Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары


Дайрабай Н.Д., Өтепберген К.Қ., Қойшыман Г.Б



Pdf көрінісі
бет27/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

Дайрабай Н.Д., Өтепберген К.Қ., Қойшыман Г.Б. 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 
ТҰЛҒА МЕН ҚОҒАМНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ МƏСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕГІ 
ҒЫЛЫМ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Психология ғылым мен тəжірибе ретінде қазіргі ұрпақтың өміріне сенімді түрде кіре 
білді. Оны оқу пəні ретінде зерттеуді əлі бастамай - ақ, біз танымал басылымдарда, теледидар 
мен радио бағдарламаларында психологиялық тестілерді, психологтардың ерлер мен 
əйелдерге, басшыларға берген ұсыныстарын, танымал саясаткерлердің қызметі немесе шет 
тілдерін үйрену бойынша жарнамаланатын қызметтер туралы түсініктемелерін, олардың 
дінге, астрологияға, адамдар үшін басқа да маңызды құбылыстардың психологиямен 
қатынасын кездестірдік.
Кез-келген ғылым, сайып келгенде, практикалық қолдануға ие болу тиіс. Практикалық 
психология-бұл практикаға, яғни адамдармен жұмыс істеуге бағытталған психология саласы. 
Бұл мақалада психология ғылымы мен практикалық психологияның өзара байланысы, 
психология туралы білімді практикада қалай қолдануға болатындығы жөнінде ақпаратттар 
келтіріледі. 
Психология-бұл үнемі дамып келе жатқан жас ғылым. Психология ғылымдарының 
докторы, профессор Е.В.Левченко: «Психология-бұл процестер, күйлер, қасиеттер 
ерекшеленетін психикалық құбылыстар туралы ғылым. Олар адамның психикасы мен мінез-
құлқының негізін құрайды» деп анықтама берді [1, 10 б]. 
Дербес сала ретінде психология басқа іргелі ғылымдарға қарағанда кешірек қалыптасты: 
XIX ғасырдың екінші жартысында психологияның қалыптасуы, Б.Ф.Ломовтың айтуынша, 
«Психологиялық мəселелерді оқшаулауға жəне оларды шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік 
беретін ғылыми база ретінде көрініс берді [2, 20б]. 
Қазіргі уақытта психология практикалық сала ретінде ерекше сұранысқа ие. Психология 
нақты өндірістік мəселелерді, өмірлік қиындықтарды шешуге, адамға дұрыс мамандық 
таңдауға, өндірістік топқа да, отбасына да бейімделуге көмектеседі. Ол адамға басшылармен, 
бағынушылармен, əріптестермен, жақын адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретеді. 
Психология сонымен қатар, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуында маңызды рөл атқарады. 
Алынған психологиялық білімді адам өзінің пайдасына жүзеге асыруға тырысады. Мысалы, 
темперамент, оның түрлері, ерекшеліктері туралы білгенде, ол өзінің түрін анықтауға 
тырысады, ойлау түрлері туралы білгенде – өз ойлауының ерекшеліктерін түсінуге тырысады. 
Н.К. Сатыбалдина қиын жасөспірімдер мен тəуелді адамдар үшін белсенді қолдау 
топтарының жұмысын сипаттау арқылы практикалық психологияның дамуына өз үлесін 
қосты Қазір Қазақстанда психологиялық білім берудің, ғылыми психологияның жəне 
психологиялық көмек көрсету практикасының жай-күйі мен дамуын қарастыру маңызды 
болып көрінеді [3, 33б]. 
Қазақстанда ғылым мен мамандық ретінде психологияның қалыптасуы мен маңызының 
болуы Республикадағы алғашқы жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университетімен байланысты. Дəл осы оқу орнында психология кафедрасы 
құрылды, ол Қазақстандағы алғашқы дербес психологиялық бөлімшеге айналды. Оның 
құрылуы мен дамуында басты рөлді оның тұрақты жетекшісі болған жəне өмірінің соңына 
дейін басқарған профессор М.М.Мұқанов болды. 
2019 жылы психологтарды даярлау Қазақстан Республикасының 33 оқу орнында жүзеге 
асырылды, олардың ішінде Л. Н.Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университеті», Абай 
атындағы «Қазақ ұлттық педагогикалық университеті», Əл-Фараби атындағы «Қазақ ұлттық 
университеті», «Тұран 
университеті», 
сондай-ақ 
Қазақстанның 
барлық 
облыс 
орталықтарындағы басқа да университеттер бар. Психология ғылым ретінде жəне мамандық 
ретінде елде танымал бола бастады [4, 25б]. 


41 
Ғылыми психология-психикалық құбылыстардың мəнін түсінуге бағытталған 
психология бағыты. Шындыққа деген теориялық көзқарастың ерекшелігі-объективті əлемге 
танымдық көзқарас қалыыптасады. М.Розенцвейг атап өткендей, «қазір психологиялық ғылым 
барлық индустриалды елдерде жəне көптеген дамушы елдерде өмір мен мəдениеттің бір 
бөлігі» болып табылады. 
Жаңа мыңжылдықтың басынан бастап қазақстандық психологтардың, соның ішінде 
профессор С.М. Жақыповтың отандық ғылымда практикалық психологияны дамыту 
қажеттілігі туралы ойы жиірек көрініс табады. Консультациялық психологиялық 
қызметтердің ғылыми-практикалық жəне əдістемелік базасын дамыту практикалық 
психологияның өзекті жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, 
практикалық психология психологиялық ғылымның жаңа саласы ретінде психологиялық 
көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеудің психотехникалық жəне психотерапиялық 
технологияларын дамытып қана қоймай, сонымен бірге республикада ғылыми теориялық-
əдіснамалық базаны қалыптастыру үшін осы салада жан-жақты ғылыми зерттеулер жүргізуі 
керек [5]. 
Практикалық психология дегеніміз не деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Атауы айтып 
тұрғандай, бұл психология ғылымының теориялық бөлігін, білімін іс жүзінде қолданумен 
айналысатын психологияның бір саласы екендігі түсінікті. Психология білімін көптеген 
салаларда қолдануға болады. Тағы бір нəрсе, кейбір адамдар мұны саналы түрде жасайды, ал 
басқалары интуитивті түрде жасауы мүмкін. Яғни, біз күнделікті өмірде психологиямен 
байланысты мəселелерді күнделікті шешеумен айналысамыз. Психологиялық практиканы 
психологиялық ғылым жеткілікті түсінбейді. Бүгінгі таңда практиканың жекелеген 
салаларындағы теорияларды қоспағанда, психологиялық практиканың жалпы теориясы мен 
əдіснамасы жоқ. 
А.А. Пузырева бойынша психологиялық практика - психологтың тəуелсіз практикалық 
қызметі, онда ол «жауапты жұмыс өндірушісі» ретінде əрекет етеді, тапсырыс берушінің 
əлеуметтік қалыптасқан өмірлік қажеттіліктерін тікелей қанағаттандырады жəне қызмет етеді. 
Психологиялық практика кəсіпқойға, қызметтің сол немесе басқа əлеуметтік саласының 
өкіліне емес, «бастапқы тұтынушыға» қызмет көрсетеді. 
Бастапқы тұтынушы – «клиент». «Клиент» ұғымын алғаш рет американдық психолог 
К.Роджерс бұрын қолданылған «пациент» сөзінің орнына кеңінен қолдана бастады. Клиент 
басқа адамға қарағанда өзінің проблемасының мəнін жақсы түсінеді жəне психологпен бірге 
оның шешімін таба алады. 
Л.С. Выготский (1896-1934) алғашқылардың бірі болып «Практикалық психология» 
ұғымын қолданды. Оның алдында «психологиялық тəжірибе» ұғымы болмады[6]. 
Практикалық психологияның тəуелсіз салаларына психологиялық кеңес беру, 
психологиялық түзету жəне психологиялық тестілеу кіреді. Мұның бəрі, сөзсіз, қоғамда 
сұранысқа ие қызмет түрлері. Бірақ біз практикалық психологияның əлдеқайда кең 
қолданылғанын түсінуіміз керек. Яғни, психология білімі өте кең қолданысқа ие. 
Психологиядағы теория мен практиканың өзара байланысы мəселесі, əдетте, əртүрлі 
жолдармен шешіледі. Теоретиктердің бірі əртүрлі практикалық психологиялық бағыттардың 
жақсы нəтижелерін атап өтіп, сонымен бірге бұл нəтижелер түсініксіз жəне психологияны 
ғылым ретінде емес, «жақсы əлеуметтік механизм» деп тұжырымдайды деген ой - пікірлерін 
білдірді. Олардың айтуы бойынша: «психология сөздің толық мағынасында ғылым болуға 
арналмаған, бірақ жартылай ғылым ретінде көрініс табады». 
К. Хорнидің айтуы бойынша, «практикалық психологияның уақыты қайтымсыз, не 
болғанын қабылдау жəне бағалау, жауапкершілікті алу жəне алға жылжу маңызды, ең жақсы 
психотерапевт - бұл өмірдің өзі»[7, 20б]. 
Психолог-практиктердің іс-əрекеттеріне əлеуметтік сұраныс халықтың психологиялық 
көмекке деген қажеттілігін саналы түрде түсіну деңгейін көрсетеді. Əрине, əлеуметтік 
сұраныстың қалыптасуына, практикалық психологияға сұраныстың өсуіне қоғамдағы, 
экономикадағы, отбасындағы жəне жеке адамдардың өміріндегі дағдарыстық құбылыстар 


42 
əсер етті. Əлемде бірқатар технологиялық, əлеуметтік – экономикалық, экологиялық, саяси 
жəне басқа тенденцияларда психологиялық проблемалардың саны мен түрлері өсті жəне 
оларды шешудің дəстүрлі кəсіби емес, күнделікті тəсілдері жеткіліксіз болды. 
Психология «барлық жағдайларға арналған дəрі» болмаса да, ол көптеген мəселелерді 
шеше алады жəне адамдардың өмір процесінде туындайтын көптеген сұрақтарға жауап таба 
алады. Соңғы жылдары ғылым ретінде, академиялық жəне қолданбалы психология оның 
алдында тұрған теориялық жəне практикалық проблемалардың алуан түрлілігіне байланысты 
белсенді дамып келеді. 
Көптеген адамдар психологиялық ғылым мен психологиялық тəжірибе арасындағы 
айырмашылықтың бар екенін байқамайды. Атап айтқанда мен өзімді мысал етіп алар болсам, 
басқалар менен мамандығым туралы сұрағанда менің психолог екенімді білген кезде олар 
мені жиі кеңес беруші ретінде қабылдайды. Яғни, адамдар ең бірінші мамандықты естігенде 
ғылымды емес практикалық жағынан қабылдайды. 
В.Н. Карандашев психологиялық практиканың мақсатын адамдарға өмірлік 
жəне(немесе) кəсіби мəселелерін шешуде психологиялық көмек көрсету тəсілдерін дамыту 
ретінде тұжырымдайды. 
В.А. Мазилов қазіргі психопрактиканың теориялық негіздері ретінде психологиялық 
теорияларға емес, əртүрлі мифологияларға ие екенін көрсетеді [8, 15б]. 
Қазақстандағы психологиялық ғылымның қазіргі даму кезеңі неғұрлым маңызды 
ғылыми-практикалық бағыттың бірі ретінде практикалық психологияның өзектіленуімен 
сипатталады. Бұған қоғамның əртүрлі құрылымдары мен жеке азаматтардың психологтардың, 
психотерапевтердің практикалық көмегіне, психологиялық кеңестер мен қолдау алуға, 
психологиялық білім саласындағы психологиялық құзіреттілік пен хабардарлықты арттыруға 
жəне сəйкесінше психологиялық мəдениетті қалыптастыруға деген қажеттілігінің артуы 
ықпал етеді. 
Экономикалық тұрақсыздық пен соңғы 2 жылдағы əлем бойынша орын алған Covid-19 
короновирустық ауру таралған кездебіздің қоғамымыздағы адамдардың психологияға нақты 
практикалық көмек көрсетуге арналған жəне қабілетті ғылым ретінде қатынасының 
өзгеруімен, сондай-ақ психологиялық мəселелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының 
жалпыға қол жетімді əдебиеттерінің көбеюімен психология өзекті, маңызды жəне сұранысқа 
ие салаға айналды. Осыған байланысты, бүгінгі күні қазақстандық зерттеу ғылымы үшін 
практикалық психологиялық көмек көрсетуге бағдарланған консультациялық қызметтерді 
дамыту туралы мəселе аса өткір болып отыр деп нық сеніммен айтуға болады. 
Қорытындылай келе, осы уақытқа дейін бизнес-құрылымдардағы, əскери бөлімдердегі, 
колониялардағы психологиялық қызметтердің проблемалары, сондай-ақ босатылғандарды 
оңалту жəне реадаптациялау мəселелері, мүгедектерге психологиялық көмек жəне т.б. 
теориялық жəне практикалық зерттеулердің назарынан тыс қалып отырды. Ал қазіргі уақытта 
мектептегі психологиялық қызметте, сондай-ақ психикалық денсаулық орталықтары, 
емханалар, есірткі диспансерлері сияқты арнайы медициналық мекемелерде практикалық 
психологияның дамуына ерекше назар аударылып келеді. 
 
Əдебиет 
1. Левченко Е.В. Психология как наука // Общая психология: курс лекций. – Пермь, 2001. С. 4–10. 
2. Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии. –М.: Наука, 1984. – 454 с 
3. Сатыбалдина Н.К. Тенденции современной психологической науки. //Вестник КазНУ. Серия 
«Психология и социология», 2000, №2, с.33-39 
4. Сакпиреева А. Пути развития психологии в Казахстане и ее роль в жизни человека. Алматы, 2013, 
с.25 
5. Теоретические и прикладные проблемы практической психологии //Под ред. С.М.Джакупова. 
Алматы, 2001. 180с.
6. Роджерс К. Взгляд на психотерапию. Становление человека. – М.: Прогресс-Универс, 1994. – 480 с. 


43 
7. Мазилов, В.А. Методология психологической науки: История и современность [Текст] : монография 
/ В.А. Мазилов. - Ярославль: РИО ЯГПУ, 2017. - 15 с. 
8. Донцов А.И., Жуков Ю.М., Петровская Л.А. Практическая социальная психология как область 
профессиональной деятельности //Введение в практическую социальную психологию. - М.: Смысл, 1999. С.7-21.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет