Қорытынды …………………………………………..…………………..
79
Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі ……………....………………
83
Қосымша ……………………………………………….....……………….
85
4
КІРІСПЕ
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның шаруашылық қызметінің
аса
маңызды
ажырағысыз
бөлігі.
Кәсіпорын
экономикасындағы
инвестициялардың маңызын айтып жеткізу өте қиын. Капитал қажет
етушіліктің үнемі өсуі мен ұзақмерзімді факторлар рөлінің арта түсуі қазіргі
заманғы өндіріске тән болып саналады. Сол мезгілде көптеген
кәсіпорындардың инвестициялау үшін қажетті қаражаттары жоқ. Ал,
кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі, өнімдер сапасын арттыруы және
нарықтағы өзінің позициясын нығайтуы үшін, ол белгілі бір жағдайларда мүлік
сатып алу жолымен өзінің қызметін инвестициялауы тиіс. Лизинг осындай
әдістердің бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта кәсіпорындардың көпшілігі дәл осы қысқамерзімді
активтердің жетіспеушілігін сезінуде. Олар өздерінің негізгі құралдарын
жаңалап, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізе алмауда,
сондықтан лажсыздан займдар алады. Ал, өзінің негізгі құралдарын жаңалау
қажет болған кезде жабдықтарды лизингке сатып алған тиімдірек болып
саналады. Бұл ретте, негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалатын әдеттегі
несиемен салыстырғанда кәсіпорын қаражатын үнемдеу, негізінен, бір жылдан
бес жылға дейінді құрайтын, лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі жабдық құнының
10%-на
дейін жетеді. Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдай,
сарапшылардың пікірі бойынша, лизингке қолайлы жағдай жасайды (және
кәсіпорындарды соған итермелейді). Лизинг формасы жаңғыртуға қаражаты
жоқ кәсіпорын мен инвестицияланған қаражатты қайтаруға жеткілікті кепілдік
бере алмайтын кәсіпорынға несие беруге ықылассыз банк арасындағы
қайшылықты болдырмауға көмектеседі.
Әлемдік экономикалық дамудың қазіргі кезеңі қаржылық-экономикалық
дағдарыспен сипатталады және осы жағдайларда соның салдары ретінде
қаражатты үнемді жұмсаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігі туындайды.
Дағдарыс кезеңінде көптеген ұйымдар, айналым қаражатын үнемдеу құралы
ретінде, лизингті пайдалануға артықшылық береді және осымен байланысты
лизингтік ұйымдар есебін жүргізу маңызы одан кем түспейтін мәселе болып
саналады. Лизингті пайдаланудың тиімділігін бақылау үшін ұзақмерзімді
активтер тартудың қажеттілігі, ұйымдардағы қаржы ресурстарына бақылау
жүргізуге талдау жасаудың ақпараттық базасы болып санала отырып,
бухгалтерлік есеп пен есептілікті қалыптастыратын уақытылы есептен шығару
туралы ақпарат қажет.
Лизингтік нарықты қоса алғанда, лизингті дамытудың өзектілігі, ең
алдымен, жабдықтар паркінің қолайсыз жай-күйімен: моральдық жағынан тозу
үлес салмағының елеулі жоғары екендігімен, оны пайдалану тиімділігінің
төмендігімен, босалқы бөлшектермен, символикалық қамтамасыз етушілікпен
байланысты болып саналады. Сыртқы сауда, несие және инвестициялық
операциялардың бүкіл элементтерін біріктіретін лизинг, осы пробемаларды
шешу нұсқаларының бірі болуы мүмкін.
5
Қазақстандағы лизингтік компаниялар, аса жаңа форма болып
саналатынын ескере отырып, лизингтік операциялар есебі мен салық салу
саласындағы заңнамалық базадағы қарама-қайшылықтар проблемалары өте
өзекті мәселелерге айналып отыр. Осымен байланысты соңғы жылдары
лизингтік компанияларда есепке қою салаларында үлкен жұмыстар жүргізілді.
Бірақ, бұл да әлі жеткіліксіз болып отыр. Заңнамалық базаның бүкіл
өзгерістеріне нақты уақыт ауқымында әрекет етуге мүмкіндік беретін, икемді
есеп жүйесін ұйымдастыру аса маңызды болып саналады.
Осымен байланысты, лизингтік қызмет көрсету оның қызметі болып
саналатын, кәсіпорынның қаржылық лизингінің бухгалтерлік есебін және салық
салуды зерттеудің өзектілігі анық екендігі көрінеді.
Есеп жүйесін дамыту – бұл ақша ағындарын беру және нақты
операциялардың тиімділігін бақылау мүмкіндігін беретін, кәсіпорын ішіндегі
ұйымдық және ақпараттық өзара іс-қимыл мәдениетінің көрсеткіші.
Лизингтік операциялар есебі мен салық салу жүйесі, инвесторлар мен
несие алушылардың талап-тілектеріне бағдарлана отырып, аса маңызды
міндеттердің бірі – оның иелігінде бар ресурстарды барынша жоғары
қайтарыммен пайдалануды шешуде кез келген ұйымның басшысына
көмектеседі.
Сондықтан осы салада теориялық әзірлемелерді жүзеге асырудың
маңыздылығы, лизингтік операциялардың бухгалтерлік және салық есептерін
үйлесімді ету проблемаларын шешу мақсатында оларды тәжірибеде енгізудің
қажеттілігі, аталмыш зерттеудің өзектілігін айқындап берді.
Отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдамалық көзқарастары,
зерттеудің метдологиялық аспектілерін негіздеу, қаржы лизингінің маңызын
айқындауда ғылыми позицияны тұжырымдау мен лизингтік қызмет көрсетулер
оның қызметі болып саналатын кәсіпорындар мысалында, есепті және салық
салуды жетілдіру бойынша ұсынымдар беру кезінде пайдаланылды.
Инвестициялық қаржыландыру формалары ретінде, лизингті өлшеу, есебін
жүргізу және салық салу бойынша теориялық ережелерді негіздеу мен
ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ инвестициялық қаржыландыру формалары
ретінде, лизингтің экономикалық маңызын зерделеу, монографияны жазудың
мақсаты болып саналады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін монографияда келесі міндеттер алға
қойылды:
-
инвестициялық қаржыландырудың экономикалық маңызы мен
формаларын қарастыру;
- инвестициялық қаржыландыру формалары ретінде лизингті өлшеу, есебін
жүргізу және салық салу тәртібін зерделеу және нақты ұйымдар мысалында
лизингті пайдаланудың тиімділігін талдау;
- лизингтік жобаларды бағалау методологиясы мен кезеңдерін ашып
көрсету;
- негізгі құралдарды инвестициялық қаржыландыру формалары ретінде
лизингті өлшеуді, есебін жүргізуді және салық салуды жетілдіру бойынша
ұсынымдар әзірлеу.
6
Лизингтік операциялар есебі, салық салу және талдау методологиясы
зерттеу тақырыбы болып пайдаланылды.
ҚР «Қаржылық лизинг туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің қаулылары мен
қаржылық лизинг мәселелері бойынша өзге де нормативтік-құқықтық құжаттар,
монографияның теориялық, методологиялық және ақпараттық базасы болып
анықталды. Бұл үшін сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік
стандарттары, оған әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар, ҚР Статистика
жөніндегі агенттіктің деректері, елдің министрліктері мен ведомстволарының,
жетекші лизингтік компаниялардың материалдары, сондай-ақ ғылыми
әдебиеттерде
және
мерзімді
басылымдарда
жарияланған
деректер
пайдаланылды.
Монографияны жазу үдерісінде, монографияның жаңа ережелеріне
дәлелдер мен дәйектер алу үшін жүйелілік пен кешенділік, талдау мен синтез,
индукция мен дедукция, салыстыру, нысандандыру және модельдеу, тарихи
және логистикалық тәсілдемелер пайдаланылды.
Монографияда әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдарды пайдалану
лизингтік операциялар есебі мен салық салудың қолданыстағы тәжірибесін
жетілдіруге, сондай-ақ алынған нәтижелерді (заңнамалық деңгейде құқықтық,
салық салаларындағы және бухгалтерлік есептегі лизингтік қызмет көрсету
нарығының дамуын тежейтін факторларды анықтау мәселелеріндегі) нақты
ғылыми-тәжірибелік ұсынымдарға және оларды шаруашылық қызметіне
пайдалануға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұнан өзге, олар нормативтерді, сондай-ақ субъектілердің лизингтік
қызметін реттейтін есеп саясатын одан әрі жетілдіру үшін бағдарлар ретінде
пайдаланылуы мүмкін. Берілген ұсынымдар ұйымдардың есеп қызметі, оқыту
жүйелері шеңберлерінде, сондай-ақ тиісті нормативтік актілерде, жоғары оқу
орындарында пайдаланылуы мүмкін. Монографияның материалдарын жоғары
оқу орындары «Бухгалтерлік есеп» және «Қаржылық есеп» курстарын зерделеу
кезінде пайдалана алады.
Әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдарды пайдаланудың лизингтік
операциялар есебі мен салық салудың қолданыстағы тәжірибесін жетілдіруге
мүмкіндік беретіні, сондай-ақ алынған нәтижелерді (заңнамалық деңгейде
құқықтық, салық аяларындағы және бухгалтерлік есептегі лизингтік қызмет
көрсету
нарықтарының
дамуын
тежейтін
факторларды
анықтау
мәселелеріндегі) шаруашылық қызметінің нақты субъектілеріне дейін жеткізуге
мүмкіндік беретіні, орындалған зерттеулердің практикалық маңызын
айқындайды.
Жүргізілген зерттеудің жаңалығын анықтайтын неғұрлым маңызды
нәтижелерге келесілер жатады:
- әр түрлі дерек көздеріндегі «қаржылық лизинг» терминін түсінудегі
қарама-қайшылықтар ашып көрсетілді;
- лизинг затын анықтау және оны бухгалтерлік және салық есебінде тану
мәселелері бойынша нормативтік заңнамалық база талданды және оны
жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді;
7
- мемлекеттік деңгейде: салық салу және бухгалтерлік есеп аясында,
лизингтік қызметке мемлекеттік қолдау көрсету саласында лизингтің дамуын
тежейтін факторлар анықталды;
- лизинг затын анықтау және оны бухгалтерлік және салық есебінде тану
мәселелері бойынша нормативтік заңнамалық база талданды, сондай-ақ оны
жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді;
- қаржылық есептіліктерде лизингтік операциялардан сыйақы төлеу
бойынша кірістер мен шығыстарды көрсету әдістемесі ұсынылды.
Зерттеудің алдыға қойған мақсаттары мен міндеттері монографиядағы
материалдардың құрылымын, логикасын, мазмұнын және баяндау тізбектілігін
анықтады. Оның негізгі бөлімі үш тараудан тұрады.
Бірінші тарауда авторлар инвестициялық қаржыландыру формалары
ретінде, лизингті өлшеудің, есебі мен салық салудың теориялық-әдістемелік
ережелерін зерттеді.
Монографияның екінші тарауында, инвестициялық қаржыландыру
формалары ретінде, лизингті өлшеу, есебі мен салық салу анықталды және
талданды.
Үшінші тарауда, инвестициялық қаржыландыру формалары ретінде,
лизингті өлшеудің, есебі мен салық салудың жаңа қолданыстық тәсілдемелері
әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: |