Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы



Pdf көрінісі
бет25/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы 
 
                     Қазіргі  заманда  жалпы  әлемге  ортақ  адамзаттың  бірлігі  өлшеусіз 
жетіліп келеді, жалпы тағдыр және жалпы жауапкершілікпен бірлескен жаңа 
жүйе  қағидасы  дамуда.  Сонда  да  бірқатар  өзекті  мәселелер  туындап, 
жалпыәлемдік    өткір    мәселелерді  ұғындыратын,  халықаралық  әрекет  етуде 
өз  шешімімен  келісуін  талап  ететін,  барлық  адамдардың  өмірлік 
қызығушылығына  түрткі  болатын    -    «қазіргі  жаһандық  мәселелер»  деген 
атау алды. Қазіргі кезеңде адамзат дамуында жаһандық мәселелер тіршіліктің 
барлық  деңгейлерінде  түрлі  дағдарысқа  тірелді.  Осының  бәрі  адамзатқа 
дамудың  жаңа  жолын  іздестіруді  талап  етеді.  Бұл  мәселелердің  шешімі  – 
рухани-адамгершілік білім. 
Білім  -  ғылымның  іргетасы  және  мемлекет  дамуының  алтын  арқауы 
екеніне ешкім де күмән келтірмейді. Бүгінгі білім алушы балалар уақыт өте 
келе  елдің  және  жаңа  заман  тағдырының  жасампаздары  болатынын  нық 
сеніммен  айтуға  болады.  Бірақ,  осы  тұста  «жауабы  тек  біреу  ғана  болатын 
сұрақтай» сұрақтар туындайды. Олар қандай білім? Сол білімді алып ұшқан 
жасөспірім қандай болмақ?... 
Білім тек адамның өмір сүруі үшін ғана емес, ол тіршілік үшін, өмірді 
толық,  мәнді  және  терең  түсініп  сүру  үшін  қажет.  Жаһандық  мәселелердің 
шешімі бар ма? Өмірді білім арқылы толық, мәнді, мағыналы етуге бола ма? 
Болады. Жолы – жеткіншектерге тұтастай білім беру. Тұтастай білім беру  – 
білім берудің екі аспектісі: зияткерлік білім (сыртқы білім, ақыл үшін) және 
рухани-адамгершілік  білімнің  (ішкі  білім,  жүрек  үшін)  әдемі  бір  үйлесімде 
бірге  жүзеге  асырылуы.  Зияткерлік  білім  керек  оқушының  ақылы  үшін,  ал 
сол  білімді  өмірде  тиімді  қолдана  білуде  жүрек  үшін  де  керек  білім  қажет. 
Д.И.Менделеев:  «Ізгілігі  жоқ  адамға  берілген  білім  –  ақымақтың  қолына 
ұстатқан қылышпен тең» дегендей, адамның екі-үш дипломы бар, зияткерлік 
білімі  жоғары,  бірақ  ол  рухани-адамгершілік  білімнен  алыста  болса,  оның 
алған  білімі  де,  өмірі  де  толыққанды  мәнді  де,  сәнді  де  болмас.  Адамның 
өмірінде зияткерлік білімнің алатын орны бар, бірақ, өкінішке орай, бұл білім 
жоғары  әлеуметтік  мәртебеге  және  материалдық  құндылықтарға  қол 
жеткізуге  бағыттайды,  алайда  жақсы  табыс  пен  жетістікке  қалай  қол 
жеткізуге  болады,  бұл  білім  бізге  шынайы,  мәңгі  бақыт  әкеле  ме  немесе 


31 
 
уақытша  ма,  адамның  шынайы,  басты  бақыты  туралы  ойланып,  толғануға 
жеткілікті дәрежеде үйретпейді. Зияткерлік білімді барынша меңгеріп, алайда 
руханият,  өмірдің  мәні,  мәңгілік  жалпыадамзаттық  құндылықтар, 
мейірімділік,  шынайылық,  адалдық,  қайырымдылық,  қанағат  жайлы 
ойланбаған  адам  өзін  бақытты  сезіне  алмайды.  Қазіргі  таңда  жеке 
материалдық  әл-ауқатқа,  зияткерлік  дамуға  және  жоғары  әлеуметтік 
мәртебеге  талпыну  бағытында  шынайы  болмысынан  тайып,  мәңгілік 
құндылықтарға  емес,  уақытша  құндылықтарға  бағдарланып,  ақиқатын 
ұмытып  жүрген  рух  иелері  айқын  байқалады.  Бұл  –  руханилықтың  ұмыт 
болып бара жатырғандығының көрінісі.  
Осы  заманның  жаһандық  мәселелері  –  экономикалық,  саяси  немесе 
ғылыми  мәселелер  емес,  ең  алдымен  рухани-адамгершілік  мәселелері.  Бұл 
мәселелердің  шешімі  адамзаттың  ішкі  жан  дүниесіндегі  өзгерісте, 
адамдардың  материалдық  игіліктен,  рухани-адамгершілік  құндылықтарға 
қайта  бағдарлану,  рухани  өзін-өзі  кемелдендіруге  қайта  бағдарлау  болып 
табылады.  Бұл  жағдайлардың  негізінде  қазіргі  таңда  білім  берудің  мақсаты 
мен басым бағыттарына ерекше назар аудару қажеттілігі туралы қорытынды 
жасауға  мүмкіндік  береді.  Осы  тұста  біз  зияткерлік  біліммен  қатар  рухани-
адамгершілік  білімнің  өзара  әдемі  үйлесімінің  маңыздылығын,  орнын  анық 
байқауға  болады.  Білім  беру  үдерісінде  бала  тұлғасының  физикалық  және 
зияткерлік  аспектілерін  дамытып  қана  қоймай,  баланың  жоғары  рухани-
адамгершілік табиғатын ашу керек.  
Рухани-адамгершілік  білімнің  маңыздылығы  жайында  ұлы  қазақ 
классиктері  де  айтқан  болатын.  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  ғалымдарға 
«Адамды  тәрбиелеу  үдерісіне  Ар-ұждан  ілімін  енгізу  қажет.  Бұл  туралы 
ғалымдар  ойлануы  тиіс.  Олар  бұл  ілімді  баршаға  міндетті  пән  ретінде 
әзірлеулері  керек»  деп,  оның  барлық  білім  беру  ұйымдарына  міндетті  пән 
ретінде енгізу жөнінде айтқан екен.  
Қазақстанның  барлық  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  көп  ғасырлық 
халық  педагогикасына  және  балаларды  мәңгілік  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  оқытуға  негізделген  «Өзін-өзі  тану»  пәні  сабағы  өткізілуде. 
Ол – ар-ұждан сабағы болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні адамға шынайы 
бақытқа,  өзін-өзі  тану  мен  ішкі  тыныштыққа  жетуге  мүмкіндік  береді, 
мінездің кемелденуін және тұтастай үйлесімді тұлғаның дамуын қамтамасыз 
етеді. 
Балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары 
рухани-игіліктерді  нығайтудың,  кемел  мінез  бен  адамгершілік  қасиеттері 
жарқыраған азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.  
Балалар  мен  жеткіншектерден  бөлек,  ересек,  саналы,  білім  беру 
ұйымдарының  пән  мұғалімдеріне  арналған  қысқа  мерзімді  біліктілікті 
арттыру курстарында да рухани-адамгершілік білім туралы дәрістер міндетті 
дәріс  ретінде  де  оқытылып,  рухани-адамгершілік  білім  мен  тәрбие  беру 
бағытындағы  көптеген  шаралардың  ұйымдастырылып,  жүзеге  асырылу 
үдерістері  қуантады.  Себебі,  балалар  айтқанды  емес,  көргенді  қайталайды, 


32 
 
жасайды.  Дәлірек  айтқанда,  рухани-адамгершілік  білім  беру  үдерісі 
мұғалімнің  де  ойы,  сөзі  және  ісі  бірлікте  болғанда  ғана  табысты,  нәтижелі 
болады. Ұстаздың ойы мен сөзі және жасаған істері біріне-бірі қарама-қарсы 
болатын болса, оның басқа әрекеттерінен нәтиже шықпайды. Егер мұғалімнің 
рухани-адамгершілік  және  зияткерлік  білімі  бар,  шынайы  болмысынан 
таймай,  таза  болса,  мыңдаған  бала  бойынан  мәңгілік  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  жарыққа  шығарып,  адамгершілік  қасиеттерді  дамытып, 
ұлтымыз мейірімді, қайырымды мінез-құлыққа ие білімді мыңдаған  
ұл-қыздарға  кенеледі.  «Өзін-өзі  тану»  пәнін  білім  беру  ұйымдарының 
тұтастай  педагогикалық  үдерісіне  интеграциялау  арқылы  да  балалардың, 
педагогтардың  және  ата-аналардың  да  өмірін  құндылықтармен  байытып, 
жоғары ішкі мағынамен толықтыруға мүмкіндік береді.  
«Үдеріс нәтижеден де маңызды» деген Лао-Цзының (б.д.д. VII-VI ғ.ғ.) 
айтқан сөзін басшылыққа ала отырып, қорытынды жасауға болады. Көпшілік 
халық  нәтижеге ұмтылады,  алайда  нәтиженің  қандай  болуы  үдерістің  қалай 
жүзеге асырылуына байланысты. Біз бүкіл адамзат қауымы білім мен өмірді 
әдемі  бір  үйлесімге  біріктіру  мақсатында  ұйымдастырылып,  жүзеге 
асырылып  жатырған  жұмыстарды,  яғни  оқушыларға  рухани-адамгершілік 
білім  мен  зияткерлік  білімдерді  құстың  қос  қанатындай  қатар  бірге  оқу 
пәндері  рухани-адамгершілік  біліммен  интеграцияланған  үдеріс  әрі  қарай 
терең оқытылып,  жүзеге асырылып,  сол  үдеріске  бірінші кезекте мән  беріп, 
соның маңыздылығын жете түсінсе – жарқын болашақ болары сөзсіз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет