жарғысы Жосықтың 2-ші бабымен, 4-жарғы – Жосықтың 1-бабымен, 7-шы
жарғы – Жосықтың 29-шы бабымен мазмұндас [12]. Енді Білік пен
Жосықтың ел есінде сақталғанына мысал келтірейік.
Халықтың салт-дәстүрін бұзғандар заңды бұзған ретінде
жазаланады,
Қонақ қондырмағанға айып бар.
Қонақасыны дұрыс бермегендер – жазаға лайық.
Тентекке әке-шеше ғана емес бүкіл ауыл, ақсақал жауап береді.
Арақ ішіп өлгендерге жаназа шығарылмайды және бөлек жерленеді.
Малдың өрісін, жусауын бұзғанға – айып.
Күйеуі қайтыс болса, әйелі бір жылға дейін тұрмысқа шықпайды.
Жесір әйел "ерден кетсе де елден кетпейді", күйеуінің аға немесе
інісіне тұрмысқа шығуы тиіс. Егер әйел басқа біреуге кететін болса, бұл
"жесір дауы" заңымен шешіледі.
"Табалдырықты басу" қазақ арасында жаман ырым ретінде осы күнге
дейін сақталған. Мысалы: "Табалдырықты баспа", "табаныңды тартпа",
секілді тиымды келтіруге болады.
Сонымен, біз Білік пен Жосықтың қазақ
елі хандарының жарғысына
және еліміздің әдет-ғұрып заңдарына айналғанын көріп отырмыз.
Шындығында Білік пен Жосық заңдары халық жүрегінен орын алып, дүние
таным сабағы ретінде Ұлы далаға кең жайылған. Алғашқы нұсқадағы Білік
пен Жосық аты ұмытылғанымен, мазмұны өмір сүріп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: