Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

толықтыру әрекеттері дүниеге «Жеті Жарғы» заңын әкеледі. «Тәуке заңы» 
немесе «Жеті Жарғы» деп аталатын заң жинағы бізге толық күйінде жеткен 
жоқ. Заң жинағының кейбір баптары ХІХ ғасырдағы қазақ билерінің 
сөздерінен жазылынып алынған үзінді жазбалар арқылы ғана жетті. Сондай-
ақ, П. Маковецкий (П. Маковецкий. Материалы для изучения юридических 
обычаев киргизов. вып.1, Омск, 1886), Д. Самаквасов (Д. Самаквасов. 
Сборник обычного права Сибирских инородцев. Варшава, 1876), Н. Гродеков 
(Киргизы и кара-киргизы Сыр-Даринской области. т.1, Юридический быт. 
Ташкент, 1889) және А. Левшиннің (А. Левшин. Описание киргиз-казачьих 
или киргиз- каисацких орд и степей. Ч.З. Спб, 1832) еңбектерінде азды-көпті 
сөз етіледі.
Тәукенің толық есімі – Тәуекел-Мұхаммед Батыр-хан. Әз Тәукенің ата-
бабасы, оның туып өскен жерлері туралы Шәкәрімнің, Мұхаметжан 
Тынышпаевтың, Әлихан Бөкейхановтың шежірелерінде беріледі. Жазушы Қ. 
Салғараұлы Тәуке ханның тегін былайша таратады: Шыңғыс хан – Жошы – 
Тоқа Темір –Үз Темір – Қожа – Бәдік – Орыс хан, Орыстан бес ұл: Тоқтақия, 
Құтылығ-Бұға, 
Тұғылық-Болат, 
Құйыршақ, 
Тоқта-Болат. 
Осының 
Құйыршағынан Тәңірберді, Иагужақ, Болат. Осы Болаттан Керей туады. 
Жәнібек болса Орыстың баласы – Құтылығ-Бұғадан – Құтужақ – Барақтан 
тарайды. Жәнібектен – Қасым хан – Жәдік – Шығай хан – Тәуекел хан – Есім 
хан – Жәңгір хан, оның екі баласының бірі осы Әз Тәуке, екіншісі Уәли. 
Тәукенің билік құрған уақытын әрбір зерттеуде әр түрлі айтады. Соның 
ішіндегі басым түсетіні – 1680-1718 жылдар. Төл тарихымыз туралы жазба 
деректер шамалы. Сондықтан да, аңыз, дастан, халық арасында сақталған 
жырларды зерттей отырып, салыстырмалы түрде көптеген шындыққа қол 
жеткізуге болады.
Тәукенің басқа хандардан айырмашылығы айналасында төре – 
сұлтандардан гөрі халық арасынан шыққан әділ, беделді жандарды жинаған. 
Бұл туралы көптеген аңыздар сақталған. Билер сот қызметінен бастап жүз 
басшысына дейінгі, қажет болса елшілік қызметін де атқарып отырды. 
Мәселен, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек және тағы басқа 
билердің елші болып барғаны баршаға аян. Әз Тәуке айналасына беделді, от 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
ауыз, орақ тілді шешен билерді жинап, ел, мемлекет мәселесін шешуде 
кеңесіп отырған. Тәукенің саяси бірлікті нығайту бағытында билер кеңесінің 
маңызы ерекше болды. Билер кеңесіне тұрақты күші бар, кеңесші мәртебесі 
берілді. Билер кеңесінің шешімімен хан міндетті түрде санасқан. Билер 
кеңесі заң шығарушы міндетін де атқарды. Сот істерін жеке билер шеше 
алмаған жағдайда, осы билер кеңесі немесе хан қарайтын болған. 
Тәуке ханның заманында билер кеңесімен қатар «халық жиналысы» 
өткізіліп тұрған. Ол орыс деректерінде «старшындар жиналысы» делінеді (И. 
Гаполлова. Присоединение Казахстана к России. А-А. 1948, 121-стр). Орыс 
елшілері Скибин мен Трошин, Кобяков мәліметтерінде: «20-желтоқсанда 
(1693) Тәуке хан Қазақ ордасының игі жақсыларын жинады», енді бірде олар: 
«Тәуке ханға Түркістанның ұлыстарынан қожа мен қазақтар келіп, Ресей 
туралы айтты»,- деп хабарлайды. Халық жиналысы төтенше жағдайда ғана 
емес, сыртқы саяси мәселелерді шешу мақсатында да шақырылып отырған. 
Тәуке тұрақты күздік жиылыс бекітеді. Бұл туралы оның заңында былай 
делінген: «Хан, басқа сұлтан, ақсақалдар, ру басылары тең халық ісін шешу 
үшін күзде жиналуы қажет және мұнда қару жасанып келуге міндетті» (А. 
Левшин. Описание киргиз-казачьих орд и степей. СПБ, 1832, ч.3. стр. 177). 
Басқару жүйесінде білікті билер мен батырларды таңдап, оларды қасына 
топтастыра білген Тәукені орыс тарихшысы А.И. Левшин «Спартаның 
ақылгөй заңгері Ликургпен» теңеген еді. 
Сонымен, Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңы арқылы ішкі тартысты жою 
мақсатында ел басқару ісін, заң шығару тұтқасын билерге беріп, ұсақ хандар 
мен сұлтандардың саяси ықпалын тежеуге тырысады. Жыл сайын Күлтөбеде 
(Ташкент маңы) үш жүздің басын қосқан жиналыс (құрылтай) шақырылуы 
тиіс болған. Хан кеңесі, билер кеңесі мемлекеттік тұрақты құрылымға 
айналады. «Жеті Жарғы» заңында ел дауын шешудегі билер кеңесінің 
құқығының қорғалуын, сақталуын қатты қадалаған. 
«Жеті Жарғы» баптары мейлінше нақты. Мәселен, кісі өлтіргендер үшін 
«қанға қан, жанға жан алу» ұстанымы сақталады. Кейбір жағдайларда өлім 
жазасын соттың келісімімен құн төлеумен ауыстыруға болады. Бұл – осы заң 
жобасының тарихи прогрестік маңызын айқындайтын бап. Құн 
қылмыстының өзінен немесе ру мүшелерінен алынады. Кісінің денесіне 
жарақат түсірген болса, құн төлеуге тиіс болады. «Жеті Жарғыда» әйелдер 
құқы шариғат ережелеріне сүйенеді. Қыз-келіншекті зорлау, алып қашу өлім 
жазасымен теңестіріледі.
Осы заң бойынша әкенің билігі баянды етіледі. Ол – қамқоршы
сондықтан оның ризалығын алмай, отбасының кез-келген мүшесі ешбір 
шешім қабылдамайды. Әкесіне немесе шешесіне қол көтеріп, балағаттаған 
баланы қара сиырға отырғызып, ауыл іші аралатып, қамшымен соққан. Бір 
себеппен (аңдаусызда) баласын өлтіргені үшін ата-анасы ешқандай жаза 
алмайды. Бірақ некесіз туылған баласын ұяттан (қасақана) өлтірген әйел өлім 
жазасына кесіледі. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Мал мен мүлікті ұрлағанда қатаң жазаға тартылады. Ұрлығы ашылған 
кісі ұрлап алғанын тоғыз есе етіп қайтаруы керек. Өзін-өзі өлтіргендерді заң 
бойынша бөлек жерге жерлейді. Жеті атадан аспай үйленуге өлім жазасы 
кесіледі. Құдайға тіл тигізген кісі жеті адамның куәлігі арқылы анықталса, 
таспен ұрып өлтіріледі. Христиан дінін қабылдағандарды мал-мүлкінен 
айырады. Әрбір соғысқа жарайтын еркек бес қарусыз жүрсе, оған да айып 
салынады. Бұл жаугершілік заманда кешірілмес күнә саналған. «Жеті 
Жарғы» бойынша арнайы мал-мүлікке таңба белгілейді және салық түрлері 
(аманаттық салық, ру басыларының борышын төлеу, хандық билік, қару-
жарақ) белгіленеді. Заң құқық ережелерінің жеке салаларын (қылмыстық, 
азаматтық, басқару) да қамтыған. 
Сонымен, «қазақ заңы» діннің орнын, салық түрлерін, жалпы тұрмыс 
жағдайын реттеуге бағытталған Қазақ хандығының ерекше тарихи 
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді. Қазақша 
«жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің 
салмағын дәл, әділ айырудан шыққан. Қасым ханның жаңадан көтерген 
жарғысы ел мүддесіне сай келгендіктен, халық бұқарасы оны «қасқа жолы» 
деп атап кетті. Оған кірген ережелер: мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, 
елшілік жоралары, жұртшылық заңы. Есім ханның «ескі жолы» деп аталудың 
себебі, бұрыннан келе жатқан дәстүрлі жүлгемен жасалған негізгі заң 
сипатындағы төрт тұғырды айтады. Олар: «Хан болсын, ханға лайық заң 
болсын; Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын; Абыз болсын, абыз 
сыйлау парыз болсын; Би болсын, би түсетін үй болсын» деген ережелер. 
«Жеті Жарғы» - бүгінгі күні айтып жүрген құқықтық мемлекеттің басты 
белгілерін Әз Тәуке хан өз кезінде қазақ мемлекетінің бүкіл тыныс-тіршілігін 
заңға бағындырылғаны көрініс тапты. Мемлекеттік институттар: хан кеңесі 
мен билер кеңесі ел басқару жүйесін қалыптастырды. Ел басқару жүйелері 
мен қоғамдық тәртіптің негіздері заңдастырылып, олар құқықтық жолмен 
жүзеге асырылатын болды. Мұсылман дінінің қағидаларын халықтың 
ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптарымен шебер үйлестіріп, 
қылмыстық, отбасы және неке туралы баптарды негізгі заңмен ұштастырып 
берді.
Тәуке хан Қазақ хандығының ішкі мәселелерін ғана шешіп қоймай, 
сыртқы саясатында да көрші елдермен байланыс жасай отырып, 
экономикалық қарым-қатынас орнатады. Соның ішінде Ресей елімен сауда 
байланысын жаңарту, Бұхар және Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым-
қатынас жасасу. Ресей мемлекеті өз тарапынан Қазақ Ордасына елшілер 
жіберіп тұрады. Шекаралық мәселелерді шешу мақсатында 1692 жылы 
Андрей Неприпасов, Василий Кобяков бастауымен елшілік келеді. Қазақ 
Ордасының жағдайымен танысу үшін 1694 жылы Түркістанға Федор Скибин, 
Матвей Трошин бастаған елшілік жөнелтіледі. 1715 жылы Бухгольц 
басқарған экспедиция Шығыс Қазақстан мен Алтайға сапар шегеді. 1716 
жылы Белоусов бастаған елшілік қазақ жеріне келеді. Елшіліктің мақсаты 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Қазақ Ордасының жоңғарлармен қатынасы, әскери күш-қуаты, Орта Азия 
хандықтарының ұстанған бағыты, ішкі жағдайы, тағы басқа жайттарды біліп 
қайту еді. 
2. ХVІІ ғасырдың екінші ширегінен бастап Орталық Азиядағы 
халықаралық жағдай күрт өзгереді. Көшпелі өркениеттердің өміріне Ресей 
мен Қытай араласа бастайды. Соның салдарынан басталған стратегиялық 
қылықтары екі халықтың (қазақ пен жоңғарлар) қақтығысына әкеледі. Ол 150 
жылға дейін созылады. Олар болса, жеңілгені менікі саясатын ұстанып, 
күтумен және бір-біріне қарсы қойып өз істерін жалғастырып отырды. 
Осыған қарамастан кейбір деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ-
қалмақ билеушілері деп атайды. 
Қазақ хандығының шығысында орналасқан жоңғар мемлекетінде Севан-
Рабтанның (1697-1727) билікке келуі қазақ-жоңғар қатынастарын одан сайын 
шиеленістіреді. Осы кезеңнен бастап жоңғарлардың қазақ даласына 
шапқыншылығы үдей түседі. Тәуке хан билік құрған кезде қырғыздар мен 
қазақтар арасындағы одақ жоңғар шапқыншылығына тосқауыл болады. Бұл 
одаққа қарақалпақтардың бір бөлігі де енеді. Тәуке тұсында 1698, 1711-1712, 
1714, 1717-1718 жылдары жоңғарлармен елеулі қақтығыстар болады. Қазақ 
әскерлері бірнеше рет жеңіске жеткенімен, жоңғарлар қазақ жерін толықтай 
босатпайды. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, оның орнына отырған 
баласы Болат хан билікті орнымен пайдаланып, халықтың басын біріктіре 
алмайды. Бұл жағдай Қазақ хандығының саяси жағынан бөлшектеніп, әр жүз 
хандарының жеке дара билік құруына әкеп соқтырады. Осылайша Қазақ 
хандығының орнына, Қазақ хандықтарының тарихы басталады.
3. ХV-ХVІІ ғғ. қазақтардың шаруашылық саласы ретінде тарихи 
қалыптасқан үш негізі болды: біріншісі – көшпелі мал шаруашылығы; 
екіншісі – отырықшы егін шаруашылығы; үшіншісі – қол өнеркәсібі мен 
сауда-саттық. Олардың бастысы мал шаруашылығы. Малдың негізгі түлігі – 
қой, жылқы, түйе және аз мөлшерде сиыр өсірді. Өндірістің формасы ретінде 
шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану 
тәртібі қалыптасты, төрт маусымның төрт қонысы болды. Бұлар: жазғы 
жайлау, қысқы қыстау, көктемгі көктеу, күзгі күздеу. Ал әрбір ру осыған 
сәйкес белгілі бір жағрафиялық жер көлемі шеңберінде көшіп-қону дәстүрін 
ұстанды. Мал шаруашылығын жүргізудің өндірістік машық дәстүрлерін 
сақтап қана қоймай, оны үнемі жетілдіру тәжірибесін жинақтау да қосарлана 
жүрді. Әсіресе, малды сумен қамтамасыз етуде қазақтар әлем мәдениетіне 
үлкен үлес қосты. Далалық аймақтарда, ұжымдық еңбектің нәтижесінде бұл 
мәселені шешуге ерекше мән берген. Шөлді аудандарда, терендігі 3-10 
метрден 100 метрге дейін жететін арнайы құдықтар қазылған. 
Зерттеушілеріміз Н. Масанов, М. Тұрсынов дәлелдегеніндей, жыл сайын 
әрбір ру өзінің жаз жайлайтын жұртына келгенде бірінші шешетін мәселе – 
ескі жабылып қалған құдықтарды аршып, сонымен қатар, жаңа құдықтар 
қазу болатын. Міне, сондықтан да қазақтарға өзендердің бойын ғана қуалап 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
көшіп-қонып жүру міндетті болмады. Малдың түліктік құрамы - 
шаруашылықтағы белгілі бір түліктің маңызына, сауданың қажетіне
жайылымдардың ерекшелігі мен кеңдігіне және жергілікті малдың оған 
бейімділігіне қарай анықталды. «Бұл халықтың байлығы мен дәулеті 
басқадан да гөрі жылқысы мен қойының көптігінде. Қай салада болсын, 
қажетті де, пайдалы малымен осы ордадан басым басқа халық бар деуге келе 
қоймас», - деп орыс патшалығының зерттеушісі П.С. Паллас жазып еді. 
Исі қазақ атауына аңшылық кәсібі таңсық дүние еді. Аң-құс аулаудың 
ата тәсілдері мен құрал-саймандары өмір сүру заңдылықтарын бақылаған 
халық тәжірибесінен туылды. Бұлардың көбі көне заманнан келе жатқан: ор 
қазу, қақпан құру, тор жаю, атқы қою, түрлі тұзақтар құру, садақпен ату, 
қуалап соғу, ау салу, ит жүгірту, құс салу әдістері еді. 
Көшпелі малшылар үй кәсібімен, негізінен алғанда мал шаруашылығы 
шикізаттарын өңдеумен айналысты. Қазақтар жүн мен теріні ұқсату ісін өте 
жақсы білді. Қой жүнінен текемет пен киіз үйдің киіздері басылды. Сапасы 
неғұрлым жақсы жүннен кілем тоқылды. Түйе жүнінен орыс шұғасы сияқты 
тығыз мата тоқылды. Жылқының қылынан жіп пен арқан есілді. Иленген 
теріден аяқ киім, киім, ыдыс тігілді, ат әбзелдері әзірленді. Қойдың құйрық 
майы мен әртүрлі иіс беретін шөптердің күлінен сабын қайнатты. Үй 
кәсібінің жоғары дамығаны туралы деректер баршылық, мәселен, өз 
зерттеулерінде академик В.В. Бартольд көптеген мәліметтер келтіреді. 
Соның бірі ретінде Лейден университетінің кітапханасында сақталған 
еңбегінің үзіндісін келтіруге болады: «Олар кафтанды (камзол) қойдың 
терісінен дайындап оны әртүрлі бояумен бояйды, сол кезде атлас тәрізді 
кейіп алады. Осы бұйымын Бұхараға әкеліп атластан жасаған кафтанның 
бағасымен сатады, өйткені ол өте әдемі және биязы келеді. Оларда сол 
қойдың терісінен жасаған керемет көзқызарлық шекпендері бар, ол суды 
өткізбейді және сыз-ылғалдан қорықпайды. Себебі сол жақта өсетін 
шөптердің қасиетіне байланысты теріні илеуде шебер қолданады». Теріні 
дайындау технологиясы жайлы мәліметтерді, сондай-ақ, П. Паллас пен 
А. Левшиннің еңбектерінен де табуға болады: «Қазақтар терілерді былайша 
өңдейді: әуелі теріден жүнін қырқып, су бүркейді де, шиыршықтап, орап, 
жүннің түбі жидігенше жылы жерге тастайды, содан соң өтпейтін пышақпен 
қырнайды, ал қырналған теріні кептіріп қояды, содан кейін тұщы сүтке, ал 
тері қалың болса, ащытылған сүтке салып қойып, төрт тәулік сайын қырнап 
отырады. Ақырында көлеңке жерде кептіреді, әбден жұмсарғанша қолмен 
уқалайды және аяқпен басады, содан соң ыстап тағы уқалайды, ақырында 
қызғылт сары бояумен бояйды. Оны қазақтар қоянсүйек деп аталатын шөптің 
суына ашытып, қайнатылған тұнбасынан дайындайды. Бояуды теріге екі 
жағынан бірнеше рет жағып, әрбір жолы кептіріп отырады. Мұндай теріні 
жиі жууға болады, олар өзінің қызыл сары түсін сақтайды», - деген еді. 
Қазақтың қолөнерінде жете дамыған түрлерінің бірі зергерлік ерекше 
орын алады. Бұл өнердің түп тамыры тереңде жатыр. Бабаларымыз кең 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
байтақ жерінен алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын сияқты металдарды 
өндіріп, соларды құю, соғу, қалыпқа салу арқылы еңбек құралдарын, әшекей 
бұйымдарды, тұрмыста қажетті заттарды жасаған. Археологиялық зерттеу 
нәтижелері де осыны дәлелдейді. Қазақтар зергерлік өнерде металды 
көркемдік өңдеудің әр түрлі техникалық әдістерін қолданған: соғу, құю, 
қалыптау, оюлау, өрнектеу, зерлеу, күміске қақтау, алтын жалату, тағы 
басқалар. Күмістен шеберлер әр алуан бұйымдар жасаған. Бұлардың ішінде 
әйелдерге арналған әшекейлер, сырт киімнің түймелері, киіз үйдің керегесін, 
уық, шаңырағын, есігін зерлеу, қару-жарақ, ер-тұрманды әшекейлеу. 
Зергерлік – атадан балаға мирас болған, қадірлі, қастерлі өнер. Ұсталар, 
зергерлер әр түрлі құрал-саймандардың көмегімен темірден түйін түйеді. 
Зергерлік бұйымдар жасау үшін ең әуелі ұстаның шеберханасында көрік 
болуы керек. Көрік - әр түрлі металды қыздырып балқыту үшін қолданатын 
ешкінің терісінен жасалған ауа үргіш құрал. Тобылғы, сексеуіл, қарағай 
шоғына су сеуіп, сөндіріп, әр шебер өзіне қажет мөлшерде ағаш көмірін 
даярлаған. Қос көрікті пайдалану тәжірибесі де болған. Зергерлік өнерде 
қолданған саймандар: балға, төс, қысқыш, оқбақыр, қауашақ, шымшуыр, 
үгіндірік, шекіме, іскенже, күйентелі таразы, саусақ қалып, сымтартқыш, 
қалып, нақыш салғыштар, түртпе, бізбілдік, түтік, қадаубас, қайшы және т.б.
Балға – ұста зергерлік әдістерді атқару үшін қолданатын құрал. 
Балғаның шой балға, мүйіз балға, қол балға, ағаш балға, шың балға, қадау 
балға, тағы басқа түрлері болған. Төс – шойыннан, шар болаттан жасалған, 
ағаш тұғырға қондырылған құрал. Төске салып соғу, ию, кесу, шабу, тесу, 
шыңдау, қақтау, пісіру, бұрау сияқты түрлі әдістермен, әр түрлі металды 
қыздырып немесе суық күйінде өңдеген. Төстің құстұмсық төс, домалақ төс, 
шың төс деген түрлері болған. Қысқыш – отқа қызған металды ұстайтын 
құрал. Қысқыштың «жадағай таңдай», «қуыс тұмсық», «біз тұмсық», «кемпір 
ауы» деген түрлері болған. Оқбақыр – темірден, саз балшықтан жасалатын, 
сол жақ ернеуі сүйірлеу келген, су ағары бар, қорғасын, қола, үре күміс, 
алтын қорытатын тұтқалы ыдыс. Қауашақ – жұқа қаңылтыр немесе саз 
балшықтан жасалған науа тәріздес ыдыс. Қауашаққа металды құйып, суыған 
соң шығарып алып, әрі қарай өңдеген. Шымшуыр – металды дәнекерлеген 
кезде қысып ұстайтын көмекші құрал. Үгіндірік – көмірді жинақтап көсеуге 
арналған құрал. Шекіме – асыл болаттан соғылған, екі жүзі шапқы тәрізді 
балға. Қақталған күмісті жалату үшін темірге шекіп, бедер салатын құрал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет