«Ертіс сүмбе» (Эрчисын сумэ)-Семейдің қимақ дәуіріндегі атауы
Артықбаев Ж.О
т.ғ.д, профессор
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Қазақ халқы Ресей империясының құрамында отаршылдықтың
езгісінен еңсесін көтере алмай жүргенде, оның жанашыры, жоқшысы болған
азаматтың бірі Г.Н.Потанин болғаны белгілі. Ертіс бойында туған, ұлы
дарияны жағалап бірталай тарихи-этнографиялық зерттеу экспедицияларын
жүргізген ұлы ғалым «бұл жер, біздің өмір сүріп жатқан жеріміз, адамзаттың
нағыз алғашқы отаны. Бұл жерде алғаш рет сенім (Күнге) пайда болды. Бұл
жақтағы өзендер алғашқы адамдарға ана құшағы болса, тау шыңдарын олар
әкеге балады. Мен қазір Адам ата мен Хауа ана мекендеген жұмақ Ертіс
дариясының жоғарғы жағы деп сенімді айта аламын» дейді (11,с.76).
Ертіс бойындағы адамзат баласының ең ерте
іздері палеолит дәуіріне
бастайды. ХХ ғасырдың 90 жылдары Павлодар археологиялық экспедициясы
Лебяжье (Қулы көл) маңында Ертіс жарқабағына орналасқан Қаратерек деген
ескі қоныстан палеолит дәуірінің тас қаруларының (чоппер, чоппинг) үлкен
коллекциясын тапты. Палеомагнитті әдістермен зерттеу барысында бұл тас
қарулардың 1,67-1,87 млн жыл бұрын жасалғаны анықталды. Бұл тек қана
қазақ жері емес, бүкіл Еуразия кеңістігіндегі адам қолынан шыққан көне қару
екені сауатты адамға анық. Осы сияқты деректерге сүйене отырып біз Ертіс
бойының тарихын, оның ішінде Семей тарихын 1718 жылдан ғана бастайтын
тарихи шығармашылықты қабылдамайтындығымызды жасырмаймыз.
Дәлел есебінде біз Семейдің тарихи атауларына қатысты деректерге
шолу жасайық. Бізге белгілі жазба деректерінің ішінен ең көп тарағаны
Ресейдің ХУІІІ-ХІХ
ғасырлардағы іс қағаздары, тарихи немесе өлкетану
бағытындағы зерттеу жұмыстары т.б. Семейге қатысты Семипалат (Семи
полат) атауын қолданады, бірақ тарихтан хабары барлары бұл жердің ертеде
Дархан-цорджи
(Дархан-Зорджин-кит,
Зордшин-кит)
атанғанын
да
оқырманға хабардар қылып отырады:
«
Так называемая «Семь палат» лежат на восточном берегу
Иртыша… калмыки называют их Дарханъ-Зорджинъ-Китъ, говоря, что
здания эти построил некий жрец Дарханъ-Зорджи, который и пребывал в
них. Когда это было, они не знают (5,с.145).
.
Бұдан әрі Г.Ф.Миллер 1734 жылғы зерттеу жұмыстары кезінде өзінің
көзі көргенін баяндайды: «Сообщу все, что видел своими глазами, когда
из Семипалатинской крепости отправился к этим развалинам.
Лежат они на возвышенной и бесплодной, по природе своей. степи,
неподалеку от берега реки Иртыша, которая в этом месте с СВЮВ
направляется к СЗЮЗ. Самое название показывает, что всех зданий 7, но это
следует понимать так, что две комнаты одного и того же здания, разделенные
стеною, не будучи
соединены между собою дверью, принимаются за два
разные строения. Одно из зданий отстоит от прочих почти на полверсты.
Большая часть их построена из сырцового кирпича, как это делается по всей
Бухарии. Только одно строение, бывшее, кажется, главным, на полвысоты
(нижний этаж) состоит из плитняка (lapis scissilis), вырытого, по видимому, в
той же местности. По крайней мере, следы
его ясно видны местами по
обрывам берега. Здания имеют все четырехугольную, некоторые
продолговатую форму. Величина зданий различна, но ни одно из них не
превышает 15
обыкновенных шагов; стены редко толще 2 футов (
1 фут -
шамамен 12 дюйм немесе 0,305 м.). Одно здание (ради придания ему
большей прочности, как полагаю) по четырем углам поддерживается
колоннами из того же сырцового кирпича. Одно возвышается на подобие
пирамиды, постепенно суживается. Одно разделено на 3 комнаты. Одно,
отстоящее, как я сказал, на ½ версты, меньше остальных, но выше их, почему
и
называется башней, построенной для караульных. Они уже почти все
обрушились или грозят скорым разрушением, что иначе и быть не могло
вследствие материала, из которого они возведены.
Нужно удивляться, как
они при таком способе постройки еще простояли столько времени, т.е. более
столетия. …
Кроме того, возле большого здания лежит огромный,
Достарыңызбен бөлісу: