Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


І БАҒЫТ. БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІБИ



Pdf көрінісі
бет4/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

І БАҒЫТ. БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІБИ 
ШЕБЕРЛІК ТӘЖІРИБЕЛЕР, ИННОВАЦИЯЛАР 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ 
 
Маханбетова Ағима Әбілқызы,  
педагогика ғылымдарының кандидаты,  
«Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны 
әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы 
            
«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу 
 – біздің қанымызда бар қасиет». 
Н.Ә.Назарбаев 
 
             Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласы 
халқымыздың  тарихындағы  терең  мағыналы  бағдарламаға  айналғаны 
баршамызға  аян.  Елбасымыз  «Мәңгілік  ел»  болуға  қадам  басқан  тәуелсіз 
еліміздің  ұлттық  кодын  сақтаған,  яғни  ата-бабаларымыздан  қалған  ұлттық 
мәдениетіміз  бен  әдебиетімізді,  ғасырлар  бойы  тарихымызда  сақталған, 
қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлерін, тіліміз бен дінімізді, әдебиетімізді, ұлттық рухымызды дәріптеу, 
осы ұлттық  құндылықтарымызды өн  бойына  сіңіре  білген,  білімді,  бәсекеге 
қабілетті,  саналы ұрпақты тәрбиелеу міндетін алға қояды. 
       Елбасының  «Біртұтас  Ұлт  болу  үшін  болашаққа  қалай  қадам 
басатынымыз  және  бұқаралық  сананы  қалай  өзгертетініміз  туралы»  ортаға 
салған көзқарастарындағы алты бағыттың тәрбиелік мазмұнына тоқталайық.  
        Ең  алдымен  ұлттық  санамызды  жаңғыртуда  ұлттық  кодты  сақтау  ең 
басты шарт болып саналады. «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан 
нәр  ала  алмаса,  ол  адасуға  бастайды».  Сондықтан  да    білім  беру 
ұйымдарында  оқу-тәрбие    үдерісінде    тағылымы  мол  тарихы  мен ерте 
заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау кең көлемде 
жүзеге асырылады. 
         Біздің  әрқайсымыздың  елдің  дамуына  қосар  үлесіміздің    мазмұндық 
бағдарын белгілеген осы бағдарламаның бағыттарына тоқталайық. 
1. 
Бәсекелік қабілет 
«Болашақта  ұлттың  табысты  болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес, 
адамдарының  бәсекелік  қабілетімен  айқындалады.  Сол  себепті,  «Цифрлы 
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» 
сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша  қазақстандықтарды  ХХІ 
ғасырдың  талаптарына  даярлаудың  қамы»,-  деп  атап  көрсетеді  Елбасы.  Бұл 
қазіргі  кезеңде  әрбір  білім  беру  ұйымында  жүзеге  асырылып  жатқан 
ауқымды жұмыстардан көрініс табуда. 
2. Прагматизм 



 
«Прагматизм  –  өзіңнің  ұлттық  және  жеке  байлығыңды  нақты  білу,  оны 
үнемді  пайдаланып,  соған  сәйкес  болашағыңды  жоспарлай  алу, 
ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол  бермеу 
деген сөз». Бұл оқушының алдына нақты мақсат қоюына, кәсібін таңдауына, 
салауатты  өмір  салтын  ұстануына  бағыт  беретін  тәрбиелік  іс-шаралар 
мазмұнын  қамтиды. 
3.   Ұлттық бірегейлікті сақтау 
«Ұлттық 
салт-дәстүрлеріміз, 
тіліміз 
бен 
музыкамыз, 
әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі 
қалуға  тиіс».  Бұл  әр  адамның  бойында  өз  ұлтына,  тіліне,  тарихына, 
мәдениетіне,  дініне  деген  құрмет  сезімін  тереңдетуді  көздейді.  Мән  беретін 
екі нәрсе атап көрсетілген.  
Біріншісі  –  ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет  сақталмаса,  ешқандай  жаңғыру 
болмайды.  Бұл  әр  қазақтың  ұлттық  тілін,  бейнесін,  мәдениетін  сақтауы.  Өз 
ұлтының  өзіндік  қайталанбас  ерекшеліктерін,  дәстүрін  ұрпақтан-ұрпаққа 
өнеге етуі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет