14
жасайтын лизингтік компаниялар үшін бірқатар салық жеңілдіктерін беруді
көздейді [1].
Лизинг Қазақстанның кәсіпкерлік қызметіндегі жаңа бағыт ретінде, біздің
пікіріміз бойынша, қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді үнемі
талдап отыруды және нормативтік құжаттардың қолданыстағы жүйесіне үнемі
жүргізілетін мониторингті ескере отырып, оларға жүйелі түзетулер жасауды,
лизингтің дамуына кедергі келтіретін ережелерді анықтауды және оларды
уақытылы жоюды көздейді.
Лизингке лизинг беруші бұрын пайдаланған мүлік емес, жаңа, оны
лизингке табыстау айрықша мақсатында лизинг беруші арнайы сатып алған
мүліктің тапсырылатындығы, лизингтің негізгі ерекшелігі болып табылады.
Оның мерзімінің жабдықтың қызмет мерзіміне жақындайтындығы, лизинг үшін
тән болып саналады. Лизингтің мерзімі аяқталғаннан кейін шарт талаптарына
сәйкес лизинг алушы мүлікті меншігіне алуға, шартты неғұрлым жеңілдікті
жағдайларда
қалпына келтіруге, я мүлікті лизинг берушіге қайтаруға құқылы
[1].
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес «ғимараттар, құрылыстар, машиналар,
инвентарь, көлік құралдары, жер телімдері мен өзге де уақытша
пайдаланылатын тұтыну объектілері лизинг заты болуы мүмкін. Бағалы
қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг заты болуы мүмкін». Өйткені лизинг
шартының мазмұны бөтен затты уақытша пайдалануды құрайды, сондықтан
уақытша пайдаланылмайтын тұтыну объектілері
ғана лизингке тапсырылуы
мүмкін. Лизинг затына жалға алған затты кәсіпкерлік мақсаттар үшін
пайдалану талабы қойылады [7].
Лизинг мүлкін сатып алуды қаржыландыруды меншікті немесе займ
қаражаттар есебінен лизинг берушілер (лизингтік компаниялар) жүзеге асырады.
Лизингтің жабдық сатып алуға берілген несиемен ұқсастығы бар. Бізді
көзқарасымызша, шынында да, лизингті лизинг компаниясының мерзімділік,
қайтарушылық, ақылылық жағдайларында лизинг алушыға несие беру
негізіндегі мүліктік қатынасы ретінде қарастыруға болады. Алайда, бұл лизинг
сипаттамаларының бірі ғана. Өзге негізгі сипаттамалар меншік қатынастарға
негізделеді. Лизинг кезінде жалгерлік затына меншік лизинг берушіде
сақталады, ал лизинг алушы оны уақытша пайдалануға ғана сатып алады, яғни
мүлікті пайдалану құқығы оған иелік ету құқығынан бөлектенеді. Осы құқыққа
ие болғаны үшін лизинг алушы лизингтік компанияға, тиісті сомаларды
(лизингтік төлемдерді) төлейді,
аудару мөлшері, түрі мен кестесі екіжақты
лизингтік шарттың талаптарымен анықталады.
Өйткені көпшілік жағдайларда сатушыны таңдау жауапкершілігі лизинг
алушыға жүктеледі, егер лизинг шартында басқалай көзделмесе, лизинг беруші,
лизинг шартының талаптарына сәйкес сатушыны таңдауды лизинг беруші
жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда, сатып алу-сату шарты бойынша оның
міндеттерін сатушының орындауына лизинг алушы алдында жауап бермейді.
Сатушыны лизинг беруші таңдаған жағдайда, сатып алу-сату шартының
талаптарын орындамағаны үшін лизинг алушы алдында лизинг беруші
сатушымен ынтымақты жауапкершілік көтереді [1].
15
Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңының 12-
бабының 5-тармағына сәйкес «лизинг алушы лизинг мүлкін ұстап тұру, егер
лизинг шартында басқалай қарастырылмаса, лизинг беруші алдында өзінің
жауапкершілігін
сақтандыруды қоспағанда, оны сақтандыру бойынша бүкіл
шығыстарды өзі көтереді» [1].
Мүліктік сақтандыру шарты бойынша келесі мүліктік мүдделер
сақтандырылуы мүмкін:
- белгілі бір мүліктің жоғалу (жойылу), жетпей қалу немесе зақымдану
тәуекелі;
- өзге тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру
салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі,
сондай-ақ шарттар бойынша жауапкершілік тәуекелі – азаматтық
жауапкершілік тәуекелі;
- кәсіпкер контрагенттігінің өз міндеттемелерін бұзуынан немесе
кәсіпкерге қатысты емес мән-жағдайлар бойынша осы қызмет жағдайларының
өзгеруінен кәсіпкерлік қызметтен шеккен шығындар тәуекелі, оның ішінде
күткендегідей кірістер алмау тәуекелі – кәсіпкерлік тәуекел. Мүлік,
заңда
негізделген
өзге
құқықтық
актідегі
немесе
шарттағы
тұлғаның
(сақтандырушының немесе пайда алушының) пайдасына осы мүлікті
сақтандыру мүддесі үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін.
Әрі сақтандырылушының немесе пайда алушының мүлікті сақтандыруға
мүддесі жоқ болған кезде жасалған мүлікті сақтандыру шартының заңды күші
жоқ [6].
Қазақстанда бухгалтерлік есепті жүргізу 2007 жылдың 28-ақпанындағы
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңымен және 17
«Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандартымен (ХҚЕС (IAS))
реттеледі.
Салық салу мақсатында қаржы лизингі мәмілені тану үшін, қаржы лизингі
шарты Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңына сәйкес
жасалуы тиіс.
Салық салу мақсатында қаржы лизингі танымайтын лизингтік
операцияларды, қаржы лизингі үшін ҚР Салық кодексі белгіленген. Мәселен,
жер, өтемпұлға жатпайтын ұзақмерзімді актив болып саналады, демек, жер
телімі лизингі салық салу мақсатында қаржы лизингі болып танылмайды.
Қаржы лизингінің корпоративтік табыс салығы мен ҚҚС бойынша жеңілдіктер
түрінде өз ерекшеліктері бар [8].
Корпоративтік табыс салығының (КТС) салық салу объектілері болып
келесілер саналады: салық салынатын кіріс; төлем көзінен салынатын кіріс;
тұрақты өкілдік арқылы Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын, резидент емес
заңды тұлғаның таза кірісі. Салық салынатын кіріс жиынтық кіріс пен
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген шегерімдер
арасындағы айырма ретінде, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 91
және 122-баптарына сәйкес жүргізілетін шегерімдер мен кіріске түзетулер
жасауды ескере отырып анықталады. Корпоративтік
табыс салығының
мөлшерлемесі 20% мөлшерінде белгіленген [8].
16
Лизинг берушінің салық салынатын кірісі, кейін оларды лизинг алушыға
берумен үш жылдан асатын мерзімге берілген негізгі құралдардың қаржы
лизингі бойынша сыйақы сомасына азайтылады. Лизинг берушінің лизинг
затын сатып алуға несиелер бойынша несие алушы резидентке төлейтін
сыйақысы, толық көлемде шегерімдерге жатқызылады. Егер несие алушы
Қазақстанның резиденті емес болып саналса, осы резидент емеске төленген
сыйақы сомасы, лизинг берушінің меншікті капиталының орташа жылдық
міндеттемелеріне қатынасы және белгіленген шекті коэффициенті (қаржы
ұйымдары үшін коэффициент 7-ге, ал өзге заңды тұлғалар үшін – 4-ке тең)
ретінде анықталады [8].
1-формула бойынша келесі түрде көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: