9-тақырып. 1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат
соғысы (1918-1920 жж.) - халық трагедиясы. Қазақ кенестік
мемлекеттілігінің құрылуы
(1 сағат)
1. Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 ж. наурыз).
2. Қазақстандағы ЖЭС, оның әлеуметтік-экономикалық нәтижесі.
СӨЖ тапсырмалары:
1. Азамат соғысы тарихындағы Алаш Орда үкіметінің рөлін белгілеңіз.
2. Азамат соғысы жылдарындағы соғыс қимылдары тараған аймақтарды
сипаттаңыз.
3. Кеңес үкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы негізгі
жетістіктерін ашыңыз.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
1. 1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын
көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны
кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты
сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы
ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.
1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық – демократиялық
революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен
кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы
Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып
жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде
жазды. Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық –
демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды
деп қуанышпен қарсы алды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл
Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос (екі) үкімет орнады: уақытша үкімет
(буржуазия үкіметі) және жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі
(советтер) құрылды.
Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту еді.
Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі, социализм құру бағытын
ұстанды. Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске
жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді. Қазақстанда
Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада,
Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде,
Атбасарда, Түркістан өлкесінде және тағы басқа жерлерде құрыла бастады.
Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында
шаруа депутаттарының Кеңестері өз одақтарын құрды. Оларда көпшілік
орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ
өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды.
Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрынғы патша чиновниктерін және
қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Торғайдағы Уақытша
үкімет органдарының комиссары, М. Тынышбаев Жетісудағы Уақытша
үкімет органдарының комиссары, М. Шоқай Түркістанның Уақытша
үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды. Ақпан революциясынан кейін
ұлттық-либералдық
қозғалыстың
басшылары
(Ә.
Бөкейханов,
М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды
мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.
Уақытша үкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері
жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай
қараса, бұл да солай қарады. Дегенмен де, Уақытша үкімет біраз шараларды
жүзеге асырды:
1. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу
тоқтатылды.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне,
ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы
қабылданды.
3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару
туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы
көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу
туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн.
150000 сомы – орыс халқына).
Кеңес үкіметінің көтерген мәселелері:
1. Шаруаларға жер беру.
2. Жұмысшыларға – 8 сағаттық жұмыс күні.
3. Соғысты тоқтату.
4. Халыққа бейбітшілік беру.
Алайда, уақытша үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген
мәселелерінің бірде біреуін орындамады. Сөйтіп, уақытша үкімет
самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.
1917 жылы қазақ өлкесінде әртүрлі саяси партиялар мен ағымдар
(қозғалыстар) құрылды. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен,
солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне
ықпал етті. Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп
Бабаев), Сергиопольде (Аягөз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы»,
Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.
Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді:
Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»,
Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск
заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.
Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық
қозғалыстардың идеологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы
Ә. Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А. Байтұрсынов,
М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, М. Шоқай,
Ж. Ақбаев, Ш. Құдайбердиев, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев. Олардың мақсаты
қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру
болды. «Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде
1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда
жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.
1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік,
аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу,
Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27
сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру
мәселесі талқыланды.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті.
Қаралған мәселелер:
1. Мемлекеттік басқару формасы.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6.Дін мәселесі.
7. «Алаш» саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын
бекітті. 1917 жылы мамырда Бүкілресейлік мұсылмандар съезі болды.
Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі
демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған
250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8
сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде
бастауыш білім беру мәселелері қаралып бекітілді.
1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының
съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұңғыш мұсылман) партиясы құрылды.
Мұнда
«Түркістан
Федерациялық
Республикасы»
парламенттік
республикасының жобасы қаралды. 1917 жылы қарашада қазақ социалистік
«Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М. Әйткенов болды.
Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия
орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге
бөлінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды. «Үш
жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру
идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен
«Үш жүз» газетін шығарды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін
Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде
кадеттер
(конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды, мақсаты:
1. Бөлінбес, біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру.
2. Қоныстандыру саясатын қолдау.
1917 жылы көктемде - өлкеде эсерлер (социал-революционерлер)
партиясы құрылды, мақсаты:
1. Жерді шаруаларға беру, «Жер бүкіл халықтың меншігі» ұранын
көтерді.
2. Патша үкіметінің отарлау саясатын айыптау.
1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы :
1. Патша үкіметінің геноцид саясатын тежеді.
2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын
мәлімдеді.
3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
4. Буржуазиялық–демократиялық
революцияның
социалистік
революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.
Кемшіліктері:
1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.
2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады7
3. Шаруаларға жер бермеді.
4. Империалистік соғысты жалғастырды.
1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.
Оның себептері:
1. Монархияның ауыр мұрасы.
2. Уақытша үкімет бітімі, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі
мәселелерін шешпеді.
3. Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық
күштердің жеңіске жетіп, уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің
Кеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Ресейді ғана емес,
дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілресейлік II съезі
ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен
шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің
Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі
өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер
қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты
тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте
помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер
халықтың қолына көшетіндігін жариялады. Жер жалпы мемлекеттік
меншікке айналды.
Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар,
бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір талқылана
бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің
маңызды екі құжатында – Ресей халықтары құқықтары Декларациясы (1917
жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман
еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны
туралы айтылған.
Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің
унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге
ұмтылуы ресейлік этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды
пайдалануға мүмкіндік бермеді.
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс
нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.
1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депутаттары
Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссар
Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет
органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз –
қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп
мәлімдеді.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық
IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны
туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы»
деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін
Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.).
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық
съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда)
автономиясын құру туралы қаулы қабылданды. Алашорданың 25 мүшеден
тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей
қаласында орналасатын болды. Алашорда үкіметінің төрағасы болып
Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен
тұратын бағдарламасы жарияланды. «Алаш» партиясының бағдарламасы:
- басқару түрі;
- автономия;
- азаматтың негізгі құқықтары;
- дін ұстану туралы мәселе;
- соттар туралы;
- қорғаныс;
- салық;
- жұмысшы мәселесі;
- халық ағарту;
- жер мәселесі.
Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы
дамуының балама жолын ұсынды.
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға
бағытталған жолды көрсетті.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға
болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы
басталды. Өлкеде Кеңес үкіметі орнатылды. Кеңес өкіметі орнауының екі
түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым
оңтүстік және солтүстік аймақтарда – бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен
контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары үкімет билігін
1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен
әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде
Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси –
экономикалық және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31
қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде
Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан
айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде
және облыстың басқа да ірі елді-мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен
орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан
тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша
революциялық комитет құрылды. Төрағасы И.Д. Дубинин болды, құрамына
Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және тағы басқалар
кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде
казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым
болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның
16 – нан 17 – не қараған түнде көшті. 1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы
наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай,
Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді-мекендерде орнады. Торғай
облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров,
В. Зинченко және басқада күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық
төңкеріс жасап, үкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті.
Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес
үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери
көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы
күреспен Кеңес үкіметі орнады. Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда
орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты. Жетісуда Кеңес үкіметін
орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына
байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны
қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т. Бокин,
Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар
еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды,
әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда әскери –
революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің
қолдауына сүйеніп «әскери үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару-жарақ
қоймаларын, почта-телеграфты және маңызды мекемелерді басып алды да,
Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында
Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде
Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың
наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті,
яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның
ішінде уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік,
қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің
басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері,
халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері
жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері
ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылығын
туғызды. Сондықтан ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ
жерінде Бүкілресейлік төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып,
қызыл террор енгізілді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай
облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік
мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш
қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды. 1918 жылы 20 сәуірде
Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында
Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасы жарияланды.
Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді.
Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды.
(Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын
реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А.
Розыбакиев.)
Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын
мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен
кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша
чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп
берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді
жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918
жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары
көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды.
1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы
бөлу туралы» декрет қабылданды. Қазақстанда осы жылдары мәдени
құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды:
- Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді.
- Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды.
- Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды.
Қазақ АКСР – ін құруға әзірлік жұмыстары жүргізіліп, Ә. Жангелдин
Қазақстан Кеңестері құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда, қазақ
АКСР – ін құру дайындықтары шетелдік интервенция мен азамат соғысының
басталып кетуінен тоқтап қалды. Елде азық – түлік дағдарысы тереңдеп, азық
– түлік диктатурасы енгізілді. Сібірге, Ақмолаға, Семейге, Қостанай уезіне
азық – түлік отрядтары атандырылды. Олар Петроград және басқа орталық
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
аудандарға 6 млн. пұт астық жіберді. Түркістан Республикасының ашыққан
халқына 200 вагон астық көмек берілді.
Экономикалық саясатта ақшасыз тауар айырбасы басты орын алды:
көтерме – бөлшек сауда жойылып, азық – түлік комитеттері 1918 жылы
көктемде Семейде, Ақмола облыстарында құрылды.
1918 жылы наурызда Торғай облыстық Кеңестер съезі болды. Онда:
базарларда, көшелерде, пәтерлерде жеке саудаға тыйым салу қарастырылды.
Саудагерлер тауарлары тәркіленіп, өздері ауыр жұмыстарға жіберілді. Халық
шаруашылығының негізіне теңдей бөлу ұстанымын алған әскери –
коммунистік саясат белгілері пайда болып, қанаушыларды байлығынан
айыру, жеке меншікті жою әдісі енгізілді. Пролетариат диктатурасы және
революциялық күштеу арқылы социализм орнату мүмкіндігі туралы
бұрмаланған түсінік орнықты.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті Кеңес органдарының қызметі
бірнеше кезеңнен тұрды. Оның 1917 жылғы қарашадан 1918 жылғы жазға
дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссарлары
бос жерлерді, тәркіленген помещик иеліктері есепке алып, шаруалардың
жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету
мәселесімен шұғылданды. Шаруалар қоныс аудару қорынан алынған
жерлерді пайдалану ережелерін жасады.
Екінші кезең 1918 жылдың жазынан 1920 жылдың аяғына дейінгі
уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды
іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді. Теңгермешілік негізінде жерді
шаруалардың пайдалануына беру шаралары жүргізілді.
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер – су реформасы іске
асырылса, 1924 – 1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде жерге
орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді.
Мұндай шараларды іске асыруда жеткілікті тәжірибенің жоқтығы, жергілікті
кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының жоқтығы себептері негізінде бұл
революциялық шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің,
солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын Кеңес үкіметіне сенімді
азайтатын жайлардың болғанын да айтуымыз керек.
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің
қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс
офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен
бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді,
контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды. Еліміздің
бірқатар аудандарында, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань,
Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және
оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы
жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті. Азамат
соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес үкіметіне қарсы
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония,
Германия).
Интервенттердің негізгі мақсаты:
1. Большевизмді қоршауға алып, жою.
2. Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түсіп, Ресейді
әлсіретуді көздеді.
3. Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша
үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті.
4. Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын
қайтаруды ойластырды.
5. Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда
экспансия жасау әрекетін де көздеді.
Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкеріске қарсы күштерге
дем берді. Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын,
француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді. 1918
жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды.
Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты
жаулап алды. 1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады,
Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Түркия
Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта
Азияны жаулауға әрекеттенді. Интервенттер Ресейге басып кіргеннен бастап
ішкі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару-
жарақпен, қаржымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын
жоспарлады.
1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен
Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен
эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы
күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік
Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай,
Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ.
Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және тағы басқаларды азаптап өлтіріп,
Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап
жағып өлтірді.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және
алашордашылар дем берді. 1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал
қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды. Атаман Дутов
1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық
Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі
Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір уақытша
үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч»)
одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей
қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов
болды.
1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында
операция бастап, атаман Анненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл
кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар)
соғыс қимылдарын күшейте түсті.
1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс
майданы болды. Шығыс майданының жағдайы қиындауына байланысты 1918
жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін
шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды
(1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы,
Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және тағы басқа
қалаларда құрылған шоғырлар келді. 1918 жылы шілде айында Жетісу
майданы құрылды.
1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде
еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен
кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер
шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер
ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал
қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі
ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер
полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешевтер болды.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов
Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу
тобын, пулеметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер
эскадронын құрды.
1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп
жинау жарияланды. 1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам
адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың
адамдық полктер құрылды. 1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес
ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды. Ә. Жангелдиннің
экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде
маңызды роль атқарды. 1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919
жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік
Ресейдің Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына
келтіруге мүмкіндік берді.
1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы
басталды. 1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы
партизан
соғысы
өрістеді.
Партизандық
астыртын
жұмысты
ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков,
А.К. Вайцеховский, А.В. Азаданов, К.М. Михалкович, В.В. Мей. Солтүстік
Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы
Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков
тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының
қолбасшысы Л.П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке
ұшырады. Шайқас барысында Л.П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919
жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып
тастады.
Черкаск қорғасының тарихи маңызы:
- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;
- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен
бірігуіне жол берілмеді.
Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка
қонысы болды, командирі Н.М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар
колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау
бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар
«Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті. Қазақ
өлкесіндегі майдандар жойылды. Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау
Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919
жылы қолбасшы М.В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның
солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс
аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен
қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік
топ әскерлері (қолбасшы М.В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев
дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919
жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті. Осыдан кейінгі міндет – Орал
мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4
армияларына жүктелді. Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе
бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе
майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы)
түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қайта қосылып, Ақтөбе
майданы жойылды.
Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев
дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В.И. Чапаев және бригада
басшысы Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы
қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың
соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920
жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.
1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы
М.Н. Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп,
Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты. 1919 жылы қарашада Семейде
Колчак үкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы
наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды. 1920
жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып,
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.
1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы –
Солтүстік Жетісу майданы жойылды. 1920 жылы Қызыл Армия Колчак
әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.
Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа
үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ
гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық
«Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А.
Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын
Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.
1919 жылы 4 сәуірде Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті Алашорда
мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.
Азамат соғысының салдарлары:
1. Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты.
2. Мал саны күрт азайды.
3. Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.
4. Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар
тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.
Әскери коммунизм саясаты:
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды
азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген
атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл
саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық
орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын
мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану
болды.
«Әскери коммунизм саясатының» негізгі белгілері:
1. Азық-түлік салғырты енгізілді.
2. Жеке саудаға тыйым салынды.
3. Азық-түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4. Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5. Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6. Басқару ісі орталықтандырылды.
7. Коммуналдық жол-қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық-түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да
бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының
қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип
негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды.
Оның мәні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың
мемлекетке міндетті түрде өткізуі.
Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы
әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында
«Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
1920 жылы Атыраудан Орталық Ресейге 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан
қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне
сәйкес 1919 жылы сәуірде Ресейде алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде
500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден
өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан
жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай –
Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын
Орталық Ресеймен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл
– Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан
облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті. Сөйтіп, осының бәрі
Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда
партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.
1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз
(қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы»
декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма
болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай
облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком
төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә.
Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М.
Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев.
Казревком міндеттері:
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату.
3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.
1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі
қабылданды. Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды:
- «Ұшқын» газетін шығарды.
- Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.
- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен
бірге, Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.
1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік
Социалистік Республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор
қаласы – Астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай,
Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань
губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан
Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына енгізілген
болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің
съезі өтті. Мұнда жоғарғы үкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық
Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық
Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.А. Радус-Зенькович болды. Съезде «Қазақ
АКСР
еңбекшілері
құқықтарының
декларациясы»
қабылданды.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Декларацияда
Қазақ
АКСР-нің
мемлекеттік
басқару
органдары,
азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:
1. Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2. Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
3. Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
2. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін
Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық
аудандарымен
салыстырғанда
ауыр
болды.
Қазақстанның
307
кәсіпорынының 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе,
Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап
қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту
фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы
өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды.
Республиканың ауылшаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал
губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да
едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.
Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921
жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық –
түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету
туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады. Алайда, зорлық
– зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады.
Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал,
Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан
айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған
25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі
органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының
территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам
бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес
қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық
наразылығының ұлғаюының себептері:
- мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты);
- 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық;
- мал шаруашылығының ауыр жағдайы;
- егін алқаптарының күрт азаюы.
Осы жағдайлардан азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын
енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық-
түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің
қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- азық-түлік салығының енгізілуі;
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
- сауда еркіндігі;
- жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру;
- ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту;
- кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру;
- еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру
болды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды.
Шаруалардан алынатын ауылшаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен
шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты.
Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын
түзеуге мүмкіндік алды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық
бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа
көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық,
авторитарлық басшылыққа көшу басталды.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық. Қазақстанда жаңа экономикалық
саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда
Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына
байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және
Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80
%-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар Республика халқының 1/3
бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса,
1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым
айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық –
түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май
жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық
орталықтары – Мәскеуге, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа
жіберілді. Соның нәтижесінде «аман–сау» аудандардың халқы ашыға
бастады.
Кеңес үкіметі Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу шараларын
бірсыпыра кешігіп қолданды. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің
декретімен Республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық – түлік
салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес
үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы
туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.
1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес
Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу
үшін 25 млн. сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қазақстанға егін
шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың
сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5
мың баланы РКФСР – ге әкетті.
Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн.
пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.
Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В.И. Лениннің
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
үндеуіне («Сіздерде Арал теңізінде балықтың аулануы жаман емес...
Өздеріңіз аулаған балықтың бір бөлігін аштықтан ісінген қарттар мен
қарияларға бөліңіздер». Ленин В.И. Шығ. толық жинағы 53-247 бет)
байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон
балық жіберді.
1921-1922 жылдардағы аштықтың салдары:
1. Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе,
Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3-ке дейін азайды.
2. 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. РК(б)П-ның X
съезінен кейін енгізілген азық-түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті,
шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық
өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік
алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік
салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай
салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925 жылдары өнімнің 1/8
бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924
жылғы қаңтардың 1-нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы
енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті.
Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне,
ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.
Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит
кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие
берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар
сатып алуға несие берді. 1924-1925 жылдары республикаға әкелінген 415
тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Несие (кредит)
кооперациясы қарызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық
реттеу құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға,
өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек
белсенділігін арттыруға көмектесті. Соның нәтижесінде:
1. Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн.-ға, 1928 жылы – 4 млн.-ға өсті.
2. Мал шаруашылығы одан да жоғары қарқынмен дамыды. 1924-1928
жылдары мал саны 24,8 млн.-нан 41 млн.-ға жетті.
3. Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мыңнан 1928 жылы – 1 млн.
333 мыңға жетті.
4. Астық өндіру 1924-1925 жылдары 64,618650 пұттан 1928-1929
жылдары – 240 млн. пұтқа артты. Осы уақытқа Қазақстанда 103 коммуна мен
650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қазақстанда мақата өсіретін
«Мақтарал» алып совхозы ұйымдастырылды.
Шаруалардың жіктелу процессі күшейді:
1. Батырақ-кедей қожалықтары 2 есеге азайды.
2. 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды.
3. Кулак – бай қожалықтар 6,6 %-ден 14,8 %-ға көбейді.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Жаңа экономикалық саясат жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып
жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңес 8 тресті –
«Қожмехтрест», «Илецксоль», «Павлодарсоль», «Ақжал – золото», «Каззап –
золото», «Казахсаксаултрест», «Казспирт» трестері мен екі кәсіпорынды –
Сантонин заводын, Қарғалы шұға фабрикасын біріктірді. Сонымен бірге,
Одақтық
маңызы
бар
«Эмбанефть»,
«Алтай–Казполиметалл»,
«Атбасцветмет» трестері құрылды. Жалпыодақтық трестер республика
бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть»
мұнайынан алынған табыстың 5 %-ін Қазақ АКСР – інің өлкелік бюджетіне
аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі
қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату
аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті.
Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты
анықталды. Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп
орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы
тағы басқа.
Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты
ауданы – Кенді Алтай болды. Риддер қорғасын заводы мерзімінен бұрын
пайдалануға беріліп, ол 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндіретін
қорғасынның 40 %-ін бере бастады.
Орал- Ембі мұнай кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады. Әуелі
Доссор, содан соң Мақат кәсіпшіліктері қалпына келтіріле бастады.
Атырауды осы мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол
салынды.
Одан бұрын (1920 ж.) Шымкент сантонин заводы пайдалануға берілген
болатын. Қарсақбай комбинаты жоғары қарқынмен қалпына келтірілді.
Мұнда 1927 жылы мыс өндіріле бастады. Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына
келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен
жүргізіліп, 1927 – 1928 жылдары ғана аяқталды.
Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар
айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921
жылғы мамырдың 24-індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік
ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол
берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке
саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік
жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.
Басты жәрмеңкелер:
1. Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.
2. Ақмола губерниясында – Атбасар.
3. Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.
4. Бөкей ордасында – Орда.
Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды. Жаңа экономикалық
саясаттың нәтижелері:
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
1. Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге
мүмкіндік берді.
2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.
3.
Өркениетті
кооператорлар
құрылысы
(қозғалысы)
ел
шаруашылығының барлық саласын көтерді.
4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.
Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге
мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929 жж.).
Қазақ жерлері Қазақ АКСР құрамына біріктірілді. Заман талабы қазақ
халқының Ұлттық Кеңес Мемлекеттігін құруын қажет етті.
Жүзеге асыруға тиісті шаралар:
1. Халықтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру.
2. Қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру.
Қырғыз әскери-революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия
құрылып, болашақ республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Бұл
өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады. Кейбіреулер Қазақстанға
Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты, басқалары,
керісінше, қазақ жерлерін ғана емес, сонымен қатар, республика құрамына
Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін
қосуды да талап етті.
Орынборды Қазақстан құрамына енгізу маңызды мәселе болды. 1919
жылғы қыркүйектің 19-ында губерниялық комитет Орынбордың Қазақстанға
қосылуы туралы шешім қабылдады, ал 1920 жылғы шілденің 7-ісінде
Орынбор қаласы Республика құрамына енгізіліп, тұңғыш астанасы (1920-
1924 жж.) болды. 1924-1929 жж. астана – Ақмешіт (Қызылорда). 1929
жылдан астана – Алматы.
Батыс Сібірге еніп келген Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан
құрамына енгізу оңай болған жоқ, оған Сібір ревкомның кейбір мүшелері
қарсы шықты. 1920 жылдың екінші жартысында олар Қазақстанмен
шекараны белгілеу мәселелерін бес рет қарады. Ақыры 1921 жылы Ақмола
және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан КАКСР-не берілді. 1921
жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10
шақырымдық өңір халқына қайтарылды.
КАКСР құрамына енгізілген аймақтар: Семей облысы – Павлодар,
Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері; Ақмола облысы – Атбасар,
Ақмола, Көкшетау, Петропавл, уездері және Омбы уезінің бір бөлігі; Торғай
облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері; Орал облысы – Орал,
Ілбішін, Темір, Атырау уездері, Маңғыстау уезі; Закаспий облысы –
Красноводск уезінен 4,5 Адай облыстары; Астрахань облысының бір бөлігі.
Бөкей ордасы және Каспий теңізі жағасындағы болыстар.
Орта Азияны ұлттық – мемлекеттік жағынан межелеуді және Оңтүстік
аймақты республика құрамына қосуды әзірлеу жөнінде қазақ зиялылары
ұйымдастыру шараларын жүргізді (1924 ж.). Нәтижесінде:
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
1. Кеңестік Шығыста ұлт республикалары құрылды.
2. Қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы
аяқталды.
Соның нәтижесінде Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт
(Қызылорда), Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі,
Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқанд облысы, Жизақ уезінің
бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал
(Талдықорған) уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады.
Республика аумағы үштен біріндей кеңейіп, 2,7 млн. шаршы шақырымға
жетті, ал халқы 1 млн. 468 мың адамға көбейіп, 5 млн. 230 мың адам болды.
Қазақтар – 61,3 %-ін құрады (1926 жылғы санақ деректері бойынша).
1925 жылы 15–19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің бүкіл
Қазақстандық V съезінде «қырғыз – қазақ» атауы берілді, ал 1936 жылғы
9 ақпанда КАКСР Орталық Атқару Комитеті қаулысымен «қазақтар» атауы
берілді. Сөйтіп, қажырлы күреспен келген өзін - өзі билеу құқығы қазақ
халқы үшін нақты шындыққа айналды.
Республикадағы қоғамдық саяси өмір. Қазақ өлкесінде жаңа
экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер (советтер) болды. Алайда Кеңес
құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті.
1921 жылы 4-10 қазанда Қырғыз (қазақ) АКСР Кеңестерінің II съезі
болып өтті. Онда қаралған мәселелер:
1. Республикадағы мемлекеттік және шаруашылық құрылыстардың
қорытындылары шығарылды.
2. Жергілікті жерлерде Кеңестерді нығайту жолдары белгіленді.
1925 жылы бірінші желтоқсандағы өлкелік V партия конференциясы
болды. Партияның беделі өсіп, ауыл тұрғындарын партия қатарына алу ісі
өріс алды. Партия мүшелерінің саны артып, 1927 жылғы 1 қаңтарда 16854
адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы негізінен қалыптасып бітті.
Бірақ партия жұмысының барлық буындарына әміршіл - әкімшіл әдіс
енгізілді. Осы жылдары Қазақстанда жастар қозғалысы өрістеді. 1921 жылы
шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы – Қазақстан комсомолының
бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы, тұңғыш төрағасы
Ғани Мұратбаев (1902 – 1924 жж.) болды. Ол өмірінің соңғы жылдарында
коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып
қызмет етті. Ғ. Мұратбаев өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді.
Сондай-ақ, Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тәштитов және тағы
басқа жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды.
1921 жылғы қаңтардың 1-інде КОБОС-тың қазақ облыстық бюросы
ұйымдастырылды. 1921 жылы қазанда кәсіподақтардың республикалық 1–
конференциясы болды. Онда кәсіподақтардың міндеттері белгіленді: 1)
жұмысшыларды сақтандыруға, 2) сауатсыздықты жоюға, 3) сенбіліктер
ұйымдастыруға, 4) одақ мүшелігіне қазақ пролетариатын тартуға, 5) жұмыс
табының ұлттық отрядын қалыптастыруға көңіл бөлінді. Осы жылдары
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
әйелдер қозғалысы кеңінен дамып, көрнекті қоғам қайраткерлері өсіп-
жетілді: Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаева, С.
Есова.
Қазақстанда Кеңес үкіметі нығая түсті. Ауылдық және қалалық Кеңес
депутаттарының 6 айлық, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1 жылдық
өкілеттік мерзімі белгіленді. Қанаушы элементтер (феодалдар, билер,
имамдар, муфтилер, мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері)
сайлауға қатыстырылмады. Егер бұрынғы болыс басқарушыларының,
билердің ұрпақтары Кеңес үкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық еңбекке
қатысса, оларға сайлау құқығы берілді. Бұқара арасында саяси жұмыс,
насихат пен үгіт жүргізу мақсатында қызыл керуен және жылжымалы қызыл
отау ұйымдастырылды. Сөйтіп, сайлау барысында рулық сарқыншақтарға
рулық және таптық бой көрсетулеріне, патриархаттық-феодалдық
қатынастардың қалдықтарына қарсы күрес жүріп жатты. Қалыңмал алуды
жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу туралы қаулы кеңінен
насихатталды.
1922 жылы 9 мамыр – 12 маусым аралығында Ә. Жангелдин бастаған
«Қызыл Керуен» экспедициясы Орынбор – Орск – Торғай – Атбасар –
Ақмола – Петропавл – Павлодар – Қарқаралы – Семейге дейін жүріп, 126
митинг өткізіп, 25 пұт әдебиет таратты, Кеңестік декреттерді насихаттап,
партияның ұлт саясатын түсіндірді. Кеңестердің іс – қағаздарын қазақ тілінде
жүргізуін жолға қойды.
1921 жылғы қаңтар айында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі
«Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы, 1923 жылғы
қарашаның 22-інде «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы
декреттер қабылданды.
1927 жылғы мамырдың 17-інде «Қазақ уездің, округтік мекемелерде
қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу», 1928 жылғы қаңтар «Аралас уездік
мекемелерде қазақ және орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу»
жөнінде шаралар белгіленді.
1925 жылы желтоқсанда Бүкілқазақстандық V РК(б)П конференциясы
өтті. Онда: ауылды кеңестендіру бағытын жариялап, үкімет органдары
ретінде ауылдық кеңестерді нығайту, олардағы бай, жартылай феодалдардың
зорлық – зомбылығын жою жөніндегі ұйымдық, идеологиялық шаралар
кешенін белгіледі.
1928 жылы республикада жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды.
Республика 5 буынды – ауыл, село, болыс, уезд, округ, орталық басқару
жүйесіне көшірілді. Республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192
ауданға бөлінді.
Жаңадан аудандастырудың маңызы:
1. Кеңес аппаратының халық бұқарасына жақындай түсуіне, халықты
кеңестік құрылысқа тартуға көмектесті.
2. Ұлтшылдық егестерді тоқтатты.
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
3. Рулық ауылдарды жойып, шаруашылық – территориялық Кеңестер
құру қажеттігін көрсетті.
1929 жылы Қазақ АКСР-ының астанасы Қызылордадан Алматы
қаласына көшірілді. Сонымен бірге, осы жылдары (1921-1928 жж.) қоғамда
партияға тәуелділік арта түсті. Ф. Голощекин мен оның төңірегіндегілер
әміршіл - әкімшіл басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды, партиялық
– мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты. Т. Рысқұловқа,
С. Сейфуллинге, С. Мендешевке, С. Садуақасовқа және т. б. «ұлтшыл» деген
айдар тағу нақ сол жылдары тәжірибеге енді. Жеке меншікті, көп
укладтылықты, товар айналымын жою, идеологияның экономикадан басым
болуы - осының бәрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына әкеп
соқты.
Достарыңызбен бөлісу: |