Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет116/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Н.Ә Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. 
12.04.2017 ж 
 
 
   
 
 
 
 


258 
 
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕПКЕ 
ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ  ТАНЫМДЫҚ  
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  МАҢЫЗЫ 
 
Тұлымшақова Гульниса Досановна 
Талдықорған қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің                        
№42 балабақшасы» МКҚК  
 
«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  -  дейді  халқымыз.  Ұрпақ 
жалғастығымен  адамзат  баласы  ғасырлар  бойы    өмір  сүріп,  өзінің  жеке 
болмысын,  салт-дәстүрін  шынайы  түрде  сақтап,  жалғастырып  келеді.  
Әрқашанда еліміздің тірегі - тәриелі әрі білімді, қайратты рухты ұрпақ болып 
келген. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғам талабы  – егемен еліміздің қара 
шаңырағының есі  болып қалатын қоғам мүшелерін, жас ұрпақты тәрбиелеу, 
кемел  болашаққа  жол  бастайтын,  өзге  озық  елдердің  қатаында  терезесі  тең 
тұратын,  білікті  маман  бәсекеге  қабілетті  тұлға  болатындай  тиянақты  білім 
беру. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру жүйесінің  педагогтарының  
алдында  тұрған  міндет:  бала  тәрбиесіндегі    білім  мен  мәдениет  білуге 
құмарлық,  бәсекеге  қабілеттілік,  парасаттылық,  функционалды  сауаттылық, 
өзінің  пікірін  еркін  білдіре  алатын    және  өзінің  іс-әрекетімен  өмір  сүріп 
отырған  қоғам  үшін  жауапкершілігін  түсіне  алатын  қабілетті,  әрі  қоғамға 
өзіндік  ықпалы  бар  екендігін  түсінетін    құзырлы  тұлғаны  қалыптастыру 
болып табылады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық даналығы 
бала  тәрбиесінде  ерте  жастан  бастап,  ұлттық  тәрбиеге  ерекше  мән  беруді 
меңзеп отырған.  Өзінің  ұлттық ерекшеліктерін бойына  сіңіру  қай  халықтың 
болмасын  үнемі  назарында  тұратын  басты  қағида.  Сондықтан  да  баланың 
сәбилік  шағында  жаңадан  айналасын,  қоғамын  тани  бастаған  әрекетінде  
оның  танымдық  құзыреттіліктерін  бірден  ұлттық  бағытқа  назар  аударту 
туған  өлкесіне,  елінің  ұлттық  сал-дәстүріне  құрметін  арттырып,  терең 
отансүйгіштік қасиеттерінің дамуына зор ықпалын тигізеді. Өз елінің ұлттық 
мұраларын:  салт-дәстүрлері  мен  мәдени  құндылықтарын,  туған  өлкесінің 
табиғатын  танып  білуге,  оны  аялап,  қорғау  мен  таза  күйінде  сақтауға 
тәрбиелеу  балаға  ерте  жасынан  үйретілгені  маңызды.  Себебі  баланың 
сезімталдығы  мен  пәк  таза  көңіл  -  ниеті  сәбилік  шақта  дамиды.  Осы  шақта 
бала жақсы мен жаманды ажыратуды, қорғау мен қамқоршы болуды, достық 
қарым-қатынас  пен  өз  ұлтына,  еліне  жеріне  деген  махаббатының 
қалыптасатын кезеңінде болады. Ол шынайы күліп, шынайы ренжиді, барлық 
ақиқатты шынайы қабылдап, оған деген өзінің көзқарасын қалыптастырады. 
Өзінің  туған  өлкесінің  табиғатына  тамсанып,  ерекше  әдемілігін  байқап, 
сүйуге  үйренеді.  Ұлтымыздың  салт-дәстүрлеріне  бойлайды.  Домбыраның 
қоңыр  үнін,  қобыздың  әуелі  сарынын    құлағымен  естіп,  ондағы  әуендер 
арқылы  тарихи  уақиғаларды  танып,  елінің  өткен  кезеңдерін  жүрегіне 
сақтауды  үйренеді.  Осы  шақта  қалыптасқан  сезімдері  мен  қасиеттерін 
өмірлік  қағидаға  айналдырады.[1].  Балалардың  ұлттық  танымдық 


259 
 
құзыреттілігін  арттыруда  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында 
балабақшаларда  балалардың  ұлттық  танымдарын  кеңейту  жұмыстары 
қарқынды  атқарылуда.  Еліміздегі  барлық  ведомстволық  бағыныстылығына 
қарамастан  мектепке  дейінгі  мекемелерде  Қазақстан  Республикасының 
«Білім  туралы»  Заңының    28,29-баптарында  көрсетілгендей    оқу  тәрбие 
процесін  ұйымдастыру  мен  оқу  әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік 
жұмысты ұйымдастыру туралы нақты тапсырмалар берілген[2]. Оның ішінде 
көкейкесті  назар  сапалы  білім  беруді  жүзеге  асыруға,  озық  тәжірибені 
қолдануға 
тапсырыстар 
ұсынылған. 
Сонымен 
қатар 
Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  мектепке  дейінгі 
ұйымдарға  балалардың  білім  алуының  сапасын  бақылайтын    мониторинг 
жүргізудің  бірыңғай  тәсіліне  ерекше  назар  аударылу  керектігі  айтылған  [3]. 
Сонымен  қатар,  әлемдік  трендтерді  ескере  отырып,  өзіміздің  ұлттық 
танымдық  құзыреттіліктердің  меңгерілуіне  көңіл  бөліну  керектігі 
тапсырылған.  Мектепке  дейінгі  ұйымдағы  тәрбиелеу  мен  оқыту  үрдісін  
ұйымдастыру  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарты негізінде жүзеге асырылады. Білім беру типтік үлгілік оқу 
бағдарламасының  мазмұнына  сәйкес  базалық  білім,  білік,  дағдыларды, 
жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде  мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  түйінді  құзыреттілігінің  қалыптасуын  қамтамасыз  етеді. 
Осыған  орай,  біздің  бала  тәрбиесі  мен  білім  беру  үрдісіміздің  бағыты  – 
балалардың танымдық әрекетіне ерекше назар аудара отырып жүзеге асыруға 
негізделген. Таным - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың 
оны  одан  өрі  өзгерту  мүмкіндігін  мақсат  ететін,  мақсатты  бағытталған 
белсенді  бейнелену  үдерісі.  Таным  барысында  болмыстың  түрлі  қырлары 
ашылады,  қоршаған  дүниедегі  заттардың,  құбылыстардың  сыртқы  жақтары 
мен  мәні  ашылады,  сонымен  қоса  таным  қызметінің  субъектісі  -  адам 
адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені 
және  ондағы  өзін  тануға  бағытталған  арнайы  түрі.  Адам  таным  бойынша 
әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:  
1)  қоршаған  дүниені  өзге  ұрпақтардың  болған  танымдық  қызметінің 
нәтижелері арқылы таниды;   
2) қоршаған дүниені тікелей таниды.  
Таным  -  білім  алу  және  дамыту  үдерісінде  үнемі  тереңдетіліп  және 
кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен 
субъектісінің әрекеттесуі болып табылады.  
Таным ол әрекеттің мақсаты мен оның түрткісін анықтайтын тұлғаның 
ақпараттық  қорын  құрайтын,  қоғамдық-тарихи  үдеріс  философиялық 
категория  болып  табылады.  Философиялық  сөздікте:  таным  –  заттардың 
эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, 
жағдайын  меңгеру  болып  табылады.  Педагогикалық  сөздікте  таным  –  әлем 
туралы  шынайы  білімдерді  алуға  деген  субъектінің  шығармашылық  іс-


260 
 
әрекеті  деп  жазылып,  сыртқы  орта  туралы  ақпарат  алу  тұрғысынан 
берілген.[4].  
Қазақстандық  ғалымдар  Д.Кішібеков,  Ғ.Ғ  Ақмағамбетов,  Г.Нұрышева 
танымға сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам 
санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы 
күрделі үдерісі деп анықтама берген. Таным барысында адам өзін қоршаған 
ортаны  игереді,  ол  туралы  білімі  кеңейіп,  тереңдей  түседі,  адамның  заттар 
мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі кеңейіп, ішкі мәнге қарай ұмтылып, 
жүйелі,  шынайы  білімге  айналады,  сондықтан  танымды  адамның  жаңа  әрі 
тың білімді игеріп, рухани баюы деп те есептеуге болады деген. [5].  
Сондықтанда  баланың  тәрбиесінде    басмдылық  танымдық  әрекетке 
берілуі тиіс деп есептейміз. Сонымен қатар, танымдылық әрекет тек, жалпы 
меңгерілуі емес, баланың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыратын фактор 
ретінде де қаралады. Өйткені  мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында 
өздерінің  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес,  функционалды  сауаттылығы 
қалыптасып,  алғашқы  өмір  жаттығулары  мен  өз  өлкесінің    қоршаған 
ортасына    деген    қызығушылықтары  артып,  білуге,  тануға,  қолдана  алуға 
деген  танымдық  құзыреттілікті  қалыптасып,  жас  шағының  ұлғаюына 
байланысты  қарапайымнан  күрделіге  ауысып  отыру  үрдісі  қарқынды  жүре 
бастайды.  Бала  бойында  нақты  құзыреттілік  қалыптастыру  әрі  оны  дамыту 
өте  күрделі  іс  болып  табылады.  Оның  толыққанды  жүзеге  асырылуы  үшін 
педагогтың нақты білімдері мен методикалық нұсқаулықтарды қолдана алуы 
жеткіліксіз болып табылады. Өйткені, әр балаға өзінің болмысы мен табиғи 
мінезіне,  қабілеті  мен  икеміне  қарай  құзыреттіліктерді  қалыптастыру  талап 
етіледі.  Себебі,  баланың  үйренуге  білуге  деген  құштарлығы  қалай  тез 
көтерілсе,  солай  тез  төмендеп  отыратыны  белгілі.  «Құзыреттілік»  термині 
аясында  қазақстандық  ғалымдар  Ж.Меңлібекованың,  Т.Е.Исаеваның 
Б.Т.Кенжебековтің,  А.Арғымбаеваның,  шет  елдік    Б.Д.Элькониннің,    М. 
Чошановтың,  А.В.Хуторскойдың,    Дж.Равеннің  еңбектерін  оқып  танысып, 
құзыреттілік ұғымының мәніне талдау жүргіздік. [6].    
Мәселен,    белгілі  ғалым  Г.Ж.Меңлібекованың    пікірі  бойынша, 
құзыреттілік  —  субъектінің  өзін  анықтай  білу  қабілеті,  әрекетті  басқару 
ретінде  нақты  әлеуметтік  білім  категорияларын,  әлеуметтік  болмысты 
толығымен  өзіне  біріктіретін  интегративті  қасиеті.  Ал  Т.Е.Исаева 
«құзыреттілік» ұғымын философиялық тұрғысында жеке тұлға құрылысында 
алатын  орны,  оның  дамуындағы  атқаратын  ролі,  өмір  әрекетінен  тәжірибе 
алуы,  әлемдік  мәдениет  деңгейіне  қатыстыру  және  өнегелі-этикалық 
байланысты меңгеруі немесе қабылдауы жағынан қарастырған. Б.Д.Эльконин 
құзыреттілік 
туралы 
көзқарасты  өз  еңбегінде  былай  көрсетеді: 
«құзыреттілік»  ұғымы  тек  танымдық  (когнитивтік)  және  технологиялық 
құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни 
оқыту  нәтижелерін  (білім,  білік,  дағды),  құндылық  бағдар  жүйелерін 
қамтиды;  құзыреттілік  –  алған  білім, білік,  тәжірибе  мінез-құлық  тәсілдерін 
нақты  жағдаятта,  нақты  іс-әрекет  жағдайында  жұмылдыру  қабілеті; 


261 
 
құзыреттілік  ұғымында  «нәтижеден»  қалыптасатын  білім  мазмұны 
интеграциясы;  құзыреттіліктер  тек  білім  беру  мекемелеріндегі  оқыту 
үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында 
да  қалыптасады.М.М.Чошанов  құзыреттілікті  білім,  білік,  дағдының  өзара 
байланысы  деп  қарап,  оның  төмендегідей  формуласын  ұсынады:  білімді 
қолданудың жылдамдығы, әдістердің оралымдылығы, ойлаудың сынаулығы. 
Қазақ тілінде  терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «құзыр» 
(компетенция)  деп  белгіленеді.  Ол  тапсырманы  орындауға  қабілеттілік 
немесе  бір  нәрсені  жасау;  Ал  түсіндірме  сөздіктерде  «құзыреттілік»  ұғымы 
құзырлықты басқарушы ретінде қарастырылады. [7].     
Шет  тілінде  құзыреттілік  «Competent»  сөзі  французша  «компетентті», 
«заңға  сай»,  латынша  «сай  болу»,  «қабілетті»,  «талап  қою»,  «жарамды», 
ағылшынша «қабілетті» деген мағыналарды білдіреді. Бүгінгі еліміздің білім 
жүйесінде  әлеуметтік,  экономикалық,  қоғамдық-саяси  өмірге  белсенді 
араласуға  дайын,  құзыретті  тұлғаны  қалыптастыруда  оқыту  үдерісін  тың 
идеяларға негізделген жалпы ұлттық деңгейдегі жаңа мазмұнмен қамтамасыз 
етуде  құзыреттілік  тұғырының  маңызы  зор  болуда.  [8].  «Құзыреттілік» 
ұғымы  мектепке  дейінгі  салада  бүлдіршіндердің  денсаулық  және  өмір 
ережелері,  әлеуметтік-ақпараттық,  тілдік-коммуникативтік,  танымдық  және 
шығармашылық  құзыреттіліктерін  қалыптастырумен  түсіндірілуде.  Бүгінгі 
мектепке дейінгі білім беру ұйымының нәтижелі еңбегі  ретінде мемлекеттік 
міндетті  білім  беру  стандарты  негізінде  бес  білім  беру  саласы  бойынша 
баланың  жан-жақтылығын  қалыптастыру  мен  арттыруы  деп  белгіленген. 
Оның ішінде Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының меншік нысаны 
мен  ведомствалық  бағыныстылығына  қарамастан  барлық  түрлерінде  білім 
беру  процесі  балаларды  мектепте  оқуға  табысты  дайындауға  сапалы  білім 
беру  қызметін  ұсынуға  бағытталған.  Аталған  мақсатты  іске  асыру  үшін 
келесі міндеттер айқындалған :  
- балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту
-  балаларды  жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарға  баулуды 
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы,  «Туған  жер»  кіші  бағдарламасы  аясында 
жүзеге асыру.[9].  
Осыған орай, баланың сапалы білім алуы Республикамыздың әрбір  сала 
бойынша  өтпелі  тақырыптар  негізінде  спиральді  түрде  білім  алып, 
танымдық-іскерлік  құзыреттілігінің  қалыптасатындығы  негізге  алынған. 
Балабақша  бүлдіршіндеріне  білім  беру  мен  тәрбиелеу  үрдісінде  барлық  бес 
білім  беру  саласы  бойынша  құзыреттіліктерін  арттыру,  олардың    алғашқы 
өмір  сатысындағы  өзіндік  жас  шағына  орай,  ақиқаттылық,  туған  өлкесінің 
табиғаты, 
еліміздің 
ұлттық 
мұраларын 
танып 
білуге, 
тарихи 
тұлғаларымыздың ерліктерімен таныса отырып, бейнелену үдерісін  арттыру 
болып  табылады.  Бүлдіршіндердің  құзыреттілігінің  артуы  барысында 
болмыстың  түрлі  қырлары,  қоршаған  дүниедегі  заттардың,  құбылыстардың 
сыртқы  жақтары  мен  мәні  ашылады,  сонымен  қоса  қалыптасқан 
құзыреттіліктер  қызметінің  субъектісі  –  бала    өзін-өзі  зерттейді.  Бала 


262 
 
бойындағы  шығармашылық  немесе  танымдық  құзыреттіліктер  қоршаған 
дүниені  және  ондағы  өзін  тануға  бағытталған  арнайы  түрін  меңгереді. 
Әсіресе  әлеуметтік  құзыреттіліктердің  басымдығында  бала  екі  негізгі  түрін 
меңгеріп,  жүзеге  асырады.  Ол:  өзін  қоршаған  дүниені  өзге  ақпараттық  
деректер арқылы таниды және болып жатқан оқиғаларды өзі көзімен көрген 
немесе  өзімен  болған  жағдайлардың  куәсі  болу  арқылы  таниды.  Өмір 
ережелері құзыреттілікерінде  баланың  сыртқы заттар мен құбылыстардың, 
олардың  адамға  қатынастарының  жүйесі  ретінде  бейнелеуінің,  қайшылыққа 
толы  күрделі  үдерісі  екендігін  түсінеді.  Әрбір  бала  бойындағы  өзінің  жас 
шамасы  аумағында  меңгерілген  құзыретіліктерімен    өзін  қоршаған  ортаны 
игереді ол туралы білімдерін үнемі толықтырып, тереңдетіп отырады. Өзінің 
өмір қажеттілігіне қатысты факторларды танып, оны функционалды сауатты  
түрде    бір  жүйемен  орындайды.  Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың 
функционалды  сауаттылығының    талаптары  қатарында  ұлттық  танымдық 
құзыреттілік қатар жүруі тиіс, себебі бала өзінің бұл әлемде кім екенін, қанай 
халық екенін ата-бабасының қалыптасқан салт-дәстүрін, шынайы болмысын 
білмей,  оны  қадірлеп  үйренбей  мемлекетіміздің  болашағы  кемел  жарқын 
қоғамының  мүшесі  бола  алмайтыны  белгілі.    Өйткені  балаға  тәрбиесі 
берілген  білім  Ұлы  данамыз  Әл  –  Фараби  айтқандай:  «Адамға  ең  бірінші 
білім  емес,  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас 
жауы» екендігін ұмытпағанымыз абзал [10].   
Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық танымдық 
құзыреттіліктерін  арттыру  –  баланың  қоршаған  орта  туралы  білімін, 
сенсорлық  мәдениетін,  оларды  қолдану  біліктілігін,  іскелік  дағдысын, 
өмірлік  тәжірибесінің  жиынтығын  құрап,  мектепке  қадам  басқан    шағында 
беделді,  алғыр,  зерек,  өзінің  туған  өлкесі  мен  ұлттық  салт-дәстүрінен 
сусындаған  оқушы  болып  ғана  қоймай,  білім  алу  мен  әлеуметтенудің  жаңа 
сатысына  қорқынышсыз  қадам  басатын  кішкентай  тұлға  қалыптастыруға 
әсерін  тигізеді.  Әрбір  бала  бойына  осындай  қасиеттерді  барынша  жинап 
қалыптасуында  педагог-тәрбиешінің  бағбан  тәріздес  екен  дәні-  берген 
тәрбиесі  мен  білімі,  зор  еңбегінен  шығатындығы    ақиқат.  Әрбір  едагог 
баланың  бойына  қандай  қасиет  ексе,  соның  жемісін  көретін  болады. 
Сондықтан  балаларға  ерте  жастан-ақ  бойында  өмір  тәжірибесін  үйретуде 
ұлттық танымдық құзыреттіліктерін арттыруға үлкен мән берілуі тиіс.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет