37
айтылады. Ойында ежелгі заман көріністері молынан сақталу себебі, олар
халқымыздың ізгі қасиеттеріне шаруашылық кәсібіне этикалық және
эстетикалық дәстүріне тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы болды.
Балалардың көпшілік ортасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда жол
табудың, қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектебі де осы ойындар
болды десек асыра айтқандық емес[5.49б.].
Алтыбақан. Алтыбақан осы күнгі демалыс парктерінде әткеншекке өте
ұқсас. Алтыбақан аталу себебі үш-үштен алтыбақанның басы мықты
арқанмен буылып, байланыстырылады да, бір-біріне қарама-қарсы
орнатылады. Бақандардың арасы арқанмен керіліп, ортасына екі немесе
бірнеше адам отыратын орын жасалады. Алтыбақан тебушілер бірін-бірі
ізетпен тосып, қарапайым өлеңмен әзіл-шынды араластырып, көңіл сырын
шертеді. Алтыбақанда
жаңылтпаш, жұмбақ ойындары да орындалады
Ақсерек-көксерек. Бұл ойынға қатысушылар екі топқа (командаға)
бөлінеді. Бір –біріне қарама-қарсы тұрады. Екі жақта «тұтқындар» үшін
арнаулы шеңбер сызады. Ақсерек-көксерек варианттары көп. Бұл ойынның
барлық түрлері де эстафеталық ойындарына ағайындас. Балалардың жан-
жақты шынығуына, жүйрік болуына
әсер етеді, тапқырлыққа тәрбиелейді.
Қыз қуу.Қазақ халқының өмірінде жылқы түлегі үлкен орын
алғандықтан ат спорты ғана емес, атпен өткізілетін ойындар да ел арасында
көп тараған. Солардың қатарына қыз қуу, теғге ілу, салма ілу, жатады. Қазақ
жастары, әсіресе, қыз қууды құмарта ойнайды. Қазіргі күндері бұл ұлттық
ойындарымыздың ішінде ерекше орын алған десек артық айтқандық емес.
Бұл көбінесе мереке, тойларда жастарымыздың сүйікті ойындары болып қала
бермек. Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға
мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метр тоніс, топырағы жұмсақ,
ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері балаңның бір
маңдайында болады. Ал екінші маңдайында қатысушылар орағатып өту үшін
қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады.
Жарыс жекелей және қомандалық есеп бойынша өткізіледі. Команда
болғанда қыздар мен жігіттер саны тең болуы қажет. Төрешінің бірінші
белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып шабысқа дайындалады.
Келесі белгіде олардың екеуіде аттарының басын жіберіп шаба жөнеледі.
Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, оның жең ұшына
ілінген орамалды
ілгері алып қашу керек. Егре жігіт қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға
жеткізбесе, онда – жеңгені, ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын әйтпесе
өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді.Жарысқа
қатынасушыға бір – бірінің атын тоқтатуға алаңнан сыртқа шығуға,
қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді[6.86б.].
Салма ілу. Салма ілу ойынын ойнар алдында жер қазып оған қошқар
немесе тайыншаның денесі тасталады. Қазіргі кезде қапа буылған ауыр
затты да тастауға болады. Жігіттер атпен шауып келе жатып, салманы іліп
алып кетуге тиіс. Аттың қарқынын бәсеңдетіп тізгінін тартуға болмайды. Бұл
39
Қорытындылай келгенде, халықтың ұлттық ойындары елдің өмірімен
тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік
тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі
құнды. Ұлт ойындары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, жалғасын тауып бізге
жеткен, оның өткені мен бүгінін байланыстыру –жетілдіру, дамыту,
пайдамызға асыру бүгінгі ұрпақ міндеті. Ұлттық ойындарды бір жүйеге
келтіріп, топтап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жіктеп, жоғары
әдістемелік тұрғыдан ұйымдастырсақ және оларды ұлттық ойындарды
мектептерде қолдана білуге дағдыландырсақ, нәтижелі межелерге жеткен
болар едік.
Бүгінгімен болашақ ұрпақтарымыздың сол мұраны үйрене отырып,
халқымыздың психологиялық болмысына көз жүгіртіп, дәстүрлер жалғасын
байланыстырады деген сенімдеміз.
Достарыңызбен бөлісу: