жаңғырудың алғышарты болатын
нақты жобалар ұсынылған. Елбасы мақаласы Қазақстан халқының өткеніне
сараптама жасап, болашағына нақты байламдар айтуымен әрі сындарлы
ұлттық басымдықтарды қамтып, ұлттың мәдени кодын көрсетуімен құнды.
Еліміздің әр азаматы үшін бірігудің және жалпы ұлттық ұқсастықты
нығайтудың жаңа концепциясы ұсынылған.
Елбасы қазіргі тасты назарғаңда жеке адам ғана емес , тұтас халықтың
өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынын
басты назарға қойып, болашақта ұлттың табысты болуы халқының рухани
тұрғыда бәсекеге қабілеттілігімен айқындалатынын баяндайды. «Бәсекеге
қабілет дегеніміз –ұлттың аймаұтыұ немесе жахандық нарықта бағасы, я
болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл жай ғана
материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім
немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Сол үшін де әрбір еліміздің
251
азаматы мен азаматшалары ,осыарқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты
қасиеттерді бойына сіңіре білуі шарт. Мысалы, компьютерлік сауаттылық,
шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әрбір
Қазақстандықтың ілгері басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында».
Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы
бағдарламасы –жаһандану кезеңіндегі рухани жаңғыруымыздың тың
көрсеткіші мен биік белесі іспеттес. «XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы»
атты бірінші бөлімінің «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық
бірегейлікті
сақтау»,
«Білімнің
салтанат
құруы»,
«Қазақстанның
революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты
тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен
идеялар «Мәңгілік ел» идеясын іске асырып, мемлекетімізді нығайту мен
дамытудың, қазақ руханиятын көркейтудің үздік үлгісі деп түсінуіміз
маңызды. Еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған
барша тиімді тұстар мен мүмкіншіліктерді пайдаланып, ұлттық кодты сақтай
отырып, рухани жаңғыруға бел буды. Мұндағы басты мақсат-Ұлт жоспарын
орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып саналады.
Соның бір жарқын көрінісі ретінде Елбасымыздың Үндеуіндегі «Білімнің
салтанат құруы» бөлімінде осы жағдайды меңзеп, халықты жаппай білім
алуға шақыруын айтуға болады.
Ел келешегіне үміт артқан елбасымыздың аталған тұғырнамасында
білім мен ғылымға айрықша назар аударылып отыр. «Терең білім –
тәуелсіздігіміздің тірегі»,- деп атап өткен Елбасымыз «Мәңгілік ел болуға
қадам басқан егемен еліміздің жаhандану алдында ұлт ретінде жойылып
кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған,яғни сонау ата-бабаларымыздан қалған
ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, ғасырлар бойы тарихымызда
сақталған, қаймағы бұзылмаған қазақ халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатырған әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріміз, ұлттық
тіліміз бен дінімізді,әдебиетімізді, бір сөзбен айтқанда ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық рухымызды дәріптеп,ұлттық құндылықтарымызды өн
бойына сіңіре білген білімді, бәсекеге қабілетті, көзі ашық, көкірегі ояу
саналы ұрпақ қалыптасу керектігін алға тартады.
Қазіргі таңда адами капиталдың басты құндылығына айналып отырған
оқу мен білімнің қарыштаған дәуірінде, ұлт көшбасшымыз рухани
жаңғырудың негізгі талабы – «білімнің салтанат құруы - білімді бәрінен
жоғары қоятын ұлт қана табысқа жете алады» деп айтқан болатын. Осы
орайда көрегендігі мол, мақсаты айқын Елбасымыздың «Болашаққа
бағдар :рухани жаңғыру» мақаласы жарияланғанынан бастап, білім
ордамызда рухани жаңғыруымызға байланысты оқушыларымыздың бойына
патриоттық сезім ұялату, Отанға деген құрметін арттыру мақсатында
көптеген патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізіліп
келеді.
Бүгінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында Атырау облысы,
Атырау қаласы, жалпы білім беретін Ф.Досымова атындағы №12 орта
252
мектебінде «Мәңгілік ел» бағдарламасы бойынша оқушыларымыздың
бойына патриоттық сезім, туған жерге деген құрметін арттыру мақсатында
көптеген патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар жұмыстар
жүргізіліп келеді. Мектебімізде Отанын сүйетін патриотты ұрпақ тәрбиелеу
мақсатында «Туған жерге тағзым» атты жергілікті мұражайлар мен қасиетті
жерлерге танымжорықтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кітап оқуды
насихаттау барысында «Оқымысты ұлт» акциясына орай «Кітап – өмір
ұстазы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді. Елбасымыздың осы бір
мақаласындағы «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталатын екінші бөлімінде
алдағы уақытта жүзеге асырылатын нақты жобалар айқындалған . Латын
қарпіне көшу туралы Елбасы өзінің құнды мақаласында «Латыншаға көшудің
терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның,
коммуникацияның, сондай ақ XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру
процестерінің ерекшеліктеріне байланысты» дп атап көрсетті. Сонымен қоса,
таяу жылдардағы міндеттердің ішінде латын әліпбиіне көшуіміз де жан-
жақты зерделенген. «Біріншіден,қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру
жұмыстарын бастауымыз қажет. Бұл- ғаламдық кең өрістегі ақыл ойға ,
ғылым мен инновацияға жақын ,бәсекеге қабілетті болуға бастайтын үлкен
қадамдардың бірі. Осыған сәйкес қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігінің
жетекшілігімен «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты
дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қоса, «Менің Президентім» атты
тақырыпта 10-11 сынып оқушылары арасында эссе байқаулары өткізіліп,
жалпы сыныптар арасында «Рухани жаңғырудың жарқын жолдары», «Туған
өлке-тұнған шежіре» тақырыбында сынып сағаттары мен «Болашақ
жастардың қолында» атты тақырыппен дебат, Тәуелсіздік күні қарсаңында
«Тәуелсіздік – біздің тұғырымыз, тұрақтылық – біздің мақсатымыз»
тақырыбында 7-10 сыныптар аралығында бейнероликтер байқауы және
«Рухани жаңғыру – отбасылық құндылық» атты тақырыпта ата-аналар
жиналысы ,«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстық өлкетану
мұражайымен бірлескен тәрбиелік шара, сондай ақ, мектеп ұстаздарының
тарапынан «Мәңгілік ел – ұлт болашағы» атты тақырыпта баяндамалар
тыңдалды. Сонымен қатар, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой,
салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжатында
қарастырылған ұлттық кодымызды сақтау аясында оқушылар арасында ғана
емес, тіптен мектебіміздің ұстаздарының арасында да «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні
Наурыз» атты тақырыпта мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып,
педагогтар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, аталған шара барысында
«Келіндер сайысы» да өз кезегін тауып жатты. Бұндағы біздің мақсатымыз -
ертеңгі ел болашағы өскелең ұрпақтарымыздың қолында болғандықтан,
қазіргі таңнан бастап, олардың санасына ел мен жердің қадір-қасиетін сіңіре
білу, сонымен қатар қайырымды істерді орындауға үйрете білу болып
табылады.
253
Ағымдағы жылдың 17-28 қыркүйек аралығында Алматы қаласында
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-
педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын Республикалық
институтында «Мәңгілік ел» идеясы негізінде тәрбиенің мазмұнын жаңарту»
тақырыбында
мектеп
директорларының
тәрбие
ісі
жөніндегі
орынбасарларына
арналған
біліктілікті
арттыру
курсы
өткізілді.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған әріптестерімізбен тәжірибе
алмасып, тұлға тәрбиелеудегі ұсыныстарымыз бен идеяларымызды ортаға
салдық. Курс жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Маханбетова
Агима Абиловнаның басқаруымен жобалық жұмыстар, өзіндік жұмыс және
шағын сабақ үлгілерін қорғау жүзеге асырылды. Әрбір тұлғаны жетістікке
жеткізу жолдарында, ізденіс пен еңбек қашанда қиын, қазіргі заманға сай
жан-жақты, сауатты болып қалыптасу үшін осындай курстар өте пайдалы.
Сонымен қатар Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға
оқытушылары Рысқұлбекова Құралай Қалдыбайқызы, Қапизаева Қарлығаш
Әбдіғұлқызы, Сахова Ақжарқын Тәжіханқызы және т.б ұстаздардан дәріс
алып, тренинг сабақтарына қатыстық.
«Адал жанды өнеге тұт өзіңе», деп Жүсіп Баласағұни айтып өткендей
курс барысында үлгі тұтар тәжірибелі ұстаздарымыздың арқасында
жүргізілген мазмұны терең, мағынасы мол сабақтардан ой түйіп, білім қорым
кеңейіп, тәжірибемізге орасан зор бағыт –бағдар алдық. Өзім жас маман
ретінде келешекте аталмыш курстың білімімді одан әрі жетілдіріп,
тәжірибемді молайтуда үлкен үлес қосарына кәміл сенемін. Сонымен қатар
институт директоры, п.ғ.д .,профессор Ж.А.Махатованың басқаруымен 2018
жылдың 26 қыркүйегінде Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру
кафедрасының ұцымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттық білім беру мен
ұлттық сананың жаңа белесі» тақырыбында Республикалық ғылыми-
практикалық конференция өткізілді. Аталған іс-шараға республиканың әр
аймағынан келген мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлары және Өрлеу БАҰО АҚ филиалдарының оқытушылық-
профессорлық құрамы, барлық типтегі білім беру ұйымдары басшылары,
сондай ақ басқа да педагогтар қатысты. Білім беру ұйымдарында ұлттық
рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын
жүйелеуге ықпал ету, білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың
кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген
ғылыми-практикалық конференция өз кезегінде біліктілікті арттыру
жүйесіндегі кәсіби шеберлік тәжірибелер, инновациялар, рухани жаңғыру
аясында ұлттық тәрбие мен білім беру, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік
тәрбие беруді ұйымдастырудың тиімді жолдары секілді жұмыс бағыттарын
қамтыды. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп
директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шараға белсене
атсалысып, марапатқа ие болды.
Институт ұжымына және курс ұйымдастырушыларына үлкен
алғысымызды білдіреміз. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз
254
солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымыздың білімді де
мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз
қолымызда.
Қазақстандық
патриотизм
және
азаматтық
тәрбие
қалыптастыруда Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес болашақ өскелең
ұрпаққа дұрыс жол сілтеу біздің басты мақсатымыз. Осы орайда , аталған іс-
шараларымызды мұнымен шектемей, үздіксіз жүргізіп отыратын болсақ ,
сонда ғана елбасымыздың салиқалы терең бағдарламалық мақаласындағы
идеяларды жүзеге асыра аламыз. Күтілетін нәтиже осы тың идеялар арқылы
біз ұлт болашағының жарқын болатынына жағдай жасай аламыз деп
ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |