120
Мәриямға сан қилы ой келді. Ол
аздап тынышталып, істің мән-жайын
періштеден сұрамаққа бекінді. Мәриям перiштеге: «Мен қалайша перзент
көрмекпiн? Мен тұрмыс құрмаған болсам, пәк болсам, қалайша бала бітпек,
ей, перiште! Бұл мүмкiн бе?» – дедi. Перiште оған бұл iстiң Аллаһтың
қалауы болғандықтан, сөзсiз жүзеге асатындығын, Аллаһ үшін
оның еш
қиындығы жоқ екендiгiн баяндап: «Ей, Мәриям! Аллаһтың әрбiр нәрсеге
күшi жетушi екендiгiн бiлмейсiң бе? Аллаһ бiр нәрсенi қалап, «бол» десе
болатындығын бiлмейсiң бе? Сенiң бұл балаң Аллаһтың құдiретi, қалауымен
туылады.
Және ол басқа адамдардай емес, бесікте жатып-ақ үлкен кісіше
сөйлейді», – дедi.
Достарыңызбен бөлісу: