118
бұрын Аллаһ тағала маған нығмет етiп берген-ді.
Мен туылатын перзентiмдi
ғибадатхананың қызметi үшiн Аллаһ тағала жолына арнаймын деп ниет
еткен едiм. Мен сол ниетiмдi орындау үшiн қызымды сiздердiң
қастарыңызда аманат етiп қалдырамын. Ол сiздердiң тәрбиелерiңiздi алып,
иманды болып өссiн», – дедi. Дiн
басшылары аманатты қабылдап,
Мәриямды көтерiп алып қалды. Ал ана ниетiн орындағаннан кейiн үйiне
қайтты.
Анасы қызы Мәриямды қалдырып кеткеннен кейiн, дін басшылары
ғибадатханада осы бір кiшкентай нәрестеге мейiрiмдiлiкпен, аяушылықпен
қарады. Олардың әрқайсысы қызды өз тәрбиесiне алуды қалады. Тiптi олар
өзара таласып та қалды. Олардың таласуларының себебі де бар.
Өйткенi
нәресте – Имранның қызы. Анасы – Имранның әйелi. Оның дүниеге келген
отбасы – атақты «Имранның отбасы». Сондай-ақ бұл қыз Аллаһ тағала
жолында ғибадатхананың қызметiне арналды. Әрине, мұндай қызды өз
қарамағына алып тәрбиелеу кiмге болса да бедел, атақ-абырой әкелерi сөзсiз
еді.
Ғибадатшылар арасында Аллаһ тағаланың елшiсi Зәкәрия да болды.
Оның бұл нәрестеге туысқандық жақындығы бар едi. Туысқандығы жағынан
және ғибадатшылар арасында беделдi болғандығынан Зәкәрияның
Мәриямды өз қарамағына алуына толық құқы бар болатын.
Бiрақ әділдік
болу үшін ғибадатшылар ортасында жеребе тасталды. Таңдау Зәкәрияға
түсті. Сонымен, Зәкәрия Мәриямды өз қарамағына алып тәрбиелей бастады.
Бiраз уақыт өткеннен кейiн Зәкәрия Мәриямға жеке бiр бөлме құрып бердi.
Мәриям бұл бөлмеде жалғыз өзi тыныш, жайбарақат Аллаһ тағалаға
құлшылығын жасап, өмiр сүрiп жатты.
Бөлмеде
Бұл бөлмеге Зәкәриядан басқа ешкiм кiрмейтiн. Ол уақытымен Мәриямға
қажетті
тамақ-сусын әкелiп, оған хабарласып тұратын. Алайда Зәкәрия
Мәриямның қасына қашан келсе де, оның алдында жаңа ризық-несiбе толып
тұратын. Оған басқа артық ештеңенiң де қажетi болмайтын. Мұны көрiп,
Зәкәрия таңғалатын. Өйткенi Мәриямның
қасына өзiнен басқа ешкiм
кiрмейтiн еді. Ақыры Зәкәрия Мәриямнан: «Ей, Мәриям! Күнделiктi бұл
ризық-несiбе қайдан келiп жатыр?» – деп сұрады. Сонда Мәриям: «Бұлар –
Аллаһ тағаланың қасынан. Аллаһ қалаған кiсiсiне есепсiз ризық-несiбе
бередi», – деп жауап бердi. Зәкәрия бұл жауапты естiп, сүйсiнiп кеттi. Ол
қолдарын аспанға көтерiп, Раббысынан
өзiне хақ дін шақыруын
жалғастыратын бiр перзент беруiн сұрап, дұға қылды. Аллаһ тағаланың
барлық іске шамасы жетедi. Және пенделерiне ризық бередi. Аллаһ тағала
Зәкәрияның дұғасын қабыл еттi. Бұл жайында
Зәкәрия мен Яхия туралы
хикаяда баяндалады.