Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет81/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Жандилдина Роза Есентаевна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық  мемлекеттік 
педагогикалық институты,  п.ғ.м.,АрқМПИ доценті 
 
 Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  -  жеке  тұлғаны  ұлттық,  жалпыадамзаттық 
құндылықтардың,  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері  негізінде 
қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру»,-деп атап көрсетілуі 
әр  дара  тұлғаның  заманауи  талаптарға  сай  білімді  де  білікті  азамат  ретінде 
қалыптасуын көздейді. 
Дана  халқымыз  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге 
болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтпаған. 
Сондықтан 
баланың 
бойына 
жастайынан 
ізгілік, 
мейірімділік, 
қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне 
сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады[1,27б.]. 
Ұрпақ  тағдыры  –  ұлт  тағдыры  демекші,  ұлттың  болашағы  -  оның 
білімді,  талантты,  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  бойына  сіңірген  тәрбиелі 
ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп 
аталатын  еңбегінде  «Ғасырлар  бойы  әр  елдің  халықтары  осы  біз  кімбіз,  не 
үшін  өмір  сүріп,  қайда  кетеміз,  өміріміздің  мағынасы  неде,  басты  адами 
бағдарымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып, 
«тіршіліктің  осынау  мәңгілік  сұрақтарына  жауап  беру  үшін  жалпы 
адамзаттық  құндылықтарды  қайта  жандандырып, өзіміздің  бастапқы  қайнар 
көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады. 
 Атақты  педагог  Сухомлинский;  «Бала  кезде  үш  жастан  он  екі  жасқа 
дейінгі  аралықта  әр  адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті  нәрсенің  бәрін  де 
ертегіден  алады.  Ертегінің  рухани  тәрбиелік  мәні  зор.  Ол  балаға  рухани 
ләззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін,  жас  баланың  рухының  өсіп  жетілуіне 
қажетті  нәрсенің  мол  қоры  бар  рухани  азық»,-  деп  атап  көрсеткен. 
Жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  -  ата-ана  мен 
тәрбиешілердің басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.    


163 
 
       Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы  -  халқында,  отбасында,  олардың 
өнерлерінде,  әдет-ғұрпында.  Әр  адам  адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс  -
тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. 
Сухомлинский : «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай 
бола  алады»,  —  дейді.  Демек,  шәкіртке  жан-жақты  терең  білім  беріп,  оның 
жүрегіне  адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі 
азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына,  айналасымен 
санасуына  ықпал  етері  сөзсіз.  Кім  болса  да  жақсы  өмір  сүруге  тырысады. 
Жақсы  өмір  сүру  материалдық  және  рухани  байлықтың  ара  қатынасының 
тепе-теңдігіне  байланысты.  Абайдың  «ақыл  мен  жүректі  бірге  ұста»,-деген 
сөзінен  жақсы  өмірдің  бейнесін  көруге  болады.  Тағы  бір  сөзінде  Абай 
«мінезге  бай»  болу  керектігіне  тоқталады.  Шынайы  байлық  адамдардың  іс-
әрекетінен көрінеді. 
              Халық  педагогикасы  –  нәрестенің  сезімін  ананың  әуенімен  оятатын 
бесік  жырлары,  даналыққа  толы  мақал-мәтелдер,  жұмбақ-жаңылтпаштар, 
қиял-ғажайып  ертегілері,  ойындары,  тәрбиелеп  өсіру  негіздері  адамгершілік 
ниеттерге  баулиды.  Олай  болса,  адамгершілік  тәрбие  беру  кілті  халық 
педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл-
парасатты  азық  ете  білуде  «Өзін-өзі  тану»  курсының  орны  ерекше.  Рухани-
адамгершілік 
тәрбиесінде 
алдымен 
баланы 
тек 
жақсылыққа 

қайырымдылық,  мейірімділік,  ізгілікке  тәрбиелеп,  соны  мақсат  тұтса, 
ұстаздың,  ата-ананың  да  болашағы  зор  болмақ.  «Мен  үш  қасиетімді  мақтан 
тұтам»,  -  депті  Ақан  сері.  Олар:  жалған  айтпадым,  жақсылықты  сатпадым, 
һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз 
құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. 
          Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  қазақстандық  қоғамның  алдында  жаңа 
ұрпақтың  адамгершілік-рухани  тәрбиесі,  азаматтар  арасында  жақсылық, 
әділеттілік,  өзара  көмек,  төзімділік  орнықтыратын  құндылықтарды  іздеу 
мәселесі қалыптасты[2,57б.]. 
         Халық  педагогикасының  негізгі  мақсаты  -  өзінің    бай  тарихи  тәжірибе 
мұраларына  сүйене  отырып,  келер  ұрпақты  еңбекке,  өнерге,  білім 
машықтарын  меңгеруге,  отбасы,  ауыл,  аймақтың,  отанның  ар-намысын 
қорғауға  т.б.  ізгі  адамгершілік  қасиеттерге  баулу,  ұрпақ  тәрбиесіне  ғылым 
қандай  қызмет  етсе,  өнер  мен  әдебиет,  қоғамдық  салт-дәстүр  де  сондай 
қызмет етеді. 
         Ұлттық  педагогика  қашан  да  халық  тәжірибесін  үлгі  ететін 
болғандықтан,  көздеген  мақсаттарды  іске  асыру  үшін,  оқушыларды 
адамгершілікке  тәрбиелеудің  бірден-бір  жолы  –  оларды  осы  іске    көзін 
жеткізу, сенімін арттыру. Ол үлкендердің міндеті. Себебі, халық ерте бастан 
«ұяда  нені  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  деген.  Отбасында  алған  адами 
қасиеттерді ары қарай мектеп қабырғасында дамытып, қалыптастыру шарты 
туындайды[3,55б.]. 
Қазақ  халқының  өзін-өзі  ұғынуының  адамгершіліктік  даму  жолы  – 
оның білім алуында. «Адамға тек білім ғана күш береді. Халықтың білім алу, 


164 
 
кең жолындағы күресте білім ұлы қару болып табылады. Тек білім ғана қазақ 
халқын  еркіндік  жолына,  адамгершілік  жолына  шығара  алады,  -  деп 
Уәлиханов дұрыс айтқан. 
Ыбырай  Алтынсаринді  біз  ағартушы–педагог,  ғалым,  ақын,  прозашы, 
публицист және балалар жазушы ретінде білеміз. Осы көпқырлы қызметінің 
барлығында 
адамгершіліктің 
мәні 
туралы, 
қарым–қатынастардың 
адамгершілікті  жеке  адамды  тәрбиелеу  туралы  ой-пікірлері  кездеседі  деп 
батыл  айтуға  болады.  Ыбырай  Алтынсариннің  адамгершілік  туралы 
пікірлерінің маңызды көзі халық ауыз әдебиеті, халықтың өмірі мен тұрмыс–
тіршілігін,  қайғысы  мен  қуанышын,  патриоттылығын,  дәстүрлері  мен  әдет–
ғұрыптарын бейнелейтін халық ауыз әдебиеті болып табылады. Бұған дәлел 
ретінде «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын алуға болады. 
Ы.Алтынсарин  хрестоматиясының  басты  тақырыптарының  бірі  – 
білімге шақыру. Ол «Тарту» өлеңімен басталады, онда ғылым, білімінің күші 
және  олардың  адамның  материалдық  және  рухани  өміріндегі  мағынасы 
туралы айтылған. 
Ы.Алтынсарин  пікірінше,  адамгершіліктің  негізіне  білім  мен  тәрбие 
құрайды.  «Баланың  ең  жақсы  адамгершілік  қасиеттері  тек  ұдайы 
қалыптасады». «Жақсы тәрбиеленген бала сонан кейін де жақсы адам болып 
қала  береді».  «Адамгершілік  тәрбиесінің  басты  тәсілдері  еңбекпен  ата-
аналарының үлгісі болып табылады, - дейді» Ы.Алтынсарин . 
Ы.Алтынсарин қай қасиеттерді тәрбиелеуден адамгершілік тәрбиесінің 
мазмұнын  көреді?  Бұл  -  патриоттық  адамгершілік,  әділдік,  шыншылдық,  
жауапкершілік, қарапайымдылық. 
Абай  Құнанбаев  арнайы  психологиялық-педагогикалық  еңбектер 
жазған жоқ, профессорлық–педагогикалық қызметпен айналысқан жоқ,  бірақ 
оның  барлық  еңбектерінде  еңбекші  халықтың  адамгершілік  пен 
данышпандығына  сүйенетін  дидактикалық  және  адамгершілік–эстетикалық 
өсиеттер кездеседі. 
Кез  келген  адамның  мінез–құлқын  өзгертуге  болатыны  туралы 
А.Құрманбаев  «Егер  менің  қолымда  билік  болғанда,  адам  түзелмейді 
дегендердің  барлығының  тілін  кесетін  едім,  -  дейді.  Абайдың  пікірінше, 
еңбек  пен  халықтың  білім  алуы  –  адамгершілік  идеалына  қол  жеткізудің 
әдісі. 
Осылайша, өткен бір жағынан екіжүзділікті, әділетсіздікті, еріксіздікті, 
жалқаулықты,  жамандықты  әшкерелеп,  екінші  жағынан  еңбекке  деген 
қызығушылықты, 
халық 
үшін 
күресті, 
әділдікті, 
шыншылдықты, 
жауапкершілікті, ғылым мен оның жоғары этикалық идеалдарын жақтайтын 
моральдық нормалары қазіргі кезде өз мағынасын жоғалтқан жоқ, керісінше, 
жаңа күшке енеді. 
         Мағжан  Жұмабаев  –  ақын,  прозашы,  аудармашы  педагог.  Ол  өз 
еңбектерінде  халықтың  бақыты  туралы  жазады.  Тәрбиелеу  және  оқыту 
мәселелеріне  оның  көптеген  мақалалары,  «Бастауыш  мектептегі  ана  тілі», 
«Жазуға  үйрету»  сияқты  оқулықтар  мен  оқу  құралдар  қатар  арналған. 


165 
 
Жұмабаев  педагогикасының  басты  тақырыбы  –  «адам  мен  адамзат  игілігі 
бәрінен де жоғары». 
Жұмабаев  адамгершілік  тәрбиесінің  мақсаты  –  баланың  адамгершілік  
туралы  ойлауын,  адамгершілік  қылықтары  мен  әрекеттерін  қалыптастыру 
деп  есептейді.  «Бала  адамгершілікке  таңдау  жасай  алмағандықтан,  істеген 
әрекетінің кері нәтижелерін білмегендіктен, оның нәтижесінде не болатынын 
білмегендіктен, жаман қылықтар жасайды,  -  деп жазады педагог.    
Қазіргі    кезде  қоғамымыздың  ертеңгі  болашағы  бүгінгі  жас  өскелең 
ұрпақтың  тәрбиесімен  тығыз  байланысты.  Сондықтан  мектеп  оқушы 
жастарын тәрбиелеу ісінде, оларды рухани-адамгершілікке бағыттай отырып 
жетілдіріп  дамытуға  баса  назар  аударғанымыз  жөн.  Бүгінгі  жас  өскелең 
ұрпақ  тәрбиесіндегі  басты  мәселе  –  мектеп  оқушыларын  рухани  жетілдіру, 
дамыту.  Рухани  даму  дегеніміз  -  өзінің  өмірдегі  орнын,  жауапкершілігін 
түсініп,  өзін-өзі  жетілдіріп  отыру.  Рухани  даму  жеке  тұлғаны 
қалыптастырудың  негізгі  өзегі  болып  табылады.  Рухани  дамыған  тұлғаның 
көрсеткіштері:  басқаларға  жақсылық  жасау,  қамқорлық  көрсету,  жақсылық 
жасауға ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру. 
         Қазіргі уақытта республикамызда мектеп оқушыларын тәрбиелеу ісінде 
адамның  ішкі  жан  дүниесі  мен  рухани  әлемін  дамыту,  жетілдіруге 
байланысты істерді жүзеге асыруда. Халықтың діни, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, 
ырым-тыйым,  наным-сенім  рухани  мәдениет  және  ұлттық  дүниетанымдық 
негізде  жас  өскелең  ұрпақтың  рухани-адамгершілік  тәрбиесін  дұрыс  жолға 
қою міндеттерін іске асыру басты нысана болып отыр[4,88б.]. 
         Тәрбиелі-мінез  адам  бойында  имандылық  қасиеттердің  бар  екендігін 
көрсетеді. 
Басқаларға 
қамқорлық, 
қадірлеу, 
сыйлау, 
құрметтеу, 
жауапкершілікпен адалдық-мінез сапасының негізгі бітістері. 
         «Адам – бұл дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөзбен 
жақсы  ісін  қалдырып  отыруы  қажет.  Ол  үшін  әр  кез  жаман  қылықтан 
сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс»,  - деген Жүсіп Баласағұни ойлары 
бізге  жақсы  мәлім.  Ондай  болса,  келешек  өскелең  жас  ұрпақты  рухани 
адамгершілік  тәрбиесі  арқылы  толыққанды  жетілген  азамат  етіп  тәрбиелеу 
еліміздің, қоғамымыздың басты алға қойған мақсаты.          
         Әдептілік
имандылық,  мейірімділік,  қайырымдылық,  ізеттілік, 
қонақжайлылық  құндылықтары  қалыптасқан  халқымыз  осы  асыл  да 
абыройлы  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  ақыл-парасатына  азық  ете  білу  үшін, 
әрбір  тәрбиеші,  ұстаз  халық  педагогикасын,  сан  ғасырларда  қалыптасқан 
салт-дәстүрлерді,  әдет-ғұрыптарды  жан-жақты  терең  білумен  қатар,  өзінің 
бойына  адамдық  құндылықтарды  терең  сіңірген,  рухани  жаны  таза  адам 
болуы  шарт.  Ол  рухани-адамгершілік  тағылымдарды  өркениетті  өмірмен 
байланыстыра  отырып,  білім  берудің  барлық  кезеңдерінде  негізге  алғаны 
жөн.  Сонда  ғана өзінің  міндетін  айқын  сезіне білетін,  мінез-құлқы  жетілген 
саналы адам қалыптасады. 
 
Бар қазақтың ұлы данышпаны, ақыны Абай Құнанбаев өзінің көптеген 
өлеңдерінің бірінде: 


166 
 
Жүректе қайрат болмаса
Ұйықтаған ойды кім түртпек? 
Ақылға сәуле қонбаса
Хайуанша жүріп күнелтпек, – деген екен.  
           Шынымен, өзгермелі өмірдің түрлі соқпақтарынан жүріп өтіп, «адам» 
деген құрметті атқа кір келтірмей, керісінше өзінің игі істерімен көпшілікке 
танылып,  ақыл  мен  парасаттылықтың,  инабаттылық  пен  имандылықтың, 
мәдениеттілік  пен  әдептіліктің,  сыйластық  пен  достықтың  асыл  үлгісі  болу 
үшін  әрбір  адамның  жүрегіне  үлкен  қайраттылық  керек.  Жүрек 
қайраттылығы  адам  баласына  көздің  қызығушылығының  жетегінде  жаман 
әрекеттер  жасамауына,  осындай  қызығушылықтарға  қарсы  тұрып,  ізгілік 
қасиеттер үшін ерлік істер жасауға себеп болады. Елінің, жерінің, Отанының, 
туған-туыс, бауырларының амандығы үшін талай ерлік істерге барған батыр 
ұл-қыздарымыздың  әрекеттерінен  олардың  қайратты  жүрек  иелері  екеніне 
көз  жеткізуге  болады.  Дегенмен,  адамның  барлық  қылықтарын,  тіпті 
қайратты  да  жүректі    адамның  санасын  ақыл  басқарады.  Міне,  өмірдегі 
адамның  қолымен  жасалатын  барлық  істердің  жақсы  немесе  жаман  болуы 
осы  ақылдың  сәулелі  болуына  байланысты.  Сәулелі  ақылдың  иесі  болған 
адам  жақсылық  жасасам,  мейірім  төксем,  махаббат  сепсем,  әлемді  танысам 
деген  ойда  болады.  Осындай  ғажайып  ойдың  иесінен  барша  ғаламға 
жақсылық нұры төгілмек. 
 
Біз  педагогтар  бүгінгі  күні  болашақ  тәрбиесімен  айналыса  отырып, 
оларды  жүрек  қайраттылығына,  ақылдың  сәулелігіне  тәрбиелеп  үйретуіміз 
керек.  Біздерге  бүгінгі  таңда  болашақ  ұрпақ  өкілдерін  өмірге  дайындау 
сияқты  ұлы  іс  жүктеліп  отыр.  Бұл  іс  үлкен  жауапкершілікті,  ерекше 
шеберлікті  қажет  етеді.  Себебі,  бала  өзінің  болмысында  өте  нәзік  және 
иілгіш.  Оның  иілгіштігін  назарға  ала  отырып  өмірге  икемдеу,  адамгершілік 
тұлғасы биік адам ету біздердің қолымызда[5,49б.]. 
Болашақта  адамның  биіктігі,  асқақтығы,  өзгелерден  артықшылығы 
оның  материалдық  жағдайымен  емес,  керісінше  рухани  байлығымен, 
даналығымен,  білімділігімен,  мәдениеттілігімен  өлшенеді.  Әрине,  осындай 
ізгі  қасиеттерді  бойына  сіңірген  болашағы  бар  елдің  тасы  өрге  домалап, 
өркениетті мемлекет болатыны сөзсіз. Сондықтанда бүгінгі таңда егемендігі 
жарасқан  жас  мемлекетіміздің  аяғынан  нық  тұрып,  болашаққа  сеніммен 
қарауы жолында біз, педагогтік қауым көкірегі ашық, саналы, адамгершілік 
қасиеті биік бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолында білім саласындағы жаңашыл 
бағыттарды,  әлемдік  озық  тәжірибелерді  кеңінен  пайдаланып,  олардың 
негізінде оқу-тәрбие үрдісін іске асыруымыз керек. 
 
Қорытындылай  келе,  осылайша  адам  бойындағы  жағымды  қуаттың 
оянуы  ғана  жеке  тұлғаның  өрістеуіне,  рухани  нұрлануына,  шабыттануына, 
шаттануына мүмкіндік туғызады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет