оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, эдептілік өлшемі болып табылады. Адамның жас кезінен дұрыс, сауатты сөйлеуге дағдылан- уы - ізгі қасиеттердің бірі. Мұсылман жұртшылығы бұған үлкен жауапкершілікпен қараған. Өйткені, қасиетті Құранда бұл тура- сында: «Расында да, сіздерді қорғаушылар бар. Мэртебелі жазу- шылар. Не істегендеріңізді бүкпесіз біліп тұрады», - деп («Инфи- тар» сүресі, 10-12-аяттар), эр адамда аузынан шыққан сөзді жазып алып тұратын екі періште болатындығын ескерткен (Ислам жэне өркениет. - 2009. - 11-20 желтоқсан. Қ. Бағашар. Адамның сөзі - ақылының таразысы). Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өміріне көз салсақ, сөз сөйлеуге аса бір байыппен қарағанын көреміз. Айша анамыздың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сөз сөйлегенде асықпай-аптықпай баппен сөйлеген. Қажет кезінде ұғынықты болу үшін, айтқан сөзін бірнеше рет қайталаудан жалықпаған (Тирмизи, Мәнақиб, 9). Сөздері мірдің оғындай өткір, эрі даналыққа толы болғандықтан, естіген жанға қатты эсер ет- кен. Оны бір тыңдаған жан тағы да тыңдауға құмартқан. Тілі таза эрі шұрайлы, барынша ұғынықты болған. Бұны өз сөзінде: «Арабтардың ішіндегі ең таза, шешен сөйлейтіні менмін», - деп білдірген, «Өйткені, Аллаһ тағала маған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан», - деп түсіндіретін (Ислам ж эне өркениет. - 2009. - 11-20 желтоқсан. Қ. Бағашар. Адамның сөзі - ақылының таразысы).
84 Ж а ң сы лы ң б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
Демек, қысқа қайырып, тоқетерін ғана айтып, тыңдарманға пайдасы тиетін, ойлы көңілден туған сөзді ғана айтуға дағдылаған