Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет87/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
5. Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Төртінші  өнер 
кәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  Қазақстан 
халқына Жолдауы (10.01.2018 ж.). 
6. Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласы 
(12.04.2017ж). 
7. Н.Назарбаевтың  «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы (15.12.2017 ж.) 
8. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы Жол 
- болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы  
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТАБЫСТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ 
КЕПІЛІ 
 
Аманова Алтын Илиасовна 
Дарынды  балаларға арналған үш тілде 
оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназия 
Алматы облысы, Қарасай ауданы 
                                                                   
                                                     Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,  
                                                                  Шайыр жазбай, кім жазады 
дастанды?!  
 
                                                                  Сүйінші, Алаш! 
                                                                  Тарихыңда толғаулы  
                                                                  Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды! 
                                                                                                  Серік Сейітман 
 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  қай  бағдарламасын  алсақ  та  өзіндік 
өзектілігі  бар.  Сондай  маңызды  да  өткір,  көрегенді  саясат  деп  «Болашаққа 
бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласын  айтуға  болады. 
Мемлекет басшысы тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге 
жан-жақты  баға  бере  отырып,  рухани  жаңғыру  арқылы  болашаққа  деген 
өзінің  парасатты  пікірлері  мен  көзқарасын  білдірді.  Көреген  көшбасшы  
Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру  және  жаңа  идеялар  арқылы  болашағын 
баянды  ете  түсудің  теңдессіз  тарихи  мүмкіндігін  беріп  отыр.  Тұңғыш 
Президент  өз  сөзінде:  «Мен  барша  қазақстандықтар,  әсіресе,  жас  ұрпақ 
жаңғыру  жөніндегі  осынау  ұсыныстардың  маңызын  терең  түсінеді  деп 


177 
 
сенемін.  Жаңа  жағдайда  жаңғыруға  деген  ішкі  ұмтылыс  –  біздің 
дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. Ендеше, 
сенімнен шығып, бағдарламалық мақалада көрсетілген ел дамуының жарқын 
үлгісі  мен  нақты  қадамдарын    барша  қазақстандықтар  келелі  ойға  салып, 
салиқалы  пікір  мен  батыл  шешімдерге  ұмтылғаны  абзал  дер  едім.  Себебі, 
онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі  – 
саяси  реформа  мен  экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып,  Біртұтас 
Ұлт  болу  үшін  болашаққа  қалай  қадам  басатынын  және  бұқаралық  сананы 
қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Бұл 
әрине  бүгінгі  жаһандану  кезеңінде  Қазақстанның  игілігіне  жарату 
жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.                
           Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлының  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  атты  жаңа  мақаласын  оқып,  болашаққа  бағдарланған  соны 
өзгерістермен  таныстым.  Мақалада  баяндалған  біраз  жайттар  «Қазақстан-
2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа   саяси  бағыты» 
Жолдауында  көрсетілген  болатын.  Оның  ішінде  халықтың  өзінің  ұлттық 
сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып, жаңғыруы бүгінгі заман 
талабы.  Жаһандану  үрдістері,  өркениеттер  тайталасы  шарықтаған  заманда 
халықтың  халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді 
қадамға  байланысты  болмақ.   Бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  болып  отырған 
мақалада  көтерілген  латын  әліпбиі  туралы  кесек  ой  да  елді  жаңа  өзгерістер 
белесіне  бастары  анық.  Дүйім  жұрт  жаңа  әліпби  арқылы  әлемдік  өзгерістер 
көшіне  еркін  араласа  алады.  Бұл  бағытта  арнайы  бағдарлама,  әдістеме, 
әліпбидің  өзіндік  стандарты  әзірленетін  болады.   Қазақстанды  өркениет 
көшінің алдына бастайтын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына 
ие.  Рухани  жаңғыру  –  адам  баласының  оның  ішкі  әлемінің  жаңаруы,  сана-
сезімі,  жаңа  өзгерісті  қабылдай  білуі.  Рухани  жаңғыруда  өркениеттің  өрге 
жүзуімен  байланыстырамыз.  Тарих  сахнасына  көз  жүгіртсек,  өскен  ұлттың 
өрби  түсуіне  осы  «рухани  жаңғыру  дәлел».    Ұлан  ғайыр  қазыналарымызды 
қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы 
түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. 
Ұлттық  бірегейлікті  сақтау.  Елбасымыз  үшінші  қағидасында  ұлттық  код, 
яғни  халқымызға  тән  салт-санамыз,  асыл  мәдениетіміз  бұлардың  барлығы 
бойымызда  жалындап,  үні  шырқалып  тұруын  баса  айтты,  сонда  ғана  алға 
басулар  болатының  ескертті.  Білімнің  салтанат  құруы.  Қазіргі  таңда  білім 
бағдарламаларының  елімізге ұтымды үлес  қосып келе  жатқанын  айта  келіп, 
табыс  тізгіні  –  білімді  болашақ  жастардың  қолында  екеніне  баса  назар 
аударды. 
         Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және 
білімділікке  ұмтылу  Елбасы  мақаласының  өн  бойына  алтын  арқау  болып 
өрілген.  Тәуелсіздіктің  нығаюы,  дамыған  елге  айналуымыз  үшін 
қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, 
озық  стратегиялармен  жарақтануы,  халықаралық  коммерциялық  һәм 
концептуалды жобаларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы 


178 
 
айтқан  «бәсекеге  қабілеттіліктің»  бір  шарты. Тәуелсіздік  ала  отырып,  Қазақ 
елі  «күрес  кеңістігіне»  аяқ  басты.  Бодандықтағы  ел  бәріне  мойынсынуы, 
көндігуі,  ассимиляцияға  ұшырап,  жойылып  кетуі  мүмкін.  Тәуелсіз  елге 
ешқашан  ертеңге  енжарлық  танытуға,  саяси  және  экономикалық  өмірге 
селқос  қарауға  болмайды.  Оның  үстіне  мемлекеттілікке  төнген  жаһандық 
сын-қатерлер  саны  артқан  сайын  «күрес  кеңістігі»  де  кеңеюде.  Тәуелсіз 
мемлекеттер үш басты аждаһадай анталаған экстремизммен, сепаратизммен, 
терроризммен  күресуге  мәжбүр.  Жас  мемлекеттер  тәуелсіз  ел  ретінде  өмір 
сүруі үшін күресуге мәжбүр. Бұл күрестен мемлекет ешқайда қаша алмайды. 
Қашса,  тек  тарихтың  қойнауына,  тұңғиығына  ғана жол  тартады.  Сондықтан 
Мемлекет  басшысы  жат  идеологияларға  ұлттық  құндылықтарымыз  бен 
отаншылдығымыз  арқылы  төтеп  беретінімізді  атап  көрсетті. Елбасы 
мақаласының «Прагматизм» атты бөліміне назар аудартқым келеді. Батыста, 
ірі державаларда болып жатқан сайлау науқандары тіпті дамыған елдерде де 
жұртшылықтың  бос  демагогия  мен  популизмге  қарсы  иммунитетінің 
жоқтығын, өтірік – қаңбақ, шын – салмақ екенін түсіне бермейтінін паш етті. 
Әлемде шын жүйріктердің емес, «тіл жүйріктердің» заманы туған ба дерсіз. 
Бұл  халықаралық  қоғамдастық  кезігіп  отырған  кезекті  «сын-қатер»  болса 
керек. «Ұлт  немесе  жеке  адам  нақты  бір  межеге  бет  түзеп,  соған  мақсатты 
түрде  ұмтылмаса,  ертең  іске  аспақ  түгілі,  елді  құрдымға  бастайтын 
популистік 
идеологиялар 
пайда 
болады» 
деген  
Н.Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына «реализм мен прагматизмді» 
ұсынады. «Жалғандық  жарға  жығады»  дейді  қазақ  даналығы.  Біз  –  бабалар 
батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік 
жылдары  қоғамды  бос  демагогия  дертінен  арылтуға  күш  салды.  Оның 
орнына  елді  өркендетер  түбегейлі  жаңаруларға  жұмылдырды.  Білім  биігіне, 
ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті 
өмірге 
айналдырмаудың 
және 
нақты 
жаңғырудың 
қамы.  
Біз  ұлтымыз  бойындағы  тек  жақсы  қасиеттерді  дамытсақ,  озық  білім  мен 
үздік  жаңалықтарды  дарытсақ,  жымиып  күліп,  жылмаң  сөйлеп,  жыландай 
жылжыған  жат  идеологияларға  лайықты  тойтарыс  берсек,  жерұйықтай 
мемлекетке айналамыз. 
        Елбасымыздың жаңғыруы өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор 
мүмкіндік  береді.  Сондықтан  заман  талаптарына  сай  өмір  сүріп  жүрген 
жастардың түйсігіне сіңдіру мақсатында Елбасының аталған мақаласының іс 
жүзінде  жүзеге  асырылуына  қолдау  көрсетіп,  күш-жігер  салуға  ықпал  ету 
үшін насихаттау міндетті.  Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың 
саналы  түрде  жаһандық  үрдістерге  бейімделуіне  септігін  тигізетіндігіне 
сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының 
өзектілігіне  мән  бере  отырып,  алға  басатын  қадамымызды  үш  ойлап,  бір 
басуымызды ұмытпайық. 
          Қорыта айтқанда, бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген 
үндеу  өсиеті  деп  білемін.  Ішкі  руханиятымыз  арқылы,  сыртқы  өзгерістерді 
жақсы  жағынан  қабылдап,  жаңғырудың  даңғыл  жолына  түсуге 


179 
 
көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай 
өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді.  
Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа 
меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет