ҚҰран кәрім хикаялары


Мұсылмандар – бір жанұядан



Pdf көрінісі
бет15/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102
Хикаялар

Мұсылмандар – бір жанұядан 
Нұх пайғамбар өз баласының тағдыры жайлы Аллаһ тағаладан: «Уа, 
Раббым! Балам – менiң жанұямнан. Сен «менi және отбасымды 
құтқарамын» деп уәде бергенсiң. Сенiң уәдең шын», – деп сұрады. Аллаһ 
тағала аян етiп: «Ей, Нұх! Балаң – сенiң отбасыңнан емес. Ол кәпiр болды. 
Сенiң нағыз жанұяң – саған иман келтiрiп, шақыруыңды қабылдағандар. 
Мен тек қана мүміндерге жәрдем беремiн. Ал әйелiң, балаң секiлдi кәпiр 
болғандарға жәрдем де, жаннат та, нығмет те жоқ», – дедi. Сол кезде Нұх 
әкелiк мейiрiмi себепті білместік жасағанына көзі жетіп, тәубе қылып, 
Раббысынан бұл iсi үшін кешiрім сұрады. Аллаһ тағала оны кешiрдi. Кеме 
су бетінде ұзақ уақыт жүзгеннен соң, Аллаһтың әмірімен су тасқыны 
тоқтады да, кемедегілер аман-есен жер бетіне шықты. 
Балалар, сендерден «Жанұя, туысқан-бауырларың кiмдер?» деп сұралса, 
бiлiп қойыңдар! Бiздiң нағыз туысқан-бауырларымыз – мүміндер. Оларды 
мекенжайының алыс және ұлтының әртүрлі болуына қарамастан, иманы 
байланыстырады. Олар өзара туысқандар, бауырлар болады, ал кәпiрлер 
Аллаһ тағалаға сеніп, бойсұнғанша бiздiң дұшпанымыз болып қалмақ. Бұл 
оларға қатыгездік жасап, қарсылықта болуды білдірмейді. Бiз олардың 
халдерiне жанымыз ашып, сол кәпiр күйлерiнде өлiп кетiп, Аллаһтың 
азабына душар болмаулары үшiн Нұх пайғамбар сияқты оларды даналықпен 
Аллаһ тағаланың жолына шақыруға міндеттіміз. 


18 
ТӨРТІНШІ ХИКАЯ 
ҺУД (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
 
Ад қауымы 
Ад қауымы Араб түбегінің оңтүстiгін мекендейтін ел едi. Аллаһ тағала 
оларға көптеген жақсылық пен нығмет нәсіп еткен болатын. Оларға 
сылдыраған мөлдір де таза бұлақтар ағызып бердi. Олар суы мол, бау-
бақшалы жерлерге егiн егiп, жайқалған егiстiк жерлерде өмір сүрді. Әрi 
үлкен, биiк, салтанатты сарайлар салды. Сондай-ақ Аллаһ тағала әлемде 
ешкімге берiлмеген күш-қуатты да оларға берген-дi. Аталмыш қауым бұл 
мекенде өздерiне берiлген жақсылық, нығметтермен бақытты болып, бау-
бақшалар мен сарайларда рақатты өмiр сүрiп жатты. Өздерінің тыныш 
өмiріне мәз болып, ойын-күлкi мен сауық-сайраннан басқаны бiлмеді.
Ад қауымы өздерiне осынша нығметтің, күш-қуат пен ажардың 
берiлгенiне қарамастан, бұл жақсылықтарды кiмнің бергенiн, қайдан 
келгенін ақылға салып, ойлап жатпады. Сондай-ақ олар бұл әлемнің және 
ондағы жаратылыстардың шынайы Жаратушысын тануға тырыспады. 
Өздерінің Жаратушысын танып-бiлудiң орнына, олар нәпсiлерiнің қалауына 
бағынып, шайтанның азғыруымен пұттар жасап, оны өздерiнің құдайы деп 
таныды және сол пұттарға табынып, сәжде жасады. Құрбандықтарын да өз 
қолдарымен жасаған пұттарға арнап шалып, дұға-тілектерін де соларға 
айтатын. Олар әрдайым менмендiк пен өркөкiректiк жасап, iштерiндегi 
әлсiздерiн қорлап, кiшiлерiне өктемдiк жасайтын және әлсiздi аяу, кiшiге 
iзетпен қарау тәрізді ұғымдарды түсінбейтін. Мінеки, олар Нұх 
пайғамбардың қауымынан кейінгі алғаш пұтқа табынған қауым болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет