123
анасына сөйлегенiндей, тағы да тiлге келiп сөйлей бастады.
Адамдардың тiлi
байланып, үнi шықпай қалды. Бала анасын өсек пен жаладан қорғап: «Мен –
Аллаһтың құлымын. Ол маған кiтап бердi. Менi пайғамбар еттi. Және қай
жерде болсам да, берекелi еттi әрі менi тiрi кезiмде намаз оқуға, зекет беруге
бұйырды. Сондай-ақ менi анама мейiрiмдi етiп, менi зорлықшыл, бақытсыз
етпедi. Маған туылған күнiмде де, өлер күнiмде де, қайта тiрiлетiн күнде де
тыныштық, амандық болады», – деген сөздi айтты.
Мiне, бұл – нағыз жауап әрi пәк ананың абыройын пәле-жаладан нағыз
қорғау. Жас сәби олардың қателесiп тұрғанын өте сыпайы, әдемi сөзбен
түсiндiрді. Ол алғашқы сөзiнде «Мен – Аллаһтың құлымын» деп өзiнiң де
олар
сияқты адам екенiн, Аллаһ тағаланың оларға көрсеткен мұғжизасы
екенiн ұғындырды. Мәриямға жас баласы сөйлеп, үлкен мұғжизаның
қайталанғанынан артық басқа қорғаныс керек емес еді. Осы үлкен
мұғжизаның қайталануының өзi адамдардың Аллаһқа деген сенiмiн
дұрыстап, анасының пәктігiн дәлелдеуге жеткiлiктi. Расында, ол – Аллаһтың
құлы. Аллаһ оны әкесiз етiп Өзi жаратты. Аллаһ тағала – ұлы құдірет Иесі.
Адамды (аләйһис-сәләм) әкесiз де, шешесiз де жаратқан Аллаһтың
барлық
іске күш-құдіреті толық жететiндiгi күмәнсiз. Бұл оқиғадан кейiн қауым
адамдары көз алдарында жүзеге асқан Аллаһ тағаланың мұғжизасынан
өздерiне ғибрат алып, қате ойларын өзгертiп, бұл нәрестеге болашақта ұлы
бiр iстiң жүктелетінін мойындады.
Мәриям Исаны тәрбиелей бастады. Баланың есейген сайын жас болуына
қарамай, пайғамбарлық белгiлерi көрiне бастады. Ол өзiнiң достарына не
iшiп-жегендерiн, үйлерiнде ненi жасырып қойғандарын айтып тұратын.
Оның күннен-күнге ақыл-ойы дамып, бiлiмi артты. Сонымен, Аллаһ тағала
Исаны пайғамбар етiп, бәну исраил қауымын жаңадан Аллаһқа сенуге
шақыруға бұйырды. Бәну исраил Аллаһ тағаланың
көрсеткен хақ жолынан
бет бұрып, адасушылықтың азғын жолында күн кешіп жатқан-ды. Иса
оларға келiп, пайғамбарлықты жеткiзiп, хақ дінге шақырды. Аллаһ тағала
Исаны көптеген мұғжиза берiп, қуаттады. Ол лайдан құс жасап, бiр үрлесе,
құсқа жан бiтiп, ұшып кететiн. Сондай-ақ өлгендi тiрiлтетiн, соқыр, алапес
болып туылған адамдарды емдейтiн. Мұның барлығы Аллаһ тағаланың
қалауымен, құдiретiмен жүзеге асатын.
Достарыңызбен бөлісу: