Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет77/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
 
 
 
 
 
 


151 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ – ӨМІР ТАЛАБЫ  
 
Жуманова Райхан Муратовна 
Исмайлова Уркия Курбантаевна 
 
«Өрлеу» БАҰО  АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы 
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 
«Инновациялық технологиялар мен  жаратылыстану-ғылыми 
(гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ғылыми 
дәрежесіз аға оқытушылары 
 
ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев:  «Қайта  түлеудің  айрықша  маңызды  екі 
процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің 
мақсатымыз  айқын,  бағытымыз  белгілі,  ол  –  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің 
қатарына  қосылу.  Аталған  екі  жаңғыру  процесінің  де  нақты  мақсат-
міндеттері,  басымдықтары  мен  оған  жеткізетін  жолдары  бар.  Мен  көздеген 
жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына 
сенімдімін.  Бірақ,  ойлағанымыз  орындалу  үшін  мұның  өзі  жеткіліксіз. 
Мақсатқа  жету  үшін  біздің  санамыз  ісімізден  озып  жүруі,  яғни  одан  бұрын 
жаңғырып  отыруы  тиіс.  Бұл  саяси  және  экономикалық  жаңғыруларды 
толықтырып  қана  қоймай,  олардың  өзегіне  айналады.  Рухани  жаңғыру  тек 
бүгін басталатын жұмыс емес. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – 
сол  ұлттық  кодыңды  сақтай  білу.  Онсыз  жаңғыру  дегеніңіздің  құр 
жаңғырыққа  айналуы  оп-оңай.     Бірақ,  ұлттық  кодымды  сақтаймын  деп 
бойыңдағы  жақсы  мен  жаманның  бәрін,  яғни  болашаққа  сенімді  нығайтып, 
алға  бастайтын  қасиеттерді  де,  кежегесі  кері  тартып  тұратын,  аяқтан 
шалатын  әдеттерді  де  ұлттық  сананың  аясында  сүрлеп  қоюға  болмайтыны 
айдан  анық.     Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық 
дәстүрлерге  шекеден  қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей 
өткен  озық   дәстүрлерді  табысты  жаңғырудың  маңызды  алғышарттарына 
айналдыра  білу  қажет.  Егер  жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр 
ала  алмаса,  ол  адасуға  бастайды.  Сонымен  бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық 
сананың  түрлі  полюстерін  қиыннан  қиыстырып,  жарастыра  алатын 
құдіретімен  маңызды.  Бұл  –  тарлан  тарихтың,  жасампаз  бүгінгі  күн  мен 
жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының 
тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан 
арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете 
отырып,  әрбір  қадамын  нық  басуын,  болашаққа  сеніммен  бет  алуын 
қалаймын.   Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын 
жаңғыртудың  бірнеше  бағытын  атап  өтер  едім.  1ші  бағыты:  Бәсекелік 
қабілет.  Қазіргі  таңда  жеке  адам  ғана  емес,  тұтас  халықтың  өзі  бәсекелік 
қабілетін  арттырса  ғана  табысқа  жетуге  мүмкіндік  алады.  Бәсекелік  қабілет 
дегеніміз  –  ұлттың  аймақтық  немесе  жаһандық  нарықта  бағасы,  я  болмаса 
сапасы  жөнінен  өзгелерден  ұтымды  дүние  ұсына  алуы.  Бұл  материалдық 


152 
 
өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы 
еңбек  ресурстары  болуы  мүмкін.  Болашақта  ұлттың  табысты  болуы  оның 
табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. 
Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты 
қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы,   компьютерлік  сауаттылық,  шет 
тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің  алға  басуына 
сөзсіз  қажетті  алғышарттардың  санатында.  Сол  себепті,  «Цифрлы 
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» 
сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша  қазақстандықтарды  ХХІ 
ғасырдың  талаптарына  даярлаудың  қамы»,-  дегендей,  ары  қарай  үш  тілде 
білім беру туралы ой қозғасам.[7] 
Білім  берудің  аясы  әлемнің  жан-жақтылығы  мен  мәдениеттің  әр  түрлі 
үлгілерімен  таныстыра  алуы  керек,  кем  дегенде  олармен  таныстыруға 
мүмкіндік  жасау  керек.  Жеке  тұлғaның  білім,  құндылықтaр  мен 
қaғидaттaрының  және  т.б.  сәйкес  жиынтықтaрдың  қaлыптaсуы  және 
ұйымдaстырылуы  білім  жүйесіне  бaйлaнысты.  Бaстaпқы  кезеңнен  бaстaп, 
aқпaрaттың  әртүрлілігін  тaңдaуын,  олaрдың  мөлшері  мен  көлемін,  сол 
aқпaрaттың  кезеңі  мен  меңгеру  әдістерін  aлдын  aлa  жоспaрлaйды.  Сол 
aрқылы,  педaгогикaлық  ұйымдaстыру  үдерісіндегі  тілді  меңгерудің  негізі 
болып  тaбылaды.  Көптілді  білім  беру  үдерісінің  отaндық  білім  беру 
жүйесінде  іске  aсырылуы  үшін  негізгі  нaқты  түсініктердің  aйқындaлуын 
тaлaп  етеді.  «Көптілді  білім  беру»  терминіне  aнықтaмa  бермес  бұрын,  осы 
терминмен  бaйлaнысты  «көпмәдениеттілік»,  «тіл»  және  «білім»  түйіндеме 
ұғымдaрын  және  олaрдың  өзaрa  бaйлaныстaрын  қaрaстыруымыз  қaжет. 
Мәдениет  (латын  тілінен  cultura  –  өңдеу,  тәрбиелеу,  білім,  даму)  жеке 
адамның  өмір  сүру  мақсаты  мен  құндылық  жүйесі,  адамның  өмір  сүрген 
ортамен  қарым-қатынасы.  Ол  –  өзара  қарым-қатынас  нәтижесінде 
қалыптасатын  ерекше  құбылыс.  Адамдар  өздерін  қоршаған  ортаға,  оның 
әлеуметтік  және  мәдени    қатынасына  әсер  етеді,  өзгертеді.  Олар  оны  өз 
мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал 
ол  мұра  белгілі  жағдайда  үнемі  дамуда  болады.  Тәрбие  және  білім 
теорияларымен жұмыс жасап жүрген өзіндік орны бар беделді ғалым – Карл 
Гранттың  гипотезасы  бойынша,  «білім,  көпмәдениетті  болып  табылатын 
болса»,  онда  ол  білім  «melting  pot»  теориясына  (балқытылған  қазан,  бұнда 
барлық  ұлттар  жоғалып  кетеді)  тиімді  түрде  қарсы  тұра  алатын  тәрбие  мен 
білім  түрін  көрсете  алады  [1].  Бұл  жағдайда  егер  тәрбие  барлық 
мәдениеттердің  жан-жақтылығы  мен  әр  түрлігін  қолдайтын  болса, 
оқушылардың  жеке  бас  ерекшеліктерін  ескерсе,  ол  тұлғаны  шектемейді, 
қайта  оған  оқу-  тәрбие  жоспарын  толыққанды  жасауға  мүмкіндік  береді. 
Осының  көрсеткіші  ретінде,  бұрындары  көптеген  американдық  зиялылар 
АҚШ-ты  «балқытылған  қазан»  деп  айтса,  қазіргі  уақытта  өз  мемлекеттерін 
«салат  ыдысымен»  салыстырғанды  жөн  көріп  отыр,  себебі,  онда  барлық 
ұлттар  араласқанымен,  олардың  әр-қайсысы  өз  ерекшелігі  мен  даралығын 
сақтайды.  Осылайша  көпмәдениетті  білім  беру  –  қоғамдағы  әр  түрлі 


153 
 
мәдениет құндылықтары мен олардың қағидаларына, әрекет формалары мен 
үлгілерін  сақтауға  және  олардың  дамуына  бағытталған  білім  беру  [2].  Бұл 
құбылысты  Джеймс  және  Джозеф  Бойерлар  тарихи  және  ұлттық  мұраға 
бірдей  дәрежеде  көңіл  бөлінетін  бағдарлама  ретінде  бейнелейді. 
Халықаралық  білімге  арналған  конференцияның  43-сессиясы  барысында 
(Женева,1992)  білім  берудің  қолайлы  концепциясында  айтылғандай, 
ұлттардың  жеке  дара  қасиеттері  ерекшелендіріліп  «жайқалған  баққа» 
теңелген  және  ұлттарды  сондағы  гүлдер  ретінде  қарастырған  [3].  Бұл 
метафора  жалпы  білім  беруде  «таңдау»  ұстанымын  және  бірдей 
мүмкіндіктердің  мағынасын  аша  түсті.  Көпмәдениетті  білім  беру  жүйесінің 
негізгі  идеясы  сұхбат  қағидаты  мен  әр  түрлі  мәдениеттердің  байланыстары. 
Демек,  мәдениет  толық  түрде  тек  өзара  мәдениетаралық  сұхбатпен 
әрекеттескенде  ғана  түсінікті  әрі  айқын  бола  алады.  Көпмәдениетті  білім 
берудің  мақсаты  –  әртүрлі  мәдениет  орталарында  бейімделуге  көмектесетін 
мәдениетаралық іскерліктерді дамыту. Білім беру жүйесіндегі көпмәдениетті 
білім беру концепциясы біріншіден, мәдениеттің әр түрлілігін, ұлттық және 
адамгершілік  құндылықтарының  диалогтік  ара  қатынасын  ескереді. 
Екіншіден, білім жүйесі өзінің тұтастығымен қоғамнан жекеленбей, қайта өз 
тәжірбиесін  ұсынады  және  оны  таратады.  Көптеген  мәдениеттердің  екі-үш 
тілдерді  қосуына  байланысты,  білім  жүйесі  өзінің  мазмұны  мен 
ұйымдастырылуында  екі  тілділік  ұстанымын  қарастырмауы  мүмкін  емес. 
Себебі, тіл – мәдениеттің қайнар көзі. Өйткені, ол мәдениеттің құрастырушы 
бір бөлігі, сонымен қатар, тіл мәдениетін танытудағы негізгі құрал, себебі біз 
ол  арқылы  мәдениетті  меңгереміз.  Тіл  мәдениетінің  жалпы  сипатын 
танытады,  негізгі  ақпаратты  сақтайды,  жинақтайды,  таратады.  Осыған 
байланысты  тіл  әрбір  этникалық  қоғамдастықта  этностың  мәдени 
ерекшелігін  танытатын  фактор  ретінде,  мәдениеттің  тіл  арқылы  ұрпақтан 
ұрпаққа  жетуін  қамтамасыз  етеді.  Осылайша,  ұлтты  бір  тұтастырып, 
бүтіндігін  сақтайды  [4].  Тіл  мен  мәдениет  екі  түрлі  семиотикалық  жүйеде 
танылғанымен, бір-бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе. 
Көптілді  білім  беру  көптілді  тұлғаны  үш  не  одан  да  көп  тілді  меңгеруі 
арқылы  қалыптастыруға  бағытталған  үдеріс.  Сонымен  қатар  көптілді  білім 
берудің  маңызды  алғышарты  тілді  ұлт  мәдениетінің  айырылмас  бөлігі 
ретінде  түсіну.  Мәдениет  –  қоғамдық  фактор,  оның  мәдени  тұғырға 
көтерілуіне 
әлеуметтік 
фактордың 
ықпалы 
зор. 
В.Гумбольдтың 
пайымдауынша,  тілде  белгілі  бір  мәдени  одаққа(тілдік  ұжым)  тән  әлемдік 
көрініс  сақталып,  бейнеленеді.  Бұл  дегеніміз  басқа  елдің  тілін  меңгере 
отырып,  біз  оның  ұлттық  мәдени  ерекшеліктерін  түсіне  отырып,  сезінетіміз 
даусыз.  Д.С.  Лихачев:  «Тіл  –  дәстүрлі  ұлттық  мәдениеттің  дәнекері»,-  деп 
есептеуінің  басты  себебі,  тіл  ең  алдымен,  адамның  мәдени  тұрмысында 
қоғамның  әл-ауқаты  мен  рухани  мәдениеті  туралы  хабар  беру  үшін 
қолданылатын  құралы  болып  есептеледі.  Ғалымдардың  ойынша,  егер  тіл 
заттық немесе вербалдық тұлғада сомдалған мағыналардың жиынтығы болса, 
ұлттық  сана  тіл  арқылы  вербалды  түрде  сомдалып,  ғаламның  бейнесін 


154 
 
суреттейді.  В.Фон  Гумбольдт  еңбектерінде  тіл  мен  мәдениеттің  қарым-
қатынасы  келесі  тұжырымдар  арқылы  көрсетілген:  1)  материалдық  және 
рухани  әдебиет  тілде  көрінеді;  2)  кез  келген  мәдениет  ұлттық  сипатқа  ие 
және оның ұлттық сипаты тілде көрінеді; 3) ұлттық рухты жалғастырушы [5]. 
В.Фон  Гумбольдттың  осындай  тұжырымдамасы  шет  елдердің  және 
қазақстандық  тіл  білімінде  жалғасын  тапқан  (Ш.Балли,  Ә.  Қайдар, 
Е.Жанпеисов, Р.Сыздық , Қ. Хұсайын, А. Ислам, Ж.А. Манкеева, т.б.). Ж.А. 
Манкеева  тіл  мен  мәдениеттің  байланысы  туралы  ойын  былайша  білдіреді: 
«Тіл  –  мәдениет  дерегі,  өйткені  мәдениеттің  құрастырушы  бөлігі  және  тіл 
мәдениетті  танудағы  негізгі  құрал,  себебі  ол  арқылы  біз  мәдениетті 
меңгереміз.  Тіл  мәдениеттің  жалпы  сипатын  танытады,  негізгі  ақпаратты 
жинайды,  сақтайды  және  жеткізеді.  Осыған  сай  тіл  әрбір  этникалық 
қоғамдастықта бір жағынан этностың мәдени ерекшелігінің факторы ретінде, 
екінші жағынан тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз 
етеді.  Осылайша  қазіргі  келер  ұрпақты  бір  тұтастырып,  бүтіндікке 
байланыстырады.  Демек,  тіл  мәдениетте  өсіп-өнеді,  дамиды  және  соны 
бейнелейді»  [6].  Біз  көптілді  білім  беру  жүйесіне  көшу  үшін  ең  алдымен, 
мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілін  меңгеру  маңыздылығын  ұмытпауымыз  керек. 
XX ғасырдың басында білім беру жүйесі бір тілділікке негізделген. Бірақ XX 
ғасырдың  50  жылдарынан  бастап  бұл  жағдай  елеулі  өзгерді,  білім  беру 
жүйесінде  қос  тілділік  пайда  болды.  Бұл  өзгерістердің  бір  себебі  дүние  186 
жүзі  мемлекеттерінің  халықаралық  байланыстары  шетел  тілдерін  меңгеруді 
талап  ететіндігімен  байланысты.  Ағылшын  тілі  қазіргі  таңда  халықаралық 
қатынас құралына айналып отыр және жаһандық сипатқа ие.Тілдерді меңгеру 
тілдер мәдениетіне әуестік тартады, сондықтан да ЮНЕСКО оқушыларды, ең 
алдымен, ұлттық таныс орта мәдениетімен таныстырып, одан әрі қарай бұдан 
кеңірек, яғни көпұлтты мемлекеттен құралған үлкен ұлттың мәдениетіне өту 
керектігін айтады. Дәстүрлі түрде екінші тілді меңгерудің қажеттілігі кәсіби 
өсумен  байланысты.  Қазіргі  уақытта  екінші  тілді  білу  әлемнің  беделді 
университеттерінде  білім  алуға  үлкен  мүмкіндік  ашады.  Ал,  бұл  әлемдік 
стандартқа  сай  диплом  алу,  кепілдендірілген  жоғарғы  көлімде  төлінетін 
еңбекақы  және  абыройлы  жұмыс.  Қазіргі  кезде  біздің  мемлекетіміздің 
әлемдік аренаға интеграциялану барысында бірнеше тілдерді меңгеру заман 
талабы.  Оған  қоса,  тұлғаның  өзінің  ішкі  қажеттілігіне  сол  сияқты  өзін-өзі 
тәрбиелеу  мен  өзін  жаңаша  деңгейде  ашуға  мүмкіндік  береді.  Әлемдік 
толеранттылықты  қалыптастыруда  көптілді  білім  беру  әлем  тарихын, 
әдебиетін  және  әлемдегі  әр  түрлі  халықтардың  мәдени  құндылықтарымен 
таныстыруды қамтамасыз ететін көпмәдени біліммен тығыз байланыста екені 
сөзсіз.  Бұл  мақалада  «көпмәдениетті  білім  беру»  терминін  қарастырдық, 
бұндағы  мақсат  –  «көптілді  білім  беру»  ұғымының  мәнін  ашу.  Қорыта 
келгенде, жаһандану заманында көпмәдениетті тілдік білім беру – өз мәдени 
құндылықтары  мен  қатар  өзге  ұлт  өкілдерінің  құндылықтары  мен  салт-
дәстүрін  құрметтейтін,  оларға  толерантты  қарайтын  білімді  әрі 
көпмәдениетті жан-жақты тұлғаның қалыптасуына үлесін тигізетіні сөзсіз.  


155 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет