3
КІРІСПЕ
«…
біз бастаған ауқымды түрленулер қоғамдық сананы озық
жаңғыртумен ілесіп жүргізілуі тиіс. Бұл саяси және экономикалық
жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»
Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласы – ол 2050 жылға дейін
әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай
мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және
құқықтық түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын
бағдарламалық мақала.
Бұл мақсатқа бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы жету
мүмкін емес. Әлемдегі заманауи экономикалық, әскери-саяси ахуалды ескере
отырып, қоғамдық сананы жаңғырту – бұл өмірлік маңызы бар және қажетті
қадам.
Рухани жаңғыру – ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының, тарихымызды
сақтаудың, тұлғаларымызды танытудың, өткенімізді білудің, болашаққа
бағдардың, келешекке кемел ғибратты із қалдырудың мәйегі болатын
бастама.
Бұл бүгіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері ретінде Алаш
зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп аңсауы ұлт
тәуелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі ХХІ ғасыр қазақ
халқы үшін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған
уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында өзгенің
жетегінде кетпес үшін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының жарқын
өмір сүруі, сол үшін істеген бүгінгі қызметімізге байланысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы
қоғамның рухани жаңғыруы, әр адам санасының жаңғыруына қатысты
бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің
салтанат құруы, революциялық емес эволюциялық жолмен даму, сананың
ашықтығы бағыттары алға қойған қадамымыздың нақты көрінісі екені сөзсіз.
Әлемнің жылдам өзгеруі жағдайында, техника мен инновацияның
дамыған кезінде адами капитал сапасы мен бүкіл халықтың бәсекеге
қабілеттілеттігі маңызды. Бұл күнде адам ресурстары мен технология
арасындағы алшақтық басым көрініс табуда. Оны алдын алу мен шешудің бір
жолы – қоғамның бірлескен күшінің жұмылуы екені сөзсіз. Бұл дегеніміз –
қоғамдық сананы жаңғырта отырып, бәсекеге төтеп беру, жүріп өткен
жолымыздан сабақ ала отырып қадам жасау, бағытымыздың анықтығын
айқындау, рухани құндылықтарды жаңғырту болмақ. Ал рухани
құндылықтар туралы философия ғылымының докторы, мәдениеттанушы