Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет79/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Жайлыбай  Жібек  Бақытбековна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік 
 педагогикалық институты Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 
мамандығының 4 курс студенті 
 
Жандилдина Роза Есентаевна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 
институты п.ғ.м.,АрқМПИ доценті 
 
ХХІ  ғасыр  оқыту  процесінде  жаңа  педагогикалық  технологияны 
пайдалануды  талап  етеді.  Бұл  тәсіл  оқытудың  мазмұнын  жетілдіреді, 
олардың  әдістері  мен  құралдарының  бірлігін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  заңды 
процесс,  себебі  елде  болып  жатқан  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  және 
басқа  да  өзгерістер  білім  жүйесін  сол  өзгерістер  тұрғысында  дамытуды 
талап  етеді.  Бүгінгі  білім  мен  тәрбие  технологиясында  «жеке  тұлға» 
тәрбиелейтін 
тәрбиешінің 
де 
өзіндік 
жеке 
тұлға 
ретінде 
шығармашылығының  орны  ерекше.Жаңа  педагогикалық  технология 
балаларды  сабақ  процесіндегі  белсенділігін  арттыруға  тікелей  әсер  етеді. 
Міне  осы  талап  тұрғысынан  алғанда  «Оқытудың  интерактивті  әдісі» 
шешуші  орын  алады  .Егерде  сабақ  үстінде  балалар  мен  тәрбиешілердің 
арасында  тығыз  қарым  –  қатынас  орнатылса  және  ұтымды  нәтижеге 
жетсе,бұлайша оқытуды интерактивті деп атаймыз.Мұндай қарым – қатынас 
балалар   өз ойларын талқылап, шешімін табуға тырысқан кезде байқалады 
Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  қазіргі  даму  кезеңіндегі  қоғамның  түрлі 


156 
 
сфераларының  құрылуы  мен  тұлғаның  белсенділігінің  жоғарылауы 
арасында  байланыс  айқындала  түсуде.  Осыған  байланысты  мектепалды 
даярлық  тобы  балаларының  танымдық  әрекетін  белсенді,  оны  тиімді 
басқару  және  дамыту  тұрғыдан  қамтамасыз  ету  күрделі  мәселе  ғана  емес, 
маңызды әлеуметтік міндет болып табылады. 
Қазіргі  таңда  мемлекеттік  тілді  оқытуда  жаңа  идеяларды  әр  сабақта 
жан-  жақты  қолданып,  жаңаша  оқытудың  тиімді  жолдарын  тауып,  жүйелі 
түрде қолдану – заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, іздену - 
әр  ұстаздың  міндеті.  Сондықтан  ұстаздардың  тәжірибесінде  мынадай 
проблема  тууы  мүмкін:  балалардың  танымдық  қабілеттерін,  танымдық 
процестерін (есту, көру, қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-
тәсілдердің  заман  талабына  сай  болмауы.  Осы  проблеманы  шешу  үшін 
тиімді жолдарды қарастыру қажет. 
Білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  білім  мазмұнын  жаңартумен  қатар, 
оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  әр  түрлі  құралдарын  қолданудың  тиімділігін 
арттыруды талап етеді[1,73б.]. 
Қазақ тілін оқыту үрдісінде көптеген негізгі әдістемелік инновациялар 
оқытудың  интерактивті  әдістерін  қолданумен  тығыз  байланысты  болып 
отыр.  Әдіс-тәсілдерді  мұғалім  ізденісі  арқылы  бала  қабілетіне,  қабылдау 
деңгейіне  қарап  іріктеп  қолданады.  Бұл  жерде  балалардың  жауаптарынан 
гөрі  мәселенің  шешімін  табуға  талпынғаны  маңызды.  Себебі  интерактивті 
оқытудың басты мақсаты – балаларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға 
үйрету.  Интерактивті  әдісті  пайдаланудың  тиімділігі  аса  жоғары  .  Бала 
дайын білімді көшіріп алмай, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады. Әсіресе 
табиғатынан  тұйық,  өз  ойын  жеткізе  алмайтын,  өздеріне  сенімсіздеу 
оқушыларға  пайдасы  зор.  Ал  тәрбиешінің  міндеті  –  баланың  неғұрлым 
белсенділік  танытуына  жағдай  жасау,  қажет  кезде  жол  көрсету  болып 
табылады.Мұнда  тәрбиешінің  шығармашылықпен  жұмыс  істеуі  үлкен  рөл 
атқарады. Интерактивті оқыту – түсіндіру мен өзара қарым – қатынас диалог 
ретінде  топқа  бөлініп  оқыту  әдіс  –  тәсіліне  негізделген  оқытудың  түрі. 
Нәтижесінде  бала  жинақталған  тәжірибесін  сыртқа  шығарып,  оны  өмірде 
пайдаланаалады. Интерактивті оқыту әдісінің бір ерекшелігі – оның білімді 
меңгеруге  емес,  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  және  танымдық 
үдерістерді,  яғни  жауабының  алуан  түрлерін  ,  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау 
қабілеттерін  арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар  арқылы 
дамытуға,  қарым-қатынас  ойын,  танымдық  және  шығармашылық 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  сөздік  қорын  белсенді  дамытуда 
бағытталуында. «Интерактивті оқыту» бұл ағылшынның «interact», “Inter”» 
– өзара, «асt» – әрекет ету деген сөзінен шыққан. Сондықтан, интерактивті 
оқыту ең бірінші диалогтық оқыту, оқыту барысында оқушы мен оқытушы 
арасындағы  өзара  байланысуы.  Интерактивтік  әдістеме  өзара  қарым-
қатынастың  мол  ауқымын  қамтиды.  Дегенмен,  әдістемелік  амал  қандай 
болса  да,  оқушылардың  өздерінің  өмірлік  тәжірибелерін  білім  берудің 


157 
 
негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай  қарым-қатынасқа 
түседі: 
1. Тәрбиешімен (балалар тәрбиешінің сұрағына жауап  берген кезде); 
3. Өзге балалармен  (қосақталып жұмыс істеу барысында) 
4. Шағын топтармен (3-5 баламен); 
5. Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір 
мәселені талқылау барысында); 
6.  Балалардың    тобымен  және  халықпен  (топ    әлеуметтік    сауалнама 
жүргізеді); 
7. Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен); 
Интерактивті  сөзі  –  өзара  әрекет  ету  бейімділігін  білдіреді  немесе 
әңгімелесу,  әлде  кіммен  (адаммен)  не  болмаса  әлде  немен  (мысалы, 
компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту  – 
бұл,  ең  алдымен,  сұхбаттасып  оқыту,  оның  барысында  тәрбиеші  мен 
баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.   
Белсенді оқыту әдістемесінде топтағы балалардың сандық құрамы өзара 
қатынастың не оқудың сапалылығын білдірмейді.  «Өзара қатынас» әдісінің 
ерекшелігі 
оқушылардың 
өзін-өзі 
ашуы, 
ашылу 
үрдісімен 
байланыстылығында.  Оның  мәні  –  балалар    білім  алу  дағдыларын  өзара 
қарым-қатынас  арқылы  меңгереді.  Белсенді  әдістеме  білім  берудің  сапалы, 
нәтижелі болуына көмектеседі[2,19б.]. 
Белсенді әдістемені пайдаланудың факторлары : 
Балалар  ақпарат  алып  қоймай,  сол    сұрақтың  шешімін  табу  жолы  мен 
шешімнің дұрыстығын түсіндіре білуі, өз ойларын талдауы, бағалауы және 
дәлелдеуі;  талқыланып  отырылған  мәселе  бойынша  дұрыс  емес  шешімдер 
қабылдау дау туғызатындықтан балалар өз көзқарастарын,   пікірлерін терең 
талдайды,  сараптаудан  және  қорғаудан  өткізеді,  сөйтіп  олардың  ойлау 
белсенділіктерінің деңгейі жоғарылайды. 
Балалар  кейбір мәселені шешу барысында өздерінің күнделікті өмірде 
алған  тәжірибелерін  не  басқалардың  тәжірибелерін  пайдаланады. 
Балалардың    жұп  болып  немесе  шағын  топпен  жұмыс  жасағандары  өте 
тиімді.    Балалар  өздерінің  жеке  көзқарасынан  не  пікірінен  басқа,  дұрыс 
пікірлердің бар екендігін біліп, түсінеді . 
Таным дегеніміз - адамның жаңа білімді игеру процесі. Таным процесі 
аданың дүниені тануының тарихи қалыптасқан қабілеттерінің құрылысына, 
танымның даму дәрежесіне байланысты [1,247]. 
Философиялық  сөздікте  «таным  -  адам  әрекетінің  мақсаттары  мен 
ұмтылыстарының 
 
негізі 
болатын 
 
білімін 
қалыптастырушы,  
шығармашылық  қызметінің  қоғамдық  тарихи  үрдісі»  деген  анықтама 
берілген.  
Танымдық  белсенділіктің  қозғаушы  күші  –  қажеттілік.  Қажеттіліктегі 
жетіспеушілік,  тұлғаның  дамуына  қажетті  нәрсенің  жоқтығы  қызығуды, 
талпынуды және белсенді іс-әрекет жасауға жағдай жасайды [2,149]. 


158 
 
Тіршілік және іс-әрекеттер үдерісінде адамның қарым-қатынас жасауы 
таным белсенділігін дамытады. Адам белсенділігі, бұл әрекетшіліктің көзі-
адам  қажеттілігі.  Белсенділік-білуге  талпыныс,  адам  қажеттілігі,  ерік 
жағдайы, ал ол өзін-өзі дамыту деген сөз.  
«Белсенділік» 
ұғымына 
талдау 
жасай 
отырып, 
М.Морозов, 
Н.Мещерякова,  Е.Меркотан  сынды  философтар  белсенділікті  материяны 
қозғаушы формаларымен байланыстырады.  
П.Болонский,  Л.Выготский,  В.Русланова,  С.Кошман,  В.Небылицын  өз 
зерттеулерінде тұлғаның белсенділік қасиеттеріне жете тоқталса, Н.Ковалев, 
Б.Райский, 
Н.Сорокин 
сынды 
зерттеушілердің 
пікірі 
бойынша, 
«белсенділік»  адамға  қоршаған  ортамен  байланысуына  қажетті  қарқынды 
қызмет  түрі.  Қазақстандық  ғалымдар  М.Құдайқұлов,  Е.Жұматаева, 
Г.Нұрғалиева, 
А.Әбілқасымова, 
Ж.Қараевтар 
тұлғаның 
оқу-таным 
әрекеттерін  белсендіру,  оны  ұйымдастыру,  әдіс-тәсілдерін  жетілдіру 
мәселелеріне аса көңіл бөліп жүр. 
Танымдық белсенділікке тұлға әрекет барысында қалыптасып, дамиды. 
Танымдық  белсенділік  –  психикалық  белсенділіктің  түрі,  қызығушылық, 
зейін, білімге құмарлық, шығармашылық формасында көрініс табады [3,93]. 
Сондықтан  балаларды  оқу  әрекетінің  субъектісіне  айналдыру  -  бүгінгі 
таңдағы  басты  мақсат.  Осыған  байланысты  балалардың  ойын  әрекетін 
танымдық  белсенділікті  қалыптастырудың  негізгі  шарты  ретінде 
қарастыруға болады.  
Интерактивті оқыту  – нақты өмірде және сол өмірдегі табиғи дамудың 
заңдарын  танып,  соған  сүйеніп  ұйымдастырылатын  оқу-танымдық  үдерісті 
білдіреді[3,82б.]. 
«Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. 
«Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. 
Интерактивті  сөзі  -  өзара  әрекет  ету  бейімділігін  білдіреді  немесе 
әңгімелесу,  әлде  кіммен  (адаммен)  не  болмаса  әлде  немен  (мысалы, 
компьютермен)  сұхбаттасу  режімінде  болады.  Демек,  интерактивті  оқыту  – 
бұл,  ең  алдымен,  сұхбаттасып  оқыту,  оның  барысында  оқытушы  мен 
баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.   
Балалардың танымы өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. 
Балалардың  нәтижелі  оқуына  әсер  ететін  сыртқы  және  ішкі  күштер  немесе 
себептер  болады.  Балалардың  білім  алуда  ілгері  қарай  басуына  себепкер 
болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды 
шешу,  жеңу  нәтижесінде  оқу  міндеттері  жүзеге  асырылады.  Оқыту 
үрдісіндегі  ең  негізгі  қайшылық  ол  педагогикалық  міндет  талаптарымен 
балалардың  мүмкіндіктерінің  (білімі  мен  дағдысының  және  дамуының 
қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұған тағы да теориялық білімі мен 
практикалық  бейімділігінің  арасындағы  шығармашылық  ойлауы  мен 
репродуктивтік  ойлауы  арасындағы  қайшылықтар  жатады.  Осындай 
қайшылықтарды шешу баланың саналы түрде көп күш жігер жұмсауын керек 
етеді[4,92б.]. 


159 
 
Демек,  қоршаған  дүниені  білу  танымға  байланысты.  Таным  –  адам 
санасын  дамытудың  негізгі  және  ол  арқылы  адам  өзін  қоршаған  ортаны 
игеруге де үйренеді. 
«Таным» - философиялық ұғым. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір 
сүретін  болғандықтан,  оның  заттары  мен  құбылыстары  санада  бейнеленеді. 
Көру,  сезіну,  түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер 
етеді,  біз  оларды  қабылдаймыз.  Қабылданған  дүниені  танып  білеміз.  Сезім 
арқылы  таныған  дүниені  ғылыми  біліммен  байланыстырғанда  ғана  білім 
қалыптасады.  Қабылдау  барысында  сыртқы  сезім  мен  ішкі  сезімдер  бірге 
отырып танымды нақтылай түседі. 
Таным  арқылы  заттар  мен  құбылыстардың  басты  белгілері, 
ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары  жайында  бейнелі  қабылдау 
нәтижесінде ұғым туады. 
Таным - объективті шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта 
жаңғыртатын  қоғамдық  іс-әрекет  барысы.  Ол  заттардың  пәніне  дәлірек 
жетудегі  күрделі  және  қарама-қайшылықты  рпоцесс  барысы  ретінде 
қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық 
жолы:  нақты  пайымдаудан  абстрактілі  ойлауға,  одан  тәжірибеге  көшу» 
болып табылады. Таным үрдісінде ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады 
(анализ,  синтез,  дедукция,  индукция,  абстрактіліктен  нақтылыққа  көтерілуі 
және тағы басқа). 
Балалардың бойында кездесетін таным қабілеттері дегеніміз – білімді өз 
сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу әрекеті 
аса  күрделі  үрдіс.  Ол  балалардың  сыртқы  дүние  туралы  білімді  меңгеруі  
және дағды мен әдістерін қалыптастыруы арқылы жүзеге асырылады. 
Балаларды  біліммен  ғана  қаруландырып  қоймай  олардың  назарын 
білгендерін жадында сақтай білу қабілеттерін, ойлауын, тіл шеберлігін, білім 
негізін біліп алуға құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, 
ықыласын,  төзімділігін,  іскерлігін,  ізденімпаздылығын  және  т.б.  танымдық 
қасиеттерін жетілдіру – оқу тәрбиелік және ұстаздық негізгі мақсат. 
Белсенділік  деген  не?  Белсенділік  деп  тегінде  субъектінің  іс-әрекет 
үстіндегі күйін, іс-әрекетін айтады. Әрекет ұғымына белсенділікті қолдануға 
болмайды,  өйткені  әрекет  қалайда  жеке  бастың  белсенділігі.  Бала 
белсенділігінің  ең  алғашқы  формасының  бірі  қарым-қатынас  жасау 
белсенділігі.  Бұл  адамның  бүкіл  өмірінде  дамитын  белсенділік  түрі. 
Балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  басқа  адамдар  мен  қарым-қатынас 
жасау белсендігінің мазмұны өзгеріп отырады. Белсенділік адамның әрекетке 
қатынасын  өз  бетінше  әрекет  етуге  дайын  болудан  ұмтылысынан,  алға 
қойған  мақсаттарға  жету  үшін  оңтайлы  жолдарды  таңдай  білуден  көрініс 
табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  ересек  адамдардың  әрекеттеріне  үңіле 
қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай 
әрекеттерін  ырықты  немесе  ерікті  белсенділік  дейді.  Бұл  жастағы 
балалардың  үлкендер  әрекеттеріне  және  олармен  өзара  қатынас  жасауға 


160 
 
еліктеуі  рөлді  ойындарды  атқару  барысында  байқалады.  Көбінесе 
балалардың  ойындарында  адамдардың  еңбек  іс-әрекеттері,  тұрмысы, 
өзарақатынасы  көрсетіледі,  ұжымдық  өмір  дағдылары  қалыптаса  бастайды. 
Ойын барысында балалардың құрамдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. 
Олар  басқа  балалармен  ойнауға  тілек  білдіреді,  еңбекке  байланысты 
тапсырмаларды  бірігіп  орындауға,  өз  қылықтарын  ережеге  бағындыруға, 
керексіз  әдеттерді  тежеуге,  кедергіні  ығыстыруға  үйренеді.  Осындай  бірігу 
іс-әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық сияқты жаңа 
қатынастарды  туғызады.  Олар  бір-біріне  қамқорлық  жасап  көмектеседі, 
ілтипатты  болады.  Бала  еліктеу,  қабылдау  арқылы  түрлі  рольді  ойындарды 
атқара  отырып,  әлеумет  өмірінің  өндіріс  қатынастарының  мазмұнына 
түсінеді[5,64б.]. 
Адам  белсенділігінің  табиғатын  тани  білу,  еңбек  және  моральдық 
белсенділік  дәрежесі  бойынша  адамның  қоғам  мен  ұжым  үшін 
жарамдылығын жете анықтау тәрбиешінің басты міндеті.  
Бала  белсенділігінің  ең  алғашқы  формасының  бірі  –  қарым-қатынас 
жасау  белсенділігі.  Бұл  адамның  бүкіл  өмірінде  дамитын  белсенділік. 
Балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  басқа  адамдармен  қарым-қатынас 
жасау белсенділігінің мазмұны да өзгеріп отырады. 
Мектеп  жасына  дейінгі балалар ересек адамдардың   әрекеттеріне  үңіле 
қарап үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай 
әрекеттерін  ырықты  немесе  ерікті  белсенділік  дейді.  Бұл  жастағы 
балалардың  үлкендердің  әрекеттеріне    және  олармен    өзара  қарым-қатынас 
жасауға еліктеуі рөлді ойындарды адамдардың еңбек іс-әрекеттері, тұрмысы, 
өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса 
бастайды. Ойын барысында мектепке дейінгі балалардың құрдастарымен  де 
өзара  қатынасы  өзгереді.  Олар  басқа  балармен    ойнауға  тілек    білдіреді,  өз 
қылықтарын  ережеге  бағындыруға,  керексіз  әдеттерді  тежеуге,  кедергіні 
ығыстыруға  үйренеді.  Ойын  арқылы  мектепке  дейінгі  балалардың    жеке 
белсенділігі мен танымдық қызығушылығы артады. 
Балалардың  белсенділігі,  негізінен,  екі  түрлі  сипатта  болады:  сыртқы 
және ішкі белсенділік. 
Сыртқы  белсенділік  дегеніміз  –  бала  әрекетінің  сыртқы  көріністері 
(белсенді  қимыл  қозғалыстары,  практикалық  әрекеттері,  тәрбиешіге  зейін 
қойып қарауы, әрекеті т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсе ойлап отыруы да 
мүмкін.Баланың    ішкі  белсендігіліне  оның  белсенді  түрде  ойлау  әрекеті 
жатады.  
Бала  белсендігі  қандай  болғанда  да  ой  дербестігіне  сүйенеді.  Оқыту 
үрдісінде балалардың белсендігін дамытуды мақсат еткен тәрбиеші сабақтың 
барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Балаларда 
белсенділік  бір  қалыпта  болмайды  оның  қарапайым  (еліктеушілікке,  жай 
қайталауға,  біреудің  айтқанын  бұлжытпай  орындауға  негізделген)  және 
күрделі  шығармашылық  т.б.  белсенділік  түрлері  болады.  Соңғысы  баланың 
логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.  


161 
 
Белсенділік бейне белгісін тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл 
тірі  материяның  іштей  детерменацияланған  іс-әрекетінің  бір  түрі  болып 
табылады  (В.З.Коган).  Белсенділік  көзі  болып  сыртқы  орта  және  ағзада 
тұратын және өтетін ішкі үрдістер болып табылады. 
Адам  өзіндік  табиғи  сапаларының  күшімен,  әлеуметтік,  мәнділік 
күшімен де белсенді келеді. Психологиялық  аспект тұрғысынан белсенділік 
С.Л.Рубинштейнше  жалпы  психика  жөніндегі  детерминистік  түсінік  беру 
сұрағының  бір  бөлігі  ретінде  қарастырылады.  Мұнда  белсенділік  ішкі 
шарттар  арқылы  болатын  сыртқы  себептерінің  әрекетінде  көрінеді,  сыртқы 
шарттардың  нәтижесі  және  ол  ішкі  сапаларға  тәуелді.  Ішкі  мен  сыртқының 
қарым-қатынасы  бірбеткейліктің  және  сыртқы  әсерге  жауап  беру 
белсенділігінің  өсуінде  көрінетін  күрделі  шарттардың  жоғарылауына  сай 
өзгеріп  отырады.  Белсенділік  адамның  жаңа  қарым-қатынасына  айналады, 
бұл  –  адам  жеке  тұлға  ретінде  көрінгенде  және  белсенді  әрекет  қарым-
қатынас иесі болған жағдайда болады. 
Белсенділікті  тұлғаның  әлеуметтік  сапасы  деп  қарастырсақ,  оны 
әрекеттің  қысқа  сипаттамасында  қарастырып  көрген  дұрыс.  Әрекет  бұл 
адамның  қоршаған  әлемді  меңгеруінің  және  белсенді  құруының  бір  түрі. 
Жеке  тұлға  әрекет  барысында  қалыптасады,  дамиды.  Тұлғаның  әрекетке 
қарым-қатынасына  байланысты,  әрекет  мақсатқа  жете  алуы  бойынша  әр 
түрлі  болуы  мүмкін.  Белсенділік  болмыстың  қоғамдық  формаларын  құруға 
және  адамның  қоғамдық  мәнін  жүзеге  асыруға  бағытталған  әрекеті  болып 
табылады [6,33б.]. 
Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі 
түсіндірумен байланысты. 
-  белсенділік  баланың  таным  іс-әрекетіне  (мақсатқа  жетудің  тиімді 
жолдарын  таңдау,  талпыныс,  дайындық  жүзеге  асыру)  деген  қатынасын 
сипаттайтын тұлғаның бір белгісі ретінде түсіндіріледі; 
- белсенділік субъектінің іс-әрекетке қатынасын (қажеттілік, мотив, ерік-
күші,  эмоция)  көрсететін  негізгі  белгілермен  қатар  тұлғаның  сипаттамасы 
ретінде түсіндіріледі. 
Белсенділіктің  дамуы  репродуктивті  деңгейден  іздеу,  орындау  арқылы 
продуктивті деңгейге дейінгі тұлғаның даму процесін қамти отырып жүзеге 
асады. Адамның даму барысында таным белсенділігі артады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет