Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет24/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Əбибұллаева К.М. 
(Қазақстан Республикасы,Тараз қ., 
 М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті)
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ТВОРЧЕСТВАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ 
АРТ ТЕРАПИЯНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Тұлғаның даму мен белсенділігі оның практикалық іс-əрекеттегі шындықты тану мен 
қоршаған ортамен эмоциялық байланыс құрумен анықталады. Тұлғаның қабілетін дамыту 
механизмдері оның творчествалық мəселесінің ерекше өзектілігін көрсетіп отыр.
Творчествалық қабілеттің динамикалық тұлғалық сипаттамасы шығармашылықтың жəне 
оның негізгі көрсеткіштерінде көрінеді. Белсенділік тұлғаның иеленген білімі, көзқарасы жəне 
түсініктерінің ойлау, эмоция, сөз жəне т.б. процестер арқылы көріну жəне өзгеру жүйесі болса, 
ал творчествалық қабілет ол шығармашылық, əдемілік, көріктілік пен сымбаттылық. Мұның 


31 
барлығы адамның өмірлік позициясындағы шығармашылық іс-əрекетінен көрінеді. Əр жеке 
адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тəн санасы, еркі, өзіндік əрекет жасай алатын қабілеті, 
білімі мен тəрбиесі бар екенін ескере отырып, творчествалық қабілетін арттыру олардың жеке 
басылық қасиеттерін дамытып, шығармашылық қызығушылығын оятуға мүмкіндік жасау 
болып табылады.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы жайлы теория мен тəжірибе танымдық іс–əрекеті мен 
оның жеке даралық қабілетінің негізі болып табылады. Ол тұлғаның интеллектуалды дамуы 
мен шығармашылық қабілетінен көрінеді. Қазіргі таңда психология ғылымында кеңес 
психологтары Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, О.К. Тихомировтың 
еңбектерінен жоғары психикалық қызметтің пайда болуы мен танымдық іс–əрекет, тұлғаның 
дамуы мен жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, В.С. Мерлиннің 
зерттеулерінен психикалық жаңа білімді қалыптастыру тəсілі жəне тұлғаның əлеуметтік 
əрекеттену факторы екендігін көреміз. 
Сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен қалыптасуында өз халқының тарихы мен ұлттық 
құндылықтарды пайдалану (М.М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева, 
Л.К. Көмекбаева) белсенділігі жоғарылап, оны қолдануға деген қызығушылық артып келеді.
Тұлғаның жеке даралық дамуы мен қалыптасуы туралы мəселені шешкенде, ең алдымен,
баланың ақыл – ойының даму деңгейін ескеру маңызды орын алады. Оның жаңа материалды 
меңгеруі қандай білім мен іскерліктерді талап ететіндігіне талдау жасау қажет. Белгілі бір зат, 
оқиғалар, жағдайлар немес іс -əрекет адамның белгілі бір ақыл –ой белсенділігінің түп 
негіздерімен байланысты болса, ол іс-əрекеттің себептеріне айналады.
Тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттыру оның қоршаған ортамен қатынасы
əлеуметтенуі мен қарым-қатынасының алатын орнын басқа адамдармен өзара бірлескен іс-
əрекеттегі жағдайы арқылы анықталады. Ол қарым-қатынасқа түсуші жақтармен 
ұйымдастырылатын жұмыстар негізінде жүзеге асырылады. Осындай дамыту іс-шараларына 
тренингтерді, топтық пікір таластарды, іскерлік ойындарды жəне т.б. жатқызамыз. Мысалы, 
топтық пікірталастар түрлі мақсаттарға қол жеткізуде қолданылады: мəселенің түпнұсқалы 
шешімін табу, оқыту мақсаттарында пікірлерді сəйкестендіру жəне бірыңғай шешім жасау. Ал 
белсенділік дегеніміз сол іс-əрекетті орындауға ынталандыру. Ынталандыру мадақтау, 
жарыстыру, айыптау, яғни ықпалды əрекеттер болып табылады. 
Профессор С.М. Жақыпов оқыту-тəрбие процесінің тиімділігі мəселесін нақтылау үшін 
негізгі деңгейде қарастыра отырып, оның психологиялық мазмұнынын ашып көрсетті. Ол 
психологиялық көзқарас тұрғысынан кез-келген педагогикалық жағдайды ең алдымен, 
тұлғалардың өзара əрекеттестігі, ал содан соң белгілі əлеуметтік рөлдердің иелері ретінде 
мұғалім мен оқушы, оқытушы мен білімгердің жəне т.б. өзара əрекеттестік ретінде 
қарастырды. Бірлескен əс-əрекет саласында біріккен басқа адамдардың өзіне қалай қатынас 
құратындығын өзі үшін объект болып табылады.
Белгілі бір заттар, оқиғалар немесе қасиеттер сананың белсенділігін арттыра алады, 
мұның өзі адамның көңіл бөліп, зейінінің аударылғанынан көрінеді, өйткені ол адамның іс - 
əрекетінің ішкі негіздерімен – ақпаратты қажетсінуімен байланысты. Балалар мен ересек 
адамдардың əр алуан іс – қимылы нəтижесінде олардың автоматталған əрекеті – дағдылары, 
іс - əрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті əдеттері 
қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық жəне психикалық жағынан дамып 
жетілуіне əсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.
Тұлғаның творчествалық қабілетін дамыту, шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай 
жасау, белсенді көркемдік іс-əрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты 
қалыптастыру, оның болашағын: мəдениеттік, өнерін, əлеуметтік жағдайын жақсартудың алғы 
шарттарының бірден-бір өзекті мəселелерінің бірі болып саналады.
Əрине, қабілетті баланы анықтау көпқырлы жəне күрделі процесс болып табылады. 
Қабілет дегеніміз не? Қабілет – іс-əрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нəтижелі етіп 
орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілет деп, мысалы, ақынның, жазушының, 
ғалымның, педагогтың жəне тағы да басқалардың қызметінде айрықша маңызы бар 


32 
бақылағыштығын айтамыз. Суретшінің жұмысы үшін айрықша маңызы баркөру есін, 
жазушының творчествосы үшін өте керекті эмоциялық ес пен эмоциялық қиялды, инженер 
мен техникке керекті техникалық қиялды, сонымен қатар музыкалық естігіштікті қабілеттер 
деп атаймыз. Ал қабілеттілік – қандай да болмасын бір немесе бірнеше қызметтердің үздік 
орындалуының шарты болатын психикалық қасиеттер.
Қабілеттердің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы дарындылық 
деп атайды. Қабілеттің даму мəселесіне талдау жасауда, біз көбінесе бұл ұғымдарды 
түсіндіретін мазмұндарға байланысты түсінеміз. Қабілет пен дарын ұғымдарының 
анықтамасындағы біршама қиыншылықтар бұл терминдердің жалпы ұғымдық, тұрмыстық 
түсініктермен байланысты туындайды. Егер түсіндірмелі сөздіктерге үңілетін болсақ, онда 
«қабілет», «дарын», «талант» терминдері көп жағдайда синоним ретінде қолданылады жəне 
қабілеттің көріну деңгейін бейнелейді. Бірақ «талант» терминінде адамның табиғи жақтары 
айтылады. 
«Қабілет» ұғымымен қатар «тəсілқой» жəне «бейімделу» ұғымдары да қолданылады. 
Тəсілқой адам, тапқыр, икемді, бейімделе алатын ретінде сипатталынады, ал бейімделу істі 
үйлестіре алатын, жасай алатын, құрай алатын ретінде түсіндіріледі. Қабілетті адам бұл 
жерде епті адам ретінде түсіндіріледі, ал «епті» ұғымы сөздікте жоқ. Сонымен қабілеттің 
ұғымы іс-əрекеттегі жетістіктермен арақатынаста анықталады. 
«Талант» ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты ескеріледі. Талант қандайда 
бір нəрсеге дарындылық, ал дарындылық туа берілген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Басқаша 
айтқанда талант- іс-əрекетке жоғары жетістікті қамтамасыз ететін туа біткен қабілеттілік. 
Шетелдік сөздіктерде «талант» (talanton) туа біткен қасиетті көрсететін, ерекше табиғи 
қабілет деп көрсетіледі. Дарындылық таланттың бір күйі, таланттың көріну деңгейі ретінде 
қарастырылады. Дарындылық түсінігі тəуелсіз, өзіндік ұғым ретінде В.Дальдің, 
С.И.Ожеговтың /3, Кеңес энциклопедиялық сөздіктерінде жəне шетел сөздерінің түсіндірме 
сөздіктерінде қабілеттің көріну деңгейімен сипатталады. Қабілет туралы ой қозғағанда, 
адамның қандайда бір нəрсені істеуге мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы 
айтқанда адамның аталмыш қасиеттің (қабілет) туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. 
Осыған қоса қабілет те, дарын да іс-əрекеттің нəтижелігінде көрінеді. 
Қабілет мəселесі туралы С.Л.Рубинштейн жəне Б.М.Тепловтың еңбектерінде іс-
əрекеттің нəтижелігі бойынша «қабілеттілік», «дарындылық» жəне «талант» ұғымдарын 
жіктеуге тырысқан. Қабілет іс-əрекеттің нəтижелі болу үшін мүмкіншілігіне байланысты бір 
адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық ерекшелік ретінде 
қарастырылады. Ал «дарындылық» - іс-əрекеттегі нəтижелі болу мүмкіншілігіне байланысты
қабілеттердің сапалы өзіндік үйлесімділігі (жеке-даралық психологиялық ерекшеліктер) 
ретінде қарастырылады.  
Қабілеттіліктердің дамуындағы жеке ерекшеліктер (əдетте, дарындылықтың 
байқалмауы 
немесе 
болмауы 
ретінде 
қарастырылатын 
қабілеттіліктер) 
біздің 
тұжырымдамалық сұлбамыз бойынша былайша анықталады: 
1) қабілеттіліктердің сапалық-сандық өлшемдерімен;
2) бірлескен іс-əрекетттегі серіктестердің мазмұндық сипаттамасымен; 
3) бірлескен іс-əрекеттің құрылымдық ерекшеліктерімен анықталады. 
Бұл қабілеттіліктер өлшемдері жəне бірлескен іс-əрекет бойынша көптеген факторларға 
тəуелді болып келетін жəне айқындық сипатына ие серіктестер алдын ала берілген 
жағдайларда қабілеттіліктердің қалыптасуы мен дамуы, соған орай дарындылықтың көрінуі 
басым дəрежеде бірлескен іс-əрекеттің қызмет үрдісімен жəне мазмұнымен анықталады. 
Бірлескен іс-əрекет, өз кезегінде, біз бұрын көрсеткендей, мағыналық құрылымдардың 
бірлескен іс-əрекет жағдайларында қалыптасатын жалпы қорының даму деңгейіне 
байланысты. Жалпы мағыналық қор туындаған жағдайда жəне оны əр серіктес қабылдаған 
жағдайда ғана бірлескен іс-əрекетті қалыптастыру мүмкін болады. Кейде қабілетті 
«табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді. Дегенмен ғылыми талдаулар тек нышан туа 
пайда болуы мүмкін, ал қабілет – нышанның даму нəтижесі болып табылатындығын көрсетеді.


33 
Қабілеттер сондай-ақ төменде берілген түрлерге де бөлінеді: 
1) реподуктивті қабілеттер – білімді меңгеру жəне іс-əрекетке икемділікті жоғары 
деңгейде епті болуын қамтамасыз етеді. 
2) творчестволық қабілет – айрықша жəне нəрсені құруды қамтамасыз етеді.
Бір адамның бойында бірнеше қабілеттің түрлері болуы мүмкін, бірақ олардың бірі 
басқаларға қарағанда мəндірек болады. Екінші жағынан бірнеше əртүрлі адамдарда бір ғана 
қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзгешеленеді.
Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – іс-əрекет барысындағы оның 
нəтижелік динамикасын көрсету. Кез-келген іс-əрекеттің орындалу нəтижесі өз алдына қандай 
да бір жеке қабілетті анықтаумен емес, əрбір адамдағы өзіне тəн қабілеттердің 
үйлесімділігінен анықталады. Іс-əрекетті меңгеру нəтижесіне əртүрлі жолдармен жетуге 
болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің жоғары жетістікте дамуының жетіспеушілігі, сол іс-
əрекетті нəтижелі орындауға байланысты басқа қабілеттің дамуымен компенсациялануы 
мүмкін... 
Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы 
қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы – 
дарындылық. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен 
тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз 
ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен 
талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды 
балаларды іздеу, оларды оқыту мен тəрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі 
дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда əкеледі.
Балалармен жұмыста психотерапияның икемді формаларын қолдану өте маңызды. 
Арттерапия балаға қандайда бір қақтығыстық жағдайды оның психикасына ыңғайлы
тəсілмен қайта сезінуге, саналы түрде түсіне білуге мүмкіндік береді. Артерапиялық əдістер 
адамның мəселені қайта сезініп, басынан кешіруіне қаншалықты деңгейде даяр болса, 
соншалықты мүмкіндік береді. Баланың өзі бұл жағдайда не болып жатқанын түсіне алмайды. 
Арттерапия - өнермен емдеу тəсілі деген мағына береді. Бұл терапиядағы жаңа əдіс 
болып табылады. «Арттерапия» ұғымын алғаш рет Адриан Хилл (1938) өзінің туберкулезді 
науқастармен жұмысын мазмұндағанда қолданды. Америка құрама штаттарында 
арттерапиямен ең алғаш Маргарет Наумбург айналысқан. Ол Фрейдтің ішкі «Мен» 
құрылымының сурет салу арқылы, илеу арқылы сырқа шығаруға болатыны жайлы пікірін 
қолданды.
Өнермен емдеу қатты уайымдаулар мен ішкі қақтығыстық жағдайлардан босаңсу тəсілі 
бола алады, терапиялық процесті жылдамдатушы бола алады, диагностикалық жəне талдау 
жұмыстарының көмекші құралы бола алады, тəртіпке келтіруші жəне басқарушы «күш» 
ретінде қызмет атқарады, сезімдерге назар аудару тəсілі, өзінің жеке тұлғалық құндылығын 
сезіне білу құралы ретінде қызмет атқара алады.
Қазіргі таңдағы зерттеулерді талдау арттерапияның емдеу мақсатында қолданылуының 
пайдалылығын дəлелдейтін оның негізгі сипаттарын қарастыруды қажет етеді: 
1. Агрессиялық сезімдерді əлеуметтік қолайлы сипатта бейнелеуге мүмкіндік береді. 
Ішкі қысымды шығаруда сурет салуды, илеуді қолдану жақсы нəтиже береді; 
2. Терапияда прогрессті жеделдетеді; 
3. Терапия барысында талдау мен диагностикалық жұмысты ұйымдастыруға негіз 
болады; 
4. Мазмұны түсініксіз ойлар жəне сезімдермен жұмыс атқаруға мүмкіндік береді; 
5. Терапиялық өзара қарым-қатынасты бекітуге көмек береді; 
6. Ішкі бақылау мен тəртіпті сезінудің қалыптасуына ықпал етеді.
7. Сезімдерге назар аударуды дамытады жəне күшейтеді; 
8. Жеке тұлғалық құндылықты сезінуді күшейтеді, көркем өнерлік хабардарлықты 
арттырады. 


34 
Танымдық белсенділік пен тұлға дербестігі ажырағысыз процесс. Белсенді тұлға, көп 
ретте дербес болып келеді. Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы тұлғаның таным 
обьектісіне деген эмоциялық қатынасына байланысты. Шығармашылыққа деген ынта – 
ықылас танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі.
Тұлғаны қандай да бір іс - əрекетке жұмылдыру үшін оны ең əуелі қызықтыру керек, 
сонан соң оның осы əрекетке əзірлігін, дербестік деңгейін анықтау қажет. Бейнелеу өнері – 
түрлері мен жанрлары арқылы қоғамда, адам өмірінде, табиғатта өтіп жататын оқиғалар мен 
құбылыстарды, əсемділікті (келеңсіздікті де) көркем образдар арқылы кескіндейтін, адам 
сезіміне, түйсігіне, танымдық ой-өрісіне эмоциалы əсер ететін əрі шығармашылық іс-əрекетке 
баулитын аса маңызды өнер. Бұл өнер, өзінің атқаратын қызметіне сəйкес, жеке тұлғаның 
шығармашылық потенциялын дамытатын көркемдік білім берудің басты құралы, пəні. 
Сондықтан, қоғам дамуының əртүрлі сатыларында, бұл өнердің өзіндік қасиеттерін 
адамзаттың рухани-шығармашылық дамуына ықпал ететін басты құрал ретінде ғасырлар бойы 
пайдаланып келеді (ол туралы алдыңғы тармақшада айтылған).
 
Əдебиет 
1. Бердібаева С.Қ. Творчестволық іс-əрекеттің этнопсихологиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 
216 б. 
2. Джакупов С.М. Управление деятельностью студентов в процессе обучения: Учебное пособие. - 
Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 117 с. 
3. Кэроул У. Часть целова: арт-терапия в педагогике. – Москва, 1988. 
4. Копытин А.И. Системная арт-терапия - изд. «Питер». – 2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет