Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет24/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Философия 
физика 
биология 
психология 
мәдениеттану 
білімге арналған ерекшелігіне сай сыртқы лингвистикалық пәндердің негізгілерін 
бөлуге көше аламыз. Бұл тектегі пәндерге жататындар: 
- тіл философиясы (тілді барлық нысан типтерімен бір қатарда зерттейді); 
- лингвофизика (тілді басқа физикалық нысандармен бір қатарда зерттейді); 
- биолингвистика (тілді биологиялық нысандармен бір қатарда зерттейді); 
- психолингвистика (тілді психологиялық нысандармен бір қатарда зерттейді); 
- лингвистикалық мәдениеттану (тілді мәдениеттану нысандарымен бір қатарда 
зерттейді). 
Тіл философиясы өте ертеректе пайда болды. Оның шешкен мәселелері қатарына 
антика заманындағы тілдің шығуы, тіл мен таным арақатынасы туралы мәселелер енеді. 
Тілдің пайда болуы мәселесі – 19-ғасырға дейін тіл философиясының басты көңіл 
аударған мәселесі. Тіпті ертеректегі «натуралистер» мен «конвенционалистер» арасында 
дау кеңінен танымал. Алғашқылары зат пен сөз арасынан табиғи байланыс іздесе, 
келесілері бұл байланыстың шарттылығын дәлелдемек болды. Ол туралы Платонның 
«Кратил» диалогында біріншілерінің өкілдері Кратил бейнесінде, келесісі – Гермоген 
бейнесінде сипатталған. Платанның өз атынан бұл диалогта Сократ сөйлейді. Сократ тіл 
зат пен сөз арасындағы табиғи байланыс негізінде де, олар арасындағы шартты байланыс 
негізінде де жасалған деп есептейді. 
- Тіл философиясы Орта ғасырларда дінтану (теология) шеңберінде дамыды. 
- Тілдің шығуы туралы көптеген теориялар қатары Жаңа кезеңде жасалды. 17-18 ғғ. 
Дыбыстық еліктеу (Г.Лейбниц, Н.Гердер), одағайлық (Д.Локк, т.б.), әлеуметтік келісім 
(Э.Кондильяк, Ж.-Ж.Руссо) және басқа теориялар. Бірақ бұл уақытта басқа да 
лингвофилософиялық мәселелер талқылана бастады. Бұл тіл қызметімен қатысты болды: 
тілдің коммуникативтік, танымдық қызметі . 
- Тіл философиясының көрнекті өкілі – В.Гумбольдт, неогумбольдшылдар Э.Сепир, 
Л.Уорф, Л.Вайсгербер. 
- 20-ғасырда лингвофилософияның бала тілін және тілдің практикалық қызметін 
(праксеологиялық, прагматикалық) зерттеумен байланысты жаңа саласы дамиды. Оның 
біріншісі алғаш рет О.Есперсен еңбектерінде, келесісі Б.Малиновский еңбектерінде 
белсенді көрінісін тапты. О.Есперсен баланың барлық тілдік даму процесін үш кезеңге 


бөлді: қышқыру, уілдеу не былдырлау және сөйлеу. Дат ғалымы бала қышқыруының тілге 
тікелей қатысы жоқ, бірақ соның арқасында бала тілдің коммуникативті функциясын 
сезіне бастайды деп есептейді. Уілдеу кезеңі баланың артикуляциялық органдарының 
дамуы үшін маңызды.. Сөйлеу процесі кезінде бала тілге қалай болса сол күйінде 
қарайды. Б.Малиновский өз зерттеулерінде жалпы тілдің, кей кездері бала тілінің 
прагматикалық қызметіне көп көңіл аударады. Баланың тілді меңгеруіндегі басты стимул - 
тілдің бала үшін практикалық мақсаттарға жету құралы болуында деп есептейді. Тілдің 
басқа - коммуникативтік, танымдық қызметтеріне қарағанда прагматикалық қызметін 
жоғары бағалайды. 
- Қазіргі лингвофилософия тұрақталған пәндік құрылымға ие емес. Дей тұрғанмен, 
оның мынадай мәселелерін бөліп айта аламыз: тіл мен қарым-қатынас, тіл мен тәжірибе, 
тіл мен таным, тілдің филогенезі және онтогенезі. Бұл мәселелердің әрқайсысы ерекше 
лингвофилософиялық 
пәндердің, 
атап 
айтқанда 
– 
лингвосемиотика, 
лингвоэпистемиология, лингвопраксеология, филогенетикалық және онтогенетикалық 
лингвистиканың нысаны ретінде қарастырыла алады. 
- Лингвистикалық мәдениеттану. Тіл мәдениеттің ерекше жемісін көрсетеді. Ол 
мәдениеттің өзге өнімдері дін, ғылым, өнер, адамгершілік, саясат, техника сияқтылардың 
қатарында қаралады. Мұнымен лингвистикалық мәдениеттану айналысады, пән ретінде 
лингвистика мен мәдениеттану аралығында тұрады. Бұның соңғысының құрамына рухани 
мәдениет туралы ғылымдар – дінтану, ғылымтану, өнертану, этика мен саясаттану, 
сондай-ақ материалдық мәдениет туралы ғылымдар – техникалық ғылымдар және 
кибернетика енеді. Бұл ғылымдардың әрқайсысының тіл біліміне қатысы бар. 
Лингвистикалық мәдениеттанудың бұл ғылыми-салалық құрылымының нәтижесінде 
лингвомәдениеттану пәндерінің тұтас кешені жасалды. Олардың ішінде лингвостилистика 
ерекше мәнге ие, өйткені ол тіл білімінің мәдениет туралы әртүрлі ғылымдармен 
байланысын көрсетеді. 
- Н.Ильминксий, 
В.Катаринский, 
П.Мелиоранский, 
В.Радлов, 
Е.Малов, 
А.Құрышжанов және т.б. еңбетеріндегі түркі тілдері мәселесі. Қазақ тілінің құрылымы 
(А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдар) және т.б. 
А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтың жалпылингвистикалық көзқарастары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет