ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет13/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102
Хикаялар

Арсыз жауап 
Нұх пайғамбардың соңына ілесіп, уағызына сенгендер, негізінен, 
әлсіздер мен кедейлер еді. Ал кәпiрлер: «Ей, Нұх! Саған сенiп, артыңнан 
ергендеріңе бір қарасаңшы?! Олар – ризық-несiбесi аз, әлсіз біреулер ғана… 
Олар – мал-дүние, байлық, абырой-атақтан жұрдай, ештеңесі жоқ 
бейшаралар. Егер сен өзiң шақырып жатқан жаңа дiнге бiздiң де сенгенімізді 
қаласаң, кедей-кепшiктi қасыңнан алыстат. Негізінде, олар бiз сияқты бай 
әрі ақылды болғанда, сенің сөзіңе ермес еді, сен айтқан діннен алыс болар 
еді. Егер сенiң шақырып жатқаның жақсылық болғанда, олардан бұрын 
абыройлы да мәртебелi бiздер сенiң шақыруыңды қабылдап, сен айтқан 
Аллаһқа бойсұнған болар едiк», – дедi. 
Кәпiрлер өздерiнiң надандығын, ақымақтығын айқындайтын осындай 
пасық сылтауларын айтқаннан кейiн де Нұх уағызын тоқтатпады. Керiсiнше, 
оларды тура жолға үгiттеуді: «Ей, қауымым! Менiң насихатым барлығыңа 
ортақ. Бұл уағыз осы қауымның әрбір адамына арналады. Аллаһ тағалаға 
иман келтіріп, пұттарға сиынудан бас тартқан мүміндерді мен қалайша 
өзiмнен алыстатпақпын? Ей, қауымым! Ақылға келіп, ойланып көріңдершi. 
Аллаһ тағала сендерге жақсы мен жаманды айыру үшін, ойлану үшін ақыл 
нығметiн бердi емес пе?!. Өздерiң айтыңдаршы! Бұл мүсiндер сендерге 
бiрер пайда яки зиян тигізе ме? Олардан тілек тілесеңдер, олар сендердi 
көрiп, ести ала ма? О, халайық! Бiр Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар. 
Сендерге ризық беріп, дұғаларыңды қабыл ететін – бір Аллаһ қана», – деп 
жалғастыра түсті. 
Таластың соңы 
Қауымы мен Нұхтың арасындағы талас-тартыс шиеленісе түсіп, шегіне 
жетті. Олар Нұхтан жалығып: «Ей, Нұх! Расында, сен бiзбен көп айтыстың. 
Егер айтқандарың рас болса, уәде еткен азабыңды келтiр», – дедi. Нұх 
оларға: «Сендер ақымақтық пен надандық жасаудасыңдар. Сендерге азап 
тек Аллаһтан келеді. Мен – сендердей адаммын. Сендер Аллаһқа ешқандай 
серік қоспай, Оған ғана ғибадат жасауларың керек. Егер иман келтiрсеңдер, 
сендерді жаннатпен сүйiншiлеп, қуандырамын. Барлық iс Аллаһ тағаланың 
қолында. Егер қаласа, күпiрлiктерiң үшiн сендердi бұл дүниеде және 
Ақыретте азаптайды», – деп жауап қайтарды. 


16 
Расында, Аллаһ тағала кәпiрлердiң ақымақтығы мен надандығына және 
жапа шектіргендеріне төзiмдi болулары үшiн пайғамбарларына мықты 
сабырлылық пен асқан төзімділік берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет