Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет30/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

Ескерту. Тарихтың қиын-қыстау кезеңдерінде көшпелі халықтардың 
этникалық жүйесінің ішкі құрылымы әр қашан маңызды өзгерістерге 
ұшырайтын. Бірақ осындай бұзылулар кезінде ерекше әлеуметтік-саяси 
байланыстар түрі ретінде туыстықтың құрылымдық бірлігі өзгеріссіз 
қалады. Мұндай жағдайда ру басшылары кепілдік ретінде шығатын. Рулық 
құрылымның қызмет ету механизмінің мағынасы да қиын-қыстау 
кезеңдерде балама үлгі көрсететіндігінде: көшу, шапшаңдық және 
тойтарыс. Бұл жоңғарлармен қақтығысу кезінде де көрініп тұр, мұнда рух 
басшылары және көрсетушілері билер және батырлар болған.
Алғашқы жеңістер Бұланты өзенінің етегінде (Торғайдың оңтүстік-
шығысы) және «Қалмақ-қырылған» атымен белгілі Қара-Сиыр жерінде 
болды. Шабуылдап келе жатқан үш жүздің лектері «Орда-басы» тауының 
етегінде бірікті (Шымкенттің батысына қарай). Дәл осы жерде терең 
күйзелістен кейін ерекше «талап қойған» (көшпелі өркениет) иелері ретінде
Ұлы Дала мүддесін қолдайтын басты саяси субъекті ретінде бірігу 
қажеттілігін түсінді. Сондықтан «Ортақ іс бір-біріне деген адалдық антымен 
дәріптелді» және бұл жерде «әскер басы ретінде Әбілхайыр таңдалды. Дәстүр 
бойынша құрбандыққа шалынған ақ боз ат болашақ табыс кепілі ретінде 
қабылданды». Қазақтардың осыдан кейінгі жеңімпаз шеруін Боролдай және 
Қошқар-Ата өзендерінің басында «Үлкен Орда қонған» және «Кіші Орда 
қонған» шатқалдарының атауларынан; Әбілхайыр сайының атауынан 
(Әбілхайыр ханның аты бойынша) көруге болады. Ақырында «Аңырақай» 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
деген атаумен белгілі Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан жерде 
орасан зор қанды қақтығыс орын алды. Бұл шайқаста қазақтар ең жарқын 
жеңістеріне қол жеткізді, бұл жеңіс әлі де ел есінде.
1730 жылға дейін үш Жүз қазақтары іргелесіп ортақ жауға қарсы 
жұмыла күресті. Әбілхайыр әскер басы болып қала берді. Дәл осы кезде 
белгісіз бір оқиға сұлтандар арасына жік келтіріп, бөлінуді өрістей түсті. 
Әбілхайыр басшылық еткен Кіші жүздің бір ұлысы және Сәмеке басқарған 
Орта жүздің бір ұлысы майданды тастап, орыс шекарасына кетіп, сол жақта 
Ресейдің қоластына кірді. Әлі де болса қаһарлы Қоңтайшы алдында қазақтың 
болашақ тағдырын шешуге байлам жасалмаған еді. Бұл міндетті абыроймен 
Абылай хан шешеді. Қайтыс болған Болат ханның орнына Хан сайлануы 
көпшіліктің таңдауы Әбілмәмбетке түседі. Бәлкім, сұлтандар арасындағы 
қайшылық осы болған шығар. Әбілхайыр және Сәмеке «істері еленбеген» 
деп сезініп, Ресейге көшіп кетіп қалады. Қазақтардың «ортақ ісі» осылайша 
бұзылды.
Орыс патшасына жүгінуді Әбілхайыр мүмкін әскери-саяси одақтас 
ретінде бағалады. Мәскеу үкіметі мұны өзгеше, жоғары «патша қоластына» 
қабылдау туралы сұраныс деп түсінді. Келіссөз барысында орыс билеушілері 
қазақ билеушілерінің (оның ішінде Азияда) Ресей қоластына кіру мәселесіне 
деген көзқарастары Еуропаға қарағанда басқаша екендігін кейін түсінеді. 
ХVІІІ ғасырда хан жалғыз билік иеленуші болған жоқ. Мұндай тәртіп «Жеті 
Жарғының» тармақтарының бірінде бекітілген, атап айтқанда былай 
делінген: «Хан барлық сұлтандар, ақсақалдар және ру басшыларымен қатар 
күзде халық жағдайын талқылау үшін жиналады». Оның үстіне билеуші 
ханның берген анты оның мұрагерлеріне ешқандай міндеттемелер 
жүктемейді. Патшаға келгенде А.И. Тевкелев «қазақтардың көпшілігі Ресей 
қоластына кіру туралы естігісі де келмеді» деп баяндады. Осыдан кейін тағы 
да бірнеше орыс-қазақ кездесулері орын алады. Бірақ бірқатар себептермен 
Қазақстанның Ресейге «қосылу» процесі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына 
дейін созылады.
Данышпан мәмілегер және көршілермен қақтығысты оңтайлы жүргізген
Абылай қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу мен оны нығайту саясатын 
жүргізді. Ол, 1748 жылы Ресейдің ұсынысымен жарлыққа қол қойса да, 1756 
жылы Қытайдың да жарлығында қол қойды. Осыған қарамастан Абылай 
тұсында Қазақ хандығы дербестігін сақтап қалды. 1755 жылы Абылай 
жоңғарларды жеңіп шығады. Сол жылы Амурсана хонтайшының 
қытайлықтарға қарсы көтерілісі орын алды. Көп ойланбай, Қытай 
императоры жоңғар халқын жою бұйрығымен өз әскерін жібереді. Шынында, 
қытайлықтар жасы мен жынысына қарамастан 1 миллионға дейін 
жоңғарларды өлтірді. Осы кезде батыстан оларға Абылай шабуыл жасады. 
Амурсана Ресейге қашып, сол жерде шешектен қайтыс болады (1757). 
Жоңғарларды жойғаннан кейін Абылай өз халқын шығысқа апарып, Алтай 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
тауларына және Құлжа қаласының (қазіргі Синь-Цзянь) аймағына дейінгі 
ауқымды кеңістікті басып алады.
2. Қазақ Ордасы тұтас қала ма, жоқ әлде ұтыла ма, осы мәселе ғана 
маңызды болған Мәскеу үшін бұл шайқастың нәтижелерін қалай қалтырап 
күткендерін елестетуге болады. Өйткені Петр І өзінің шығыс саясатында 
Қазақстанға үлкен мән берген: «барлық азиялық елдер мен жерлерге осы 
орда кілт және қақпа; және осы себептен осы орда Ресейдің қоластында болу 
керек, тек сол арқылы азиялық елдермен қатынас жасау үшін және Ресейлік 
жаққа пайдалы және қабілетті өлшемдер алу үшін». Сібірді отарлау 
тәжірибесі және азиялық доктрина жасалуы жалпы Ресейдің барлық кейінгі 
шығыс саясатына әсерін тигізді. Дәл Қазақстанға тиісті Ресейдің азиаттық 
доктринасының мағынасы мынада болды: тек Қазақстан далаларына билікті 
бекіту ғана емес, орыс иелігінің шектерін Үндістанға дейін кеңейту. Ең 
ақырында осылай болып шықты. Дегенмен бұл саясаттың жүзеге асырылуы 
өте көп уақытты талап етті. Сондықтан Қазақстанның Ресейге «қосылуы» 
Сібірдің қосылуына қарағанда басқа жолмен жүзеге асырылды. Енді тағдыр 
еркімен екі әлемнің – Ресейдің отырықшы-егіншілік мәдениетінің және 
Қазақстанның көшпелі өркениет әлемінің тарихи кездесуі алда тұрған. Біздің 
кейінгі баяндауымызда келесі мәселе қойылады: «қосылудың» жұмбақ 
мәселесіне объективтілік тұрғыдан қарау.
Көшпелі қоғам сыртқы әлемге қатысты әрқашан белсенді әрекеттестік 
күшті білдірген. Тіпті «нефритті жол да» ізсіз өткен жоқ. Сібір археологтары 
оның да іздерін тіркеген. Алтайдан Еуропаға апаратын жол болған (Саян 
тауларының сілемдерінде осы сирек кездесетін тастың бай кен орындары 
белгілі. Оның үстіне нефрит минералы түркілерде ерекше құрметке ие 
болған). Бұл табылғандар өте көне заманның өзінде Шығыс пен Батыс 
арасындағы өзара қатынасы мен өзара ықпал етуі бақыланатын маршруттар 
(нефрит жолы) белгіленгені туралы ойлануға мәжбүр етеді.
Көшпелі өркениет үшін ат толығымен номадтың қанына сіңіп, сүйегіне 
біткен және оны кеңістікке шығарған. Номадтар өздерінің «ат үсті» өмір 
салтына арнайы киім жасаған – шарвар және етік. Үзеңгілері бар ер-тоқым, 
етіктің өкшесі және көптеген басқа әбзелдер «атты ерттеп» әлемді игеруге 
бой ұрған елдердің бірі. Географиялық ашылулар салт атты халық үшін жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет