35
Мамандықты таңдаудағы қиындықтар: қалу, қажеттілік, қабілет аралығындағы
айырмашылықтар, өзіндік көзқарасы мен қоғам талаптарына сай мамандану сатыларын ұғыну
сияқты түрлі сауалдардың болуынан көрінеді.
Алғашқы студенттік кезеңдегі кедергілер: оқудағы, қабілеттер мен ерік-жігердегі
кедергілер, алғашқы студенттік ортадағы əлеуеттену жəне мамандықтың нақты теориялық
оқытылуындағы меңгеру қиындықтарынан тұрады.
Тəжірибемен бетпе-бет келудегі кемшіліктер: мамандықты қалаусыз таңдау,
тұлғалық
қабілеттердің жеткіліксіздігі, оқудағы қиындықтардың тəжірибе кезінде кемшіліктермен
көрініс беруі, ішкі сенімнің əлсіреуі т.б болуынан байқалады [1].
Кəсіби əрекеттегі тұлғаның қалыптасуы барлық уақытта өзекті болып келеді. Тұлғалық
даму арқылы кəсіби бірдейліктегі қабілеттер жиынтығы кемелденеді, жасақталады, жетіледі.
Сондықтан да, тұлғалық даму мен кəсіби қалыптасу бір-бірінен ажыратылмайтын өзара
байланысы бар үдеріс болып табылады. Студенттердің оқу-тəжірибе арқылы кəсіби
сəйкесінше дамуы олардың ішкі білім мен субьективті қабілеттерін обьективті көрсетуде
акемологиялық амал арқылы талдауы олардың кəсіби заңдылықтарды ұғынуға,
шығармашылық бастамаларын жасай алуға деген қызығушылықтарын туындатады. Бұл
орайда идентификаторлық, яғни тұлғалық бірегейлік жайында сөз қозғағанымыз жөн.
Идентификаторлық-(тұлғалық бірегейлік) - ол тұлға ретінде өзін қабылдауға жəне уақыт
пен кеңістіктегі өзінің болмысының сабақтастығын сезінуге негізделген. Отандық жəне
шетелдік психологлогтардың еңбектерінде сəйкестікілік субьектінің өзі туралы, өзінің даму
жолы туралы идеяларын көрсететін жəне оның өзіндік ерекшелігін жəне сенімділігін
сезінумен жүретін белсенді процестің нəтижесі ретінде түсіндіріледігі айқын.
Кəсіби сəйкестенушілікті- қалыптасуы субьектінің тұлғалық дамуы мен кəсіби
жетілуінің ішкі бастауы ретінде көруге болады. Өйткені, кəсіби бірдейлілік өзін-өзі кəсіби
маман ретінде қабылдау, жаңа икем мен іс-əрекеттерге жылдам
бейімделуде басты рөл
атқарады. Осы орайда Н.Л. Крит, Д.А. Леонтьев, В.П. Осипов, Е.Ю. Пряжников, В.Д.
Шадриков жəне т.б. еңбектерінде тұлғаның өзіндік ерекшелігі кей жағдайда өздігінен жүзеге
асады, алайда ол əрқашан солай бола бермейтіндігі айтылады. Кейбір келеңсіздіктер, болжауға
болатын салдар психолог мамандығында студенттердің сəйкесіздігіне əкеліп соқтыратын
тұстары туралы Марков В.Н. Дружилов С.А. еңбектерінде психологтардың өзін-өзі
жетілдірудегі тиімсіз сəйкестіктері мамандыққа байланысты толық жеке ресурстық
жайттарды толық біле бермеуінен екенін дəйектермен берілген. Өзін кəсіби идеялармен
жеткілікті түрде сəйкестендірмеу жайыттары Е.И. Головаха, А.К. Маркова, О.В. Масаленко
еңбектерінен көруге болады. Сондай-ақ, біраз ғалымдардың еңбектеріндегі
психологиялық
зерттеулер тұлғалық жəне кəсіби тұлғалық қалыптастыру мəселесіндегі бірқатар қарама-
қайшылықтарды анықтайды. Болашақ психологтердің өзіндік ерекшеліктерін зерттеудің
өзектілігі ол күрделі үдеріс. Осы үдерістегі кедергілер төмендегідей екі топпен қарастыруды
қажет етеді. Олар:
1) Студенттің психологиялық тұлғалық жəне кəсіби өзіндік бірдейлігін жетілдіру
саласында қалыптасқан теориялық əзірлемелер мен мақсатты түрде əсер етуге мүмкіндік
беретін психологиялық əдістер арасындағы үдерістер;
2) Психологтардың кеңес беру, тренинг, семинарлардың қолданысындағы əдістер мен
теориялық жəне тəжірибелік негіздерінің жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықты үдерістер;
Осы мəселелер болашақ психологтардың тұлғалық жəне кəсіби өзіндік ерекшелігі нашар
бақыланатын процес болып қалуынан, соның салдарынан студенттердің кəсіби өсудің жеке
мүмкіндіктерін толық білмеуінен көрінеді. Соның салдары студенттердің кəсіптік оқу
барысын толық іске асырмауы, тіпті өз бойында əрқашанда «Мен-концепциясының»
қалыптастырудағы кедергілерден тұратындығын білдіреді [2].
Тұлғаның мамандығына сəкестік жүйелігін, өзін-өзі бағалауы, анықтауының маңызын
ашатын бағытымызды - «кəсіби бірдейлілік» деп айтамыз.
Қазіргі таңда кəсіби бірдейлікті анықтау мен бағытталуда оқушылық жастан бастап,
мамандыққа көзқарас пен сауаттылық бағытындағы жұмыс
кешендері маңызға ие болып
36
келеді. Қазақстандық жəне шетелдік ғалымдарымыздың кəсіби сəйкестік жəне оны
қалыптастыру аспектілеріне қатысты еңбектеріне тоқталар болсақ, олардың əрқайсысы да
тұлға маңыздылығын ашатын қасиет, қабілет, мүкіндіктерден ақпараттар береді. Мəселен
мамандық таңдаудағы бірдейліктерді анықтау бағытында О.Б. Полякова, Д.Сьюпер
еңбектерінде мамандық таңдаудың психологиялық ерекшеліктері берілген. «Мамандық
таңдау матрицасы» тест жұмыстарында адамның «қалау», «қажет», «мүмкіндік» үш
маңыздылықа мəн беруі арқылы таңдауын жасауда, кəсіби бірдейлігін анықтауға бағыттала
алатынын аңғарамыз.
Əдетте, өз мүмкіншілігі мен қабілет, қалаулары арасындағы айырмашылықтарға мəн
бермеу, қызығушылық пен асығыстықта жетістікке жылдам жетушілікке деген ұмтылыстар
т.б жастарды мамандық таңдауда қателіктерге ұрындырады.
Мамандығына толықтай бірдейліктерін анықтауда біз үшін маңызды болып отырған
психолог мамандығына бағытталған студенттердің өзіндік сəйкестілігін қалай біле
алатындығымен жəне олардың кəсіби қиындықтар мен қабілеттерінің осы мамандыққа
қаншалықты бейімділігіне қатысты зерттеулерге мəн беруді қажет етіп отыр.
Техникалық
білім-біліктілікте студенттер нақты обьективті нысандар бойынша білім алып, оны нақты
үлгілермен толықтай меңгере алады. Ал, психолог мамандығында адамды танудың медицина,
биология, физика, философиялық негіздерін түйіндей келе, адамның суьбективті санасы мен
қасиеттері аймағымен жұмыстанудың қиыншылықтарын осы мамандықты таңдаған жастар
алғашқы кезеңдерде сезіне, біле бермейді. Себебі, ортаға бейімделу мен мамандыққа
бағытталудың алғашқы кризистік кезеңі бірінші курс кезеңінде оларда жеңіл өтеді. Өйткені,
мотивтер мен ұмтылыстар жаңа əлемді тануға деген сұраныс алабын жоғарлатуы
студенттердің алғашқы жылдарында қарқынды болады. Олардың дербестікке ұмтылыстары
мен теориялық негіздегі білімдері мектеп білімінен аса алшақтай қоймайды.
Кəсіби бірдейлігіне сай келудегі басты көңіл бөлінуі қажет жағдайларды студенттер
саналы тұрғыда ұғына алуы да өте маңызды болып келеді.
Осы тұрғыда студенттердің
арасында өз оқуы мен кəсіпті меңгерудегі басты ынталарын, қиындықтарын, жан
қалауларының ерікіндігі туралы ашық айта алуға төселту қажет. Қазіргі таңда, қоғам
талаптарына сай мамандықтың элитасын іздеуге жастар қатты құлшыныс білдірулерінен,
өзіндік мүмкіншіліктерінің шегіне есеп бере бермейді.
Студенттердің өз болашағына ақиқатылықпен қарауында қабілет пен мамандықа
ынталықтың шегі жоғары болуы олардың бұғып жатқан қилы қасиеттері мен
мүмкіншіліктерін оятуға сеп бола алатындығын ескеру керек. Көбіне,
мектеп сатысындағы
тұйық, ашықтығы мен белсенділігі көрінбеген оқушылар студент болып, өз кəсібіне
бірдейлігін тапқан жағдайда тұлғалық құзіреттілігінің артта бастағанын ағартады. Кəсіби
бірдейліктегі үлесімдердің толық болмауы кейін студентердің тəжірибелік жұмыстарына
кəсіби деформацияларға ұшырауын туындатуы əбден мүкін. Бұндай жағдай А.К. Маркованың
айтуы бойынша «деформация» - кəсіби маманның біртұтастығын бұзады, бейімділігі,
тұрақтылығы төмендетіп, іс-əрекетінің өнімділігінің теріс əсер етеді [3]. Деформациялық
аспектілерді қарастырған: С.П. Безносов, А.К. Маркова, Г.Г. Шиханцов. Сонымен қатар, шет
ел ғалымдары: Ю.В. Александров, В.В. Клученко, А.Ф Гранин, сондай-ақ Э.Ф. Зеер,
Р.Конечный. Ғалымдардың барлығы дерлік кəсіби деформация адамның еңбек іс-əрекетінде
туындауы өте күрделі жəне психиканың түрлі қырларына (мотивациялық,
когнитивті,
тұлғалық), қасиеттеріне əсер етеді. Кəсіби деформация көбіне психологиялық салмақтылық
тым жоғары салалардағы кəсіптерде жиі байқалады.
Кəсіби бірдейліктің жақсаруы мен кедергісіздігін қамтуда бастысы студенттің
психологиялық ахуалы мен сəйкестік ерекшеліктерін саралау маңыздылығы байқалады.
Бұл бағытта студенттердің əлеуметтік, қарым-қатынастық, эмоцианалдық ішкі танымы
мен қалпын тану жəне реттеу бағыттарындағы ізденісімізді жетілдірсек, көп жағдайдың алдын
алуға дайын болатынымыз анық.