ҚҰран кәрім хикаялары


Нұх адамдарды не нәрсеге және не үшiн шақырмақшы болды?!



Pdf көрінісі
бет12/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102
Хикаялар

Нұх адамдарды не нәрсеге және не үшiн шақырмақшы болды?! 
Нұх – Аллаһ тағаланың адамдарға тура жолды көрсету үшiн Өзі таңдаған 
елшiсi. Ол – адамдарды хақ жолға шақырушы. Өйткенi Аллаһ тағала оны 
адамдарды қараңғылықтан – нұрға, күпiрлiктен имандылыққа шығаруы 
үшiн жiбердi. Пайғамбарлық мiндетiн Аллаһ тағаланың бұйырғанындай 
орындау үшiн Нұх адамдарды өзi ұстанған жолға шақыруды қалайтын. Яғни 
ол адамдарды пұттарға сиыну секілді адасулар мен күпiрлiктерден 
тыйылып, бiр Аллаһқа ғана ғибадат етуге шақырды. Өйткенi адамдардың 
құлшылық жасауына аспан мен жердi және бұл әлемді, ондағылардың 
барлығын жаратқан Аллаһ тағала ғана лайық. Аллаһ бiздi және бағзы бір 
замандарда өмір сүріп, кейін адасушылар пұтқа айналдырған игі 
жақсыларды да тек Өзiне ғана құлшылық жасау үшiн жаратқан. 
Нұхтың дінді дәріптеуі 
Осылайша Нұх өз қауымын тура жолға шақырып, үгiт-насихат жүргiзе 
бастады. Нұх пайғамбардың ізгі бір қасиеті өз қауымына түсiнiктi етiп 
сөйлейтiні едi. Оларға: «Ей, қауымым! Аллаһқа құлшылық жасаңдар. 
Сендер үшiн Одан өзге құдай жоқ», – дейтін. Яғни «Ей, қауымым! 
Мүсiндерге сиынуды тоқтатыңдар. Егер сендер орталарыңнан өткен iзгi 
кiсiлердi жақсы көрсеңдер, оларға мүсiндер орнату арқылы емес, олардың 
iзгi жолын ұстанып, жалғастыру арқылы құрметтеңдер. Бiр Аллаһқа ғана 
ғибадат жасап, дұға қылыңдар», – деді.
Нұх оларды осындай түсiнiктi де жұмсақ тiлімен шақырып, үгiттеді. 
Оларға хақ діннің шақыруын даналықпен жеткiздi. Нұх өз қауымын тура 
жолға асқан парасаттылықпен уағыздап, олармен ешқашан айтысып-
тартыспайтын. Әрi Нұх оларға: «Ей, қауымым! Кiм Аллаһ тағалаға сенбесе, 
Қиямет күнi ол Аллаһ тағаланың азабына ұшырайды. Ал кiм Аллаһқа сенiп, 
Оған құлшылық жасаca, Аллаһ оны жаннатқа кiргiзедi. Сондықтан, ей, 
қауымым! Иманға келіп, жаннатқа кіруге асығыңдар!» – дейтiн. 
Бiрақ санасын шайтанның азғыруы әбден жаулаған қараңғы қауым 
Нұхқа: «Біз не үшiн Аллаһқа ғана құлшылық жасауымыз керек? Қиямет күнi 
дегенің не? Сен де – өзіміз сияқты адамсың. Аллаһ бізге пайғамбар 
жiберетiн болса, сен сияқты адамды емес, перiштенi жiберуі керек еді», – 
дедi. Нұх оларға: «Құлшылыққа жалғыз Аллаһ қана лайық. Ол бiздi жаратты 
және есепсіз игіліктерге бөледі. Жақын уақытта барлығымыз да бұл 
дүниеден өтеміз. Одан соң Аллаһ тағала бiздi есепке тарту үшін Қиямет күні 
қайта тiрiлтiп, Өзіне иман келтірген мүміндерді жаннатқа, ал қарсы шыққан 


15 
кәпiрлердi тозаққа кiргiзедi. Пайғамбар да – өздерің сияқты жұмыр басты 
пенде. Ендеше, Аллаһтың мені пайғамбар етіп жіберуінің еш таңғаларлығы 
жоқ», – деп уағызын жалғастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет