Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет20/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
 
 
 
 
 
 


24 
Əбдіғалымова Ғ.О.
(Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ.,
Қызылорда Болашақ университеті) 
 
КӨШБАСШЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖƏНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ҮРДІСТЕРІ 
Қазіргі таңда көшбасшылықты жаңа сипатта зерттеу үрдістері белең алуда. 
Көшбасшылық өзінің табиғаты бойынша адамдарды бірлескен күш-жігерге біріктіре алады 
жəне бұл міндетті ұзақ уақыт бойы жүзеге асырады, біртіндеп ортақ мақсатқа бағынатын 
міндеттерді шеше бастайды.Біз өмір бойы көшбасшылыққа тап боламыз. Мектепте сынып 
старостасы, футбол командасының капитаны, жұмыста бастық жəне т.б. Дегенмен қандай
көшбасшы немесе көшбасшылық стилі тиімді болады деген сұрақ ашық күйінде қала берері 
сөзсіз. Топтың мөлшері, топтағы жəне көшбасшыға деген сенім дəрежесі, топтағы қарым-
қатынас, қойылған міндеттер, орындалу мерзімі, көшбасшының сипаты жəне т.б. сияқты 
көптеген факторларды ескеру қажет. Əрбір нақты жағдайда белгілі бір көшбасшы қажет 
болады. 
Эксперименттік тəжірибеде көшбасшылардың бірнеше түрлері бөлінеді: көшбасшы-
ұйымдастырушы, 
көшбасшы-бастамашыл, 
көшбасшы-эрудит, 
көшбасшы-
шебер.Көшбасшысыз топ бола алмайды деп нақты айта аламыз. Көшбасшы топты 
ұйымдастырады, бағыттайды, ынталандырады. 
Ғалым К. Левин еңбектерінен де табуға болады [1]. Аталмыш автордың тұжырымын 
төмендегі кестеде ұсынамыз.
Кесте 1- Көшбасшылық стилі (К. Левин бойынша) 
№ 
Көшбасшылық 
түрлері 
Сипаттамасы 

Көшбасылықтың 
авторитарлық стилі 
Биліккеиеадам барлық шешімдерді өзіқабылдайды, бұйрықтар береді. Мұндай 
бастық - "деспот". Оның қызметкерлерінің мəселелері оны толғандырмайды, 
оған жұмыс үдерісі, қойылған міндеттерді шешу маңызды. Ол жалғыз билеуші 
болып табылады. 

Көшбасшылықтың 
демократиялық 
стилі 
Бастық қоластындағылармен байланыста жұмыс істейді. Ұжым міндеттерді 
талқылауға жəне шешімдер қабылдауға қатысады. Бұл стиль мəселелерді 
шешуді жеңілдетеді, ұжымда жылы қарым-қатынасты сақтайды. Бірақ 
тапсырмалар 
авторитарлық 
көшбасшылық 
стиліндегідей 
жылдам 
орындалмайды. 

Бос белбеулік 
көшбасшылық 
стилі 
Көшбасшы бар, бірақ ол көрінбейді. Топ өзбетіншежұмысістейді. Өзі 
талқылайды жəне шешім қабылдайды. Көшбасшы іс жүзінде топтың жұмысына 
əсер етпейді. Көшбасшылықтың осы стилімен топ тиімді жұмыс істей алады, 
бірақ жұмыс үдерісін ұйымдастыруға көп уақыт жұмсайды. 
Əлеуметтік психология көшбасшылық мəселелерін дамытуға айтарлықтай елеулі үлес 
қосты. Онда көшбасшылық теорияларының бірнеше топтары бар. Олардың негізгі идеялары 
басқару теориясы мен практикасында, əлеуметтануда белсенді қабылданады жəне дамиды [2].
Батыс əлеуметтік-психологиялық зерттеулерде "көшбасшылық" ұғымы жəне оның 
əртүрлі тұжырымдамалары бастапқыда эмпирикалық зерттеулер негізінде пайда болды [3]. 
Адам көшбасшысының бірнеше түрлері бар, мысалы,жағдаяттық, жұмысшы жəне т.б., яғни 
бұл көшбасшылық психологиясын зерттейді. Көшбасшылықтың ең көп таралған типологиясы 
келесідей:
1. Іскерлік тип. Көбінесе өндірістік мақсаттарға негізделген топтарда кездеседі. Мұнда 
көшбасшылық рөлдер құзыреттіліктің жоғары деңгейі, ұйымдастырушылық мəселелерді, 
іскерлік бедел мен тəжірибені басқаларға қарағанда жақсы шеше білу сияқты қасиеттердің 
болуын болжайды. Осы типтегі көшбасшының негізгі ережелері: жұмыстағы тиімділік жəне 
стандартты емес ойлау. 


25 
2. Эмоциялық тип. Бұл эмоциялық-психологиялық топтарға сипатты болып келеді. Билік 
жеке симпатия мен харизма негізінде қалыптасады. Адам өз ортасында сенім, жылулық, 
сенімділік сезімін тудырады. Онымен сөйлесу оңай жəне ыңғайлы. 
3. Жағдаяттық түрі. Жағдаяттық көшбасшылық іскерлік жəне эмоциялық түрде 
ұсынылуы мүмкін. Бұл түрдің басты айырмашылығы-тұрақсыздық жəне уақытша сипат. Ол 
өзін белгілі бір жағдайларда ғана көрсетеді, мысалы, кез келген төтенше жағдайда. 
Көшбасшылықтың тірек белгісі- бұл билік. Билікте бір адам екінші адамға бұйрық 
береді, бағынушы оны орындайды. Билік бұл – əрекет емес, əрекет ету мүмкіндігі [4].
Билік бір адамның екінші адамның мінез-құлығына əсер ету мүмкіндігін 
көрсетеді.Бағынушыларға əсер ету тəсілдері негізінде əкімшілік, экономикалық жəне 
əлеуметтік психологиялық əдіс түрлерін ажыратады.
Кесте 2 - Бағынушыға əсер ету тəсілдері 
Əкімшілік əдіс 
Экономикалықəдіс 
Əлеуметтік-
психологиялық 
Ықпал ету тəсілі 
Қарамағындағыларға 
ықпал ету үшін өзінің 
құқықтық 
өкілеттігін 
пайдалану. 
Қарамағандағыларды 
материалды ынталандыру. 
Ықпал ету тəсілі- құқықтық 
жазалау шаралары 
Топтық 
нормалар, 
құндылық 
бағдарлар, 
жеке беделі арқылы 
тұлғаға 
ықпал 
ету 
тəсілін енгізеді. 
Сенім. 
Топта «билікті жеңіп алу» үшін көшбасшы басшы сияқты ықпал етудің төмендегідей 
формасын пайдаланады:
- мəжбүрлеуге негізделген билік;
- сыйақы,үстемеге негізделген билік;
- дəстүрге негізделген билік;
- үлгі болу билігі;
- эксперттік билік (көшбасының білімінің құндылығына сенім);
- қатысу арқылы билік (басқаруға тарту).
Бейресми көшбасшыларға төмендегілер сипатты:
- қалыптасатын топтық мінез-құлық түрлерін басқа мүшелерге қарағанда тез арада 
ұғыну, топтық өмірлік əрекетте бекітуге мүмкіндік беру;
- қарқынды қарым-қатынас; адамдермен тез байланысқа түседі, топ мүшелеріне ықпал 
ету үшін қарым-қатынастың табысты формасын пайдаланады;
- басшылққа ұмтылу, басқа адамдардың əрекетін бағыттауға деген қажеттілік;
- бейресми басшы рөлін табысты орындағанда қанағаттануды сезіну.
Жағдаяттық көшбасшылық (жағдаяттық басшылық) — жағдаятқа басқарудың төрт 
стилін пайдалануды ұсынатын жəне тапсырмаға қатысты қызметкерлердің даму деңгейіне 
тəуелді адамдарды басқару стилі.
Жағдаяттық көшбасшылықты Пол Херси (Paul Hersey) жəне Кен Бланшард (Ken 
Blanchard) ұсынды [5]. 1960 ж. бұл теория алғаш рет «Management of Organizational 
Behavior»атты еңбекте жарық көрді. Бұл теорияға сəйкес көшбасшылықтың жəне 
бағынушылық дəрежесі дамуының төрт стилі бар.Жағдаяттық көшбасшылықтың 
төмендегідей стилі ұсынылады:
С 1 — Директивті стиль немесе бұйрық беру жолымен көшбасшылық- міндетке жоғары 
бағдар алу, адамдарға төмен.
Көшбасшы нақты нұсқаулық береді жəне тапсырманың орындалуын қадағалайды. 
Көшбасшылықтың негізгі тəсілі- мақсатты жəне бұйрықты қатал қою.
С 2 — Тəлімгерлік стиль немесе идеяларды сату жолымен көшбасшылық — міндетке 
жəне адамдарға жоғары бағдарлануды қиыстыру.


26 
Жетекші нұсқау беруді жалғастырады жəне тапсырманың орындалуын қадағалайды, 
бірақ, бағынушыға қабылданған шешімді түсіндіреді, өзінің идеясы мен ұсыныстарын айтуды 
ұсынады.
С 3 — Қолдаушы стиль немесе жұмыс үдерісін ұйымдастыруға қатысу жолындағы 
көшбасшылық- адамдарға жоғары бағдарлану жəне төмен-міндеттерге.
Көшбасшы қарамағындағыларға жұмыстары бойынша көмек береді жəне қолдайды. 
Көшбасшы шешім қабылдау үдерісіне қатысады, бірақ қарамағындағылар шешімді 
қабылдайды.
С 4 — Құқық беруші стиль — адамдарға да міндеттерге бағдардың төмен болуы.
Зерттеулерде көшбасшылықтың онбелгісі беріледі (Cox (1996)) 
- өзін əдепт іұстау 
- жоғары қуатқа ие 
- басымдықтармен жұмыс істеу (оларды белгілеп қана қоймай) 
- идеяға шын берілген жəне ынтамен еңбек етеді 
- өзіне тəн ерекше 
- мақсатқа жетуге бағдарланған 
- шабыттандырады жəне ынта білдіреді 
- парасатты 
- басқаларға көмектесуге дайын 
Сурет 1- Көшбасшылық түрлері 
Көшбасшылықты қалай дамытуға болады. Біз зерттеу жұмысымызда осы сұраққа жауап 
іздестірдік. Көшбасшы болудың ең басты сатысы- бұл мəдениет жəне білім. Жалпы, кəсіби 
мəдениет жəне дипломаттық қарым-қатынас.
Екінші саты- стереотиптерді жеңу қабілеті. Ол үшін іштей есею қажет. Көшбасшы 
дəстүрлі құндылықтармен жоғарылауы тиіс. Мұның əрдайым бірінші сатымен келісімде жүруі 
маңызды. Адамгершілік жəне идеологиялық құндылықтарды бұзып, адамды ренжітуге 
болмайды. Бұл сатыға тəжірибе мен өмір мектебі алып келеді.
Үшінші шынайы көшбасшыны қалыптастырады- бұл өзінің бейсанасын білу. 
Бейсаналық– бұл біз соңына дейін пайдаланбайтын өмір мен ақыл көзі. Адамзат сана 
астарында жатқан əлеуетті белсендіру үшін ерте кезден-ақ əртүрлі тəсілдерді пайдаланып 
келеді. Əсіресе медитациялық жаттығулар кеңінен таралған. Шынай көшбасшы- бұл жұмыс, 
жұмыс жəне жұмыс. Ең алдымен адамның өзімен жұмыс жасай алуы. Ал тума нышандар –бұл 
адамның ішкі əлеуеті, оны тек өзіне бағындырып, қажетті арнаға бағыттау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет