ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет10/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102
Хикаялар

Оқиғаның аяқталуы 
Арам ниет қан төгу оқиғасымен аяқталды. Байғұс әке күнәкар әрі 
қызғаншақ бауырына насихат айтып, өз мiндетiн орындаған баласы үшiн 
ұзақ қайғырды. Аллаһ тағала бұл оқиғаның барша адамзат үшiн алғашқы 
сабақ болуын қалады. Барлық адам Аллаһ тағаланың тақуа пенделердің ғана 
амалын қабыл ететінін бiлiп қойғаны абзал. Әрбiр мүмін пенде надандарға 
насихат айтып, жол көрсетуге мiндеттi. Иманды жандар басқалардың 
қинағанына, қорқытқанына шыдамдылық танытып, сабырлы болуы әрі хақ 
жолды бiлмейтiн кәпiрлердi тура жолға салу мақсатында ізгі амалдар 
жасауы керек. 
Хикаяның Құранда баяндалуы 
Балалар, бұл хикая Құран Кәрiмнiң «Мәида» сүресiнiң 27-31-аяттарында 
былайша баяндалған: 
Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын. 
«(Мұхаммед!) Оларға Адамның екi ұлының хабарын шынайы түрде 
оқып бер. Сол уақытта екеуi құрбандық шалған едi. Сонда бiреуiнен 
қабылданып, екiншiсiнен қабылданбаған едi. (Құрбаны қабылданбаған 
Қабыл): «Әлбетте, мен сенi өлтiремiн», – дедi. Сонда (Әбіл): «Аллаһ 
сөзсiз тақуалардан ғана қабыл етедi, – дедi. – Егер сен менi өлтiруге қол 
созсаң да, мен сенi өлтiру үшiн қол созбаймын. Өйткенi мен әлемдердiң 
Раббысы Аллаһтан қорқамын. Мен сенiң менiң күнәммен өз күнәңдi 
жүктеп, тозақтық болуыңды қалаймын». Залымдардың жазасы – осы. 
Сонда оның нәпсiсi туысын өлтiруге азғырды да, ол оны өлтiрiп, зиянға 
ұшыраушылардан болды. Сонда Аллаһ оған туысының өлiгiн жерлеуді 
көрсету үшiн жiберген қарға жердi шұқи бастағанда: «Әттең, маған не 
болды? Осы қарға ғұрлы болып, туысымның денесiн көме алмадым 
ба?» – дедi де, өкiнушiлерден болды»
Балалар, бұл екi туыстың хикаясынан үлгi-өнеге алайық. 


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет