Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет115/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Елбасы мақаласы: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 2017 жылғы 12 сәуір  
2.  Интернет ресурстары 
3.  Латын әліпбиі : рухани тәуелсіздік жолы /Қазақ үні, 11 сәуір 2017 ж.  
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ- ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕНІҢ  БАСТАУЫ                                                                                                                                     
 
Тиленбаева Бакытгуль Кобеновна 
Шығыс қазақстан облысы, Күршім ауданы, Марқакөл ауылының 
балалар бақшасы МҚКК меңгерушісі 
                                                            
  Қай  заманда,  қандай  қоғамда  болмасын  адамзаттың    басты 
міндеттердің  бірі  –  ұрпақ  тәрбиесі.  Жан-жақты  жетілген,  ақыл  парасаты 
асқақ, мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың өзіндік өмірлік 
тәжірибесі  бар.  Мұндай  тәрбие  қазаққа  да  тән.  Қазіргі  аумалы-төкпелі 
заманда  қазақ  балаларын  тәрбиелеудің  ұлттық  негізі  тұғырлы  болуы  шарт. 
Сонда ғана тәрбие шынайы. Ұрпақ санасына елдік ұғымды ұялатып, ұлттық 
рухты сіңіре білсек бізді сең соқпасы анық.   Ол үшін әрине қазақ ұлтының 
ұрпақ  тәрбиелеудегі  мол  тәжірибесін,  жиған-тергенін,  озық  ойлары  мен 
өзіндік  ерекшеліктерін  кәдеге  жарату  қажет.  Қазақтың  да  осы  кезге  дейін 
өміршеңдігін  жоймаған  тәлім-тәрбие  тағылымы  бүгінгі  ұрпақтың  бой 
түзеуіне үлкен қуат. 
Мен  еліміздің  бір  тұлғасы  ретінде  заман  талабына  сай  көштен  қалмай 
соңғы  жаңалықтарға  көз  жүгіртіп,  назардан  тыс  қалдырмауға  тырысамын. 
Елбасымыздың    еліміздегі  рухани  жаңғырудың  тұжырымдамалық  бағдары 
қарапайым  азамат  түсінетін,  баршаға  ұғынықты,  бай  әрі  ықшам  тілмен 
жеткізілген. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің 
ең  озық  30  елінің  қатарына  кіру  болып  табылады.  Рухани  жаңғыру 
бағдарламасының  білім  саласына  қатысты  тұсы  -  келешек  ұрпақты  кемел 
білімге  сусындататын  үлкен  мүмкіндік.  «Білекті  бірді,  білімді  мыңды 
жығады»  деген  қазақ  мақалының  мән  -  маңызы  ешқашан  кемімек  емес. 


255 
 
Керісінше,  уақыт өтіп,  заман өзгерген  сайын халық нақылының құндылығы 
артып келе жатыр. Өйткені алдағы дәуір - нағыз білімділердің дәуірі болмақ. 
  Қазір  бәсекеден  тыс  қалған  бірде  -  бір  сала  жоқ.  Ал  барлық  саланың 
қарыштап  дамып,  өркендеп  өсуі  білім  мен  ғылымның  даму  қарқынына 
тәуелді.  Мұны  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында  ҚР 
Президенті Н. Назарбаев ерекше атап көрсетті. 
  Балабақша  ұжымы  да  өз  үлесімізді  қосу  мақсатында  білім  жолындағы 
тың  идеяларды  іздейміз.  Біздің  ең  биік  мақсатымыз  келешегі  кемел  білімді 
ұрпақ  тәрбиелеу.  Бала  бойына  сапалы  білім  мен  үлгілі  тәрбиені  сіңіру  - 
балабақшаның алдына қойған басты мақсаты деп білемін. 
  Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелеріндегі  тәрбие  мен  оқытуда 
бүлдіршіндердің  
Отансүйгіштік 
және 
патриотизмдік 
сезімдерінін 
қалыптастыру.  
  «Рухани  жаңғыру»  идеясы  балабақшадан  бастау  алғандықтан,  осы 
идеяға  сәйкес  іс-шаралар  жоспарлы  түрде  іске  асырылуда.   Жас 
жеткіншектерді  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  -  бүгінгі  әлемнің  күрделі 
тынысында негізгі мәселелердің бірі болып табылады.  
  Рухани  жаңғыру  идеясын  іске  асыру  баршақазақстандықтарға, әсіресе, 
бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін 
төмендегі құндылықтарды орындауымыз керек: 
  Бірінші  –  ата-анасын  қадірлейтін,  Отанын  сүйетін  бала  тәрбиелеу, 
екінші  –  қазақтілін,  тарихын,  мәдениетін,  салт-дәстүрін  білетін,  оны 
дамытатын  ұрпақтәрбиелеу,  үшінші  –  халықтар  достығын  қастерлейтін,  ел 
бірлігін сақтайтын ұл-қыз өсіру.  
  Қазіргі  кезеңде  ұлттық  патриотизмнің  басты  көрінісі  –  қазақтың  ана 
тілінде  сөйлеуі,  жас  жеткіншектерге  ұлттық  тәрбие  беру,  ізет,  құрмет, 
қайырым,  мейірім  сезімдерін  дамыту.  Өз  халқын  сүйіп,  оның  болашағын 
ойлаған адам басқа халыққа да солай қарайды.  
   Балалық шақ – әр адамның есте қалатын қызықты сәттері. Кез келген 
адамның балалық шағы әрине, балабақшадан бастау алады. 
Сондықтан,  балалардың  балабақшадағы  балалық  шағын  қызықты  етіп 
өткізу,  олардың  ойын,  тілін  дамыту  –  біздің  қолымызда.  Балалық  шақ 
баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы. Баланың сөз 
әдебі,  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы  осы  мектепке  дейінгі  жас 
шағында  қалыптасады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  түсінгенін, 
қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді. Сондықтан бала 
тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн. Сыпайы, келісті сөз баланың 
абыройын  арттырады,  жақтастарын  көбейтеді,  көптің  ықыласына  бөлейді. 
Таза  мәнерлі  тіл  -  ойлау  жемісі.  Баланы  ана  тілінде  дұрыс  сөйлеуге  үйрету 
арқылы олардың бойында тілдік мәдениеті қалыптасады. 
  Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, 
тұтас  бірұлттың  бүгіні  мен  ертеңін  жалғастыратын  алтын  көпірі,  асыл 
мұраты  іспеттес.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  білім  сапасын  арттыру  -  аса 


256 
 
маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту - басты 
міндет болып табылады.  
  Ұлттық  бірегейлікті  сақтау  Ұлттық  жаңғыру  деген  ұғымның  өзі 
ұлттық  сананың  кемелденуін  білдіреді.  Оның  екі  қыры  бар.  Біріншіден, 
ұлттық  сана-сезімнің  көкжиегін  кеңейту.  Екіншіден,  ұлттық  болмыстың 
өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. [2, 5 бет] 
  Біріншіден,  білім  мен  тәрбие  беруге  арналған  дамытушы  ортаны 
жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен 
құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.  
  Екіншіден,  тәрбие  мекемесінің  басшысы  мен  тәрбиеші  педагогтар 
қауымы кәсіби шеберліктерінүнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл 
бөліп,  ұжымның  шығармашылық  бағыт-бағдарын  айқындап,  оны  жүзеге 
асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың 
тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-
тілектерін  қанағаттандыру  және  білім  мен  тәрбиенің  балаға  берілген  үрдісі 
жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте 
маңызды.  
  Үшіншіден,  балабақшада  еңбек  етуге  толық  жағдай  жасалып, 
тәрбиелеу  мен  білім  берудің  технологияларын  сауатты  меңгеріп,  жаңа 
педагогикалық  әдіс-тәсілдер  жүйесінкәсіби  шеберлікпен  игеріп,  оны 
тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отыру қажет.  
  Қазіргі  таңда  білім  беру  саласында  мектепке  дейінгі  білім  беру 
мекемелері рухани-адамгершілік ұстанымдарына негізделген кешенді тәрбие 
бағдарламасы  бойынша  әр  түрлі  іс-шараларды  жоспарлы  түрде  жүргізіп 
келеді. Осындай ұстанымда бағдарлы жұмыс атқарып келе жатқан – « ШҚО. 
Күршім ауданы Марқакөл ауылының балалар бақшасы» КМҚК. 
Мекемеде  4  топ  қазақ  тілінде  тәрбие  алады.  Балабақшада  оқу-тәрбие 
процесіне  қажетті  жағдайлар  толық  жасалған,  өткізілетін  ертеңгіліктер  мен  
оқу қызметтері  бала дамуына, денсаулығына зор ықпал етеді. 
  Біздің  мектепке  дейінгі  мекемедегі  жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі  басты 
мақсат  -  отансүйгіш,  жоғары  адамгершілік  құндылықтары  бар,  бәсекеге 
қабілетті, жан-жақты дамыған, ұлтжанды азаматты тәрбиелеу.  
Президентіміздің  бағыт-бағдарына  орай  балабақшамызда  педагогтар 
«Тәуелсіздік  теңдесі  жоқ  байлық!»,  «Тәуелсіздік  –рухы  күшті  ғажап  күн» 
тақырыптарында  ашық  ұйымдастырылған  оқу  қызметтерін  өткізді. 
Өткізілген  оқу  қызметтері  балаларға  өз  Отанын  сүюге,  бойларына 
адамгершілік қасиетін дарытуға, патриотизмді қалыптастыруға, туған жерін, 
ата-анасын қадірлеуге бағытталған. Сондай-ақ мерекелік ертеңгіліктер:  «Елі 
сүйген,  Елін  сүйген  Елбасы»,  «Әлемге  танылған  -  Тәуелсіз  Қазақстан» 
тақырыбында өткізіліп тұрады. 
  Егемен  еліміздің  дүние  жүзі  елдерімен  терезесі  тең  болуы  үшін 
жастарымыз  білімді,  жан-жақты,  дарынды  да  қабілетті  болуы  шарт.  Жас 
жеткіншектердің 
ешкімге 
ұқсамайтын 
даралығын, 
шеберлігін, 
шығармашылығын 
дамыту, 
оны 
жарыққа 
шығару 
жолында 


257 
 
балабақшамыздағы  бүлдіршіндер  әр  түрлі  жарыстар  мен  сайыстарға,  ашық 
сабақтарға, тәрбие сағаттарына белсене қатысып отырады.  
  Сонымен  қатар,  әрбір  бүлдіршіндердің   жеке  дара  ерекше  қабілетін 
дамыту мақсатында интеллектуалды ойын бағдарламалары өткізіліп тұрады. 
Балабақшамызда  заман  талабына  сай,  талғамы  жоғары,  өз  мамандығының 
қыр-сырына қанық, тәжірибелі мамандар  – тәрбиешілер шығармашылықпен 
жұмысатқарады.  «Адам  баласының  жаман  құлқы  жаратылысынан  емес, 
өскен  орта,  көрген  үлгі,  өнеге  білетіндігінен...Көпшілікті  адамгершілікке 
тәрбиелеу  үшін,  жасбуынды  жақсылап  тәрбиелеу  керек»  деген  Мұхтар 
Әуезовтің даналық сөзі әрдайымұжымның ұстанымында.  
  Болашақта  ел  тізгінін  ұстар  азаматтар  –  бүгінгі  балабақша 
бүлдіршіндері,  баланың  бала  шақтан  болашаққа  қадам  басуы  балабақшадан 
басталады. 
Бүгінгі 
таңдағы 
баршамыздың 
міндетіміз 
– 
әдет- 
ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді жандандарып, ұлттық сана-сезімі жоғары 
деңгейдегі ұрпақ өсіру.  
  Балабақшада  «Рухани  жаңғыру»  идеясы   аясында  бүлдіршіндерге 
бабалардың  ерлік  істерін,  ата-бабаларымыз  қолданған  бұйымдарды 
насихаттап  отырып,  балалардың  өз  ойларын  айтқызу,  бала  қиялын 
шарықтатып, отаншылдыққа баулу – педагогтардың міндеті және парызы.  
  ХХІ  ғасыр  –  білімділер  ғасыры  болғандықтан,  бүгінгі  таңда 
заманымызға  сай  зерделі,  ой-өрісі  жоғары,  жан-жақты  дамыған  ұрпақ 
қалыптастыру  –  мемлекетіміздің  алға  қойған  аса  маңызды  міндеті  болып 
тұр.  
   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде 
оларға жастайынан имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, 
тәрбиелесек сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса 
алатын  азамат  өсіре  аламыз»  -  деген  сөзін  басшылыққа  алған  біздің 
балабақша  ұжымы  бүгінгі  таңда  білім  мен  тәрбие  жұмысын  дамыту, 
өркендету барысында жұмыс жасап келеді. [2, 2 бет] 
  Баланы    ұлттық  құндылықтарға  тәрбиелеуде  мектепке  дейінгі 
ұйымдарда  тәрбие  бағытындағы   жұмыстар  жүйелі  жоспарланып  жүргізілсе 
бала тәрбиесіне қосқан үлесіміз де зор болмақ.  
   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет