106
Сүлеймен қарақшы
зағамбардың төменгi жағындағы сарт қышлағынан бiр асса, арғы
жағында Ордабек бауы таяқ тастам жер. Ордабек пен Ноғайды
тезiрек көргiсi келiп асыққан Сүлеймен атына қайта қамшы басты.
Бiрақ болыс ауылына атының қан сорпасын шығарып барғысы
келмей, бiраз шапқан соң оның басын тежеп, жай бүлкiлге көштi.
Алдынан қаз-қатар болып тiзiлiп,
ылғи қызыл кiрпiштен
соғылатын орыстардың тамдары көрiнген кезде “осы кәпiрлер
бұл жаққа қашан келген өзi?” деп ойлады. Көбекең рахметтiк
бұлардың осы маңға келгенiне әлi елу жыл болған жоқ”
дейтiн. “Шошқа етiн нәсiп еткен көк көздер мұнда келгенде
мылтықтарымен қазақтарды үркiтiп, өңкей жақсы жерлерге
орнығып алды”, — деушi едi ол бейшара тағы. “Бiздiң
қазақ
сорлы момын-ау. Түлкiбасқа барсаң да, Бадамның төменгi
жағасын көрсең де ылғи жақсы жерлердiң бәрiн ауғындыларға
берiп қойған. Әй, бiр, өздерiнiң көздерiне көк шыбын үймелетiп,
ат сауырына алып, тырқыратып қуып жүрiп, сабар ма едi. Ал
мына сарттар қазақтың қақ ортасына қайдан келiп,
орныға
қалған десейшi. Ауылдағы Есеңгелдi атам: “Бұл сарттарды баяғы
Қожамжар би Шыршықтан берi ауғанда өзiмен бiрге ала келген”,
— деушi едi. Еркектерi Қожамжар бидiң құлы, әйелдерi күңi
болса керек. Солардан қалған сарттар ғой бұлар. Өздерi қазiр
көбейдi. Жүз түтiнге таяп қалды-ау, шамасы. Әй, сартты қойшы,
өзiмiздiң мұсылман ғой. Бәрiнен бұрын мынау шегiр көз, жирен
сақалды, имансыз сары орысты айт. Ноғайға ерiп, сарбаз болсам,
пәлелерге көрсетер едiм көргiлiктi”.
Сүлеймен орыс ауылының шетiндегi аса сәнмен салынған
шiркеуге жеткенде, алдынан қисалаңдап төрт орыс жiгiтi шыға
келдi. Өздерi қайнатпа арақ iшiп, мас болып тұр. Ауыздарында
орама шылым. Олар Сүлеймендi көре сала:
— Ей, казах, кил мунда. Оставь нам свою лошадь! — деп
айқайлады.
Сүлеймен алдыңғы сөзiн түсiнгенiмен, кейiнгiсiн түсiнбедi.
Оларға мойнын бұрып бiр қарады да, тоқтамай жүре бердi. Мас
орыстар Сүлейменнiң өздерiн тыңдамай кетiп бара жатқанына
бiр
жағы намыстанып, бiр жағы ашуланып, тағы әлденелердi
орысша айтып, айқайға басты. Тiптi болмағасын, төртеуi бiрдей
107
Сүлеймен қарақшы
жүгiрiп келiп, атының шылауына жармасты. Бұған ашуланған
Сүлеймен:
— Өй, әкеңнiң… Жiбер деймiн аттың басын, — деп шылауына
алғашқы болып жармасқан денелi бiреуiнiң басына қамшымен
салып қалды.
Қамшы қатты тимедi ме, әйтеуiр сегiз өрiм қайыстың
соққысын орыс елеген де жоқ. Қайта атты шiркеу алдындағы
жаман тамға қарай сүйреп барады. Сүлеймен қамшымен оны
құлаштап тұрып тағы ұрды. Бұл жолы ол аттың тұмсығының
астына басын тығып үлгердi де, соққы дарымады. Қайдан келгенi
белгiсiз, тура осы кезде жуан дауыспен күркiлдей үрген бiр ит
келiп, аттың құйрығына жармасты. Ат одан үркiп,
алға қарай
секiрiп-секiрiп кеттi. Ал анау орыс шылаудан айырылар емес.
Алға қарай секiрген атпен бiрге ол да секiрiп, әлгi жаман тамға
жақындай түстi. Арттағы орыстар болса, иттерiн тағы айтақтап,
Сүлеймендi кесекпен ұрып жатыр. Сүлеймен лақтырылған
кесектерден қорғанып, ат жалына жабыса еңкейдi. Осы сәт:
— Шо такое? — деген бiреудiң жуан дауысы шықты.
Құтырына айқайлаған орыстар мен үрген иттiң дауыстары
сап тиылды. Сүлеймен алдына қараса, өзiнен екi-үш қадамдай
жерде ұзын сақалды, ат жақты, көздерi үлкен, таз басы жалаңбас
бiр орыс тұр екен. Тобығына дейiн ұзын шапан киген, мойнына
қара крест тағып алыпты. Сүлеймен мұндайлардың талайын
көрген. Орыстың молдасы ғой. Мұны қуған орыстар оған қарап
бiрдеңелердi айтты. Ол болса күлiмсiреп тұрды да, Сүлейменге
сөйледi:
— Биздин хлопцылар дурс айтады. Сен атинди бизге бер. Ал
озин жаяу кит.
— Мұндайда қазақтың молдасы тентегiн жөнге салушы едi.
Сiздiкi не?
— Ой, бакирма. Айтканимди исте, — дедi поп тағы түсiн
суытып.
Сүлейменнiң өздерiнiң айтқандарына
көне қоймайтынын
бiлген олар, ендi бәрi жабылып, мұны аттан аударып тастамаққа
әрекеттендi. Манағы шылауға жармасқан дәу орыс қолдарын
ербеңдетiп жақындай бергенде, үзеңгiден аяғын шығарып, оның
кеудесiне бiр тептi. Ол кеудесiн ауырсына керi шегiндi. Артынша
екiншi орыс келiп, сол жақтағы үзеңгiдегi аяғына жармасты.
Жана ат иттен үркiп секiрiп кеткенде, қолындағы қамшысы түсiп