Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет175/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

Тәуке хан заңдары – 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында 
қалыптасқан қазақ құқық нормаларының жиынтығы болды. Кеңінен алғанда 
Тәуке хан заңдарының құрамына: 1) байырғы әдет-ғұрып нормаларының 
Тәуке тұсында «жаңартылған» феодалдық кодексі – «Жеті жарғы»; 2) билер 
сотының тәжірибесі: түйінді биліктер, шежірелер; 3) ұсақ хандықтардың 
өзара бірлігін, ынтымақтастығын нығайтып, сыртқы жауларға қарсы тұруға 
жұмылдыруға және ру, тайпа басшыларының (би, батырлар) саяси-
экономикалық рөлін арттыруға, көршілес (Россия, Қытай, Бұхар) елдермен 
дипломатиялық және сауда қатынасын нығайтуға арналған заңдар мен жазба 
актілер жатады; 4) Тәуке хан кезіндегі құқық нормаларының жеке 
салаларына (қылмыстық, отбасы, неке) шариғат нормалары ықпалын тигізді. 
Тәуке ел басқаруда жоғары беделді би, батырлардың тобына сүйеніп, 
феодалдық бытыраңқылыққа бейім ұсақ хандар мен сұлтандардың рөлін 
төмендетуге тырысты. Тұрақты мемлекеттік ұйымдар: Хан кеңесі, Билер 
кеңесі, жыл сайын Түркістан түбінде Күлтөбеде Үш жүз шонжарларының 
құрылтайын шақыру қалыптасты.
Тәуке ханның тұсында (1680-1718) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен 
боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады. Қалмақ шабуылына 
байланысты тарихи-саяси жағдайдың шиеленіскен кезі болғандықтан, сол 
кездегі терең ойшыл билер – Әнет Баба, Тайгелтір би, Келдібек би және 
олардың айтқанын жазушы бала Қазыбек би 1685-1710 жылдар аралығында 
Тәуке хан басшылығымен Жарғының жаңа нұсқасын дайындайды. 


Жарғының ежелгі бес тарауына тағы да екі тарау қосып, «Жеті Жарғы» (Жеті 
хақиқат) деп атаған. Тәукенің кезінде қосылған екі тарау: 6) Жесір дауы, 7) 
Құн дауы. Шапқыншылық кезде кісі өлтіру көп болған соң, құн дауын 
қылмыс заңынан жекелеп, өз алдына заң еткен. XV-XVIII ғасырда 
қолданылған Жарғының үзінділері халық аузында сақталған. Мәселен, «Қара 
қылды қаң жару», «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешу»; «Түгел сөздің түбі 
бір, түп атасы – Майқы би», «Тура биде туған жоқ». Жарғының бір нұсқасы 
«Қазақ хандарының рәсимлері» деген атпен Стамбулда Сулеймен Канунидың 
кітапханасында сақталыпты. Жарғының негізгі ережелерін 18-19 ғасырларда 
ел басқарған сұлтандар, билер жақсы білген (Абылай, Жәңгір, Ахмет 
Жантөрин, Құнанбай қажы). Олардың айтуынан орыс ғалымдары А.И. 
Левшин, А. Ягмин, И.II. Ибрагимов, В.А. Плотников, ДʼАндре, Бонч-
Осмоловский, А.И. Добросмыслов жазып алған. Бұл заңдарды 19 ғасырдың 
басында жақсы білген атақты билер Қарымбай, Балтекей, Құнанбай М.М. 
Сперанскийдің мәжілісінде қатынасып, «Сібір қазақтары туралы заң» (1824) 
жасауға қатысқан. Қасым хан мен Есімнің заңдарын әкесі Құнанбайдан 
жазып алған Абайдың інісі – Халиулла Өскембаев. Ол өлген соң достары бұл 
заңдарды Сібірде шығатын газетте жариялаған. Сонымен, Жарғы заңдары 
қазақ халқының рухани тіршілігінде айқын із қалдырған тарихи ескерткіштің 
бірі [16-25]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет