Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет6/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Кең  педагогикалық  мағынада  қарастырылғанда,  тәрбие  деп  арнайы  білім 
беру  ұйымының  мақсатты  бағытталған  оқу-тәрбие  үрдісі  түсіндіріледі. 
Мектеп әлеуметтік ортаны зерттейді және осы ортаға педагогтар, ата-аналар, 
балалар,  яғни  адам  арқылы  ықпал  етеді.  Мектептің  әлеуметтік  ортаны 
сауықтырудағы қызметі міне осында. 

 
Тар  педагогикалық  мағынада,  нақты  оқу  орнының  оқушылармен  өткізетін 
тәрбие жұмысының жүйесі ретінде қарастырылады.  
       Осы  үш  бағыттағы  мазмұн  бойынша  тыңдаушылармен  жүргізілетін 
жұмыстар  алуан  түрлі.  Басшы  қызметкерлер  өз  ұйымының    әлеуметтік, 
қоғамдық  ұйымдармен  байланысын,  БАҚ  жарияланымдары  мен  педагогтар, 
ата-аналармен  жүргізілген  іс-шаралар,  сондай  –  ақ  оқушылармен  тәрбие 
жұмыстары  бойынша  тәжірибелерін  ортаға  салуды  курс  аясында  жүзеге 
асырады.  
       Ағымдағы  жылдың  26  қыркүйегінде  институтымызда  Тәрбие  және 
тұлғаны  әлеуметтендіру  кафедрасының  ұйымдастыруымен  ««Рухани 
жаңғыру – ұлттық білім беру мен ұлттық сананың жаңа белесі» тақырыбында 
Республикалық  ғылыми-практикалық  конференция  өткізілді.  Еліміздің  әр 
аймағынан  келген    педагогтардың  өзара  тәжірибе  алмасып,  тұлға 
тәрбиелеудегі  ұсыныстары  мен  идеяларын  ортаға  салуы  педагогтардың 
ізденісті  шығармашылығын  көрсетті.  Конференцияға  қатысушы    Астана 



 
қаласы,  №65  мектеп-гимназиясы  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі 
орынбасары  Ақылбай  Дулат  конференция  туралы  өз  әсерімен  бөлісіп,  
видеосұхбат  бергенде  ойын  былайша  түйіндеді:  «Әріптестерімнің  өз 
тәжірибелерімен  бөліскені  конференция  барысында  маған  үлкен  әсер 
қалдырды.  Өз  жұмысыма  да  бағыт-бағдар  алдым.  Курс  аясында  өткізілген 
осы  іс-шарадан  ұлттық  құндылықтарымызды  дәріптеуде,  бүкіл  әлемге  паш 
етуде  педагогтармен,  ата-аналармен,    оқушылармен  тәрбиелік  жұмысты 
тиімді  ұйымдастырудың  жолдарын  талқыладық.  Мектебімізге  оралған  соң, 
осы  бағыттағы  жұмыстарымызды  тереңдетеміз.  Әр  аймақта  осы  жұмыстар 
жалғасын табуы тиіс   деп ойлаймын». 
      Елбасының  елдің  дамуына  үлкен  серпін  берген  осы  мақаласындағы 
«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі 
керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым 
бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен 
биік  қоятын  ұлт  қана  табысқа  жетеді»  деген    ойы  педагогтар  қауымының  
ұрпақ алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі. 
        Осы бағыттардағы идеялар еліміздің барлық аймақтарындағы білім беру 
ұйымдарында  кеңінен  жүзеге  асырылып  жатыр.  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасының  жалғасы  ретінде  алдымызға  тың  идеялар  мен  жобалар 
ұсынылған    2018  жылдың  21  қарашасында  Елбасының  "Ұлы  даланың  жеті 
қыры" атты мақаласы жарияланды.  Зор мәдени, тарихи жетістіктер шоғырын 
құрайтын  ұлы  даланың  жеті  қыры    мақаланың  «Ұлт  тарихындағы  кеңістік 
пен уақыт» деп аталатын 1 бөлімінде сипатталған: атқа міну мәдениеті, ұлы 
даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, ұлы 
Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Ал «Тарихи сананы 
жаңғырту»  деп  аталатын  ІІ  бөлімінде  ел  мұрасын  насихаттаудың  нақты 
мақсатты  жобалары  белгіленген:  архив  –  2025,  ұлы  даланың  ұлы  есімдері, 
түркі әлемінің генезисі, ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, 
дала  фольклоры  мен  музыкасының  мың  жылы,  тарихтың  кино  өнері  мен 
телевизиядағы көрінісі. 
Нақтырақ  тоқталсақ,  ел  көлемінде  жүзеге  асырылатын  жобалар  тарихымыз, 
мәдениетіміз  бен  ұлттық  мұрамызды  насихаттаудың  басыт  қадамдарын 
айқын белгілеген. 
  «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау. 
  Мектептер 
мен 
барлық 
өңірлердегі 
өлкетану 
музейлерінің 
жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру.  
  Ашық  аспан  астында  ескерткіш-мүсіндер  қойылатын «Ұлы  даланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет