Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


-тақырып. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-



Pdf көрінісі
бет33/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

 
8-тақырып. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық, саяси дамуы. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғғ. басы) 
(1сағат) 
1. Патша өкіметінің отаршылдық реформалары: хандық биліктің 
жойылуы, Отарлық басқаруды орталықтандырудың күшеюі. 
2. Ресейдің қазақ даласын сауда айналымына айналдыруы. XIX ғ. 80-90-
жж. реформалар. Өлке өміріндегі әлеуметтік- экономикалық өзгерістер.
3. XVIII – ХХ ғасырдың басындағы мәдениеттің дамуы.
4. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1916 жылғы көтеріліс. 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару туралы» Ережеге сәйкес 
Қазақстан аумағындағы әкімшілік-соттық реформаның енуінің шиеленісін 
ашыңыз. 
2. ХІХ ғасырдағы ақындардың шығармашылықтарындағы қазақтың 
ауызша традициясын пайдаланудағы ерекшеліктерін жазу. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
3. Кіші Жүз аумағындағы 1837-1838 жылдардағы көтерілісті жазу. 
4. Қазақстан аумағындағы сұлтандар қозғалысының себептері мен
сипатын ашыңыз. 
5. ХХ 
ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы аграрлық 
қозғалыстың себептерін ашыңыз. 
6. 
Қазақстандағы 
заводтар 
мен 
фабрикалардағы 
жұмысшы 
қозғалысының себептерін ашыңыз. 
7. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсерін 
көрсетіңіз. 
1. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру 
және оның Ресейге қосылуына бағытталған белсенді шаралар қолданыла 
бастады. Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының бағдарын өзгертуіне орта 
азиялық фактор әсер етті (Англияның және Ресейдің мүдделерінің 
қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өткізілген бірқатар әкімшілік 
реформалар мен әскери акцияларының нәтижесінде Қазақстан толығымен 
ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі, 
яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды және ресейлік отар басқару органдары 
енгізілді. Ұлы Дала Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы 
Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары мен қоғамдық өмірлерін 
өзгертуге тура келді.
1822-1824 жж. Жарғысымен көшпелі мемлекетті басқарудың саяси 
институты жойылды, 1867-1868 жж. Уақытша ережемен рулық 
институттарды жоюдың шарттары жасалды. Логутов былай деп жазады: «Бұл 
уақытқа қарай (ХХ ғ. басы) кезінде қаһарлы қазақ одағы ыдырап, ал 1822 
және 1868 ж. орыс заңдары қазақтардың өзін-өзі басқаруын толығымен 
жойды. Хандар билігі қысқартылды, қазақтар енді рулық белгілері бойынша 
емес, аймақтар бойынша бөлінді, ал олардың басқарылуы «қазақтардан 
шыққан бастықтарға» берілсе де, олар Ресей үкіметінің қол шоқпарлары 
болды» (Казактардың рулық тұрмысының очеркі және бұрынғы Семей 
губерниясының аймағындағы қазақ руларының бөлінуі. М., 1929.). Дәл осы 
қайғылы кезеңнен қазақ өнегесінің төмендеуі басталады, халық бұл дәуірді 
Зар Заман деп атады. Дегенмен бұл қоғамның ұйымдастырылуы, қызмет 
етуі, басқарудың түрі мен мазмұны өзгертілсе де, рулық принцип өз мәнін 
сақтап жойылған жоқ. Бұл феномен туралы Гейнс былай деп жазды: «не алыс 
туыстық, не ұрпақтар ыдыраңқылығы, не ішкі келіспеушіліктер еш нәрсе 
ортақ рулық шығу тегі туралы естеліктерді жоя алмады» (Әдеби еңбектер 
жинағы. СПб., 1898.).
Тіпті отарлық шенеуніктердің өздері қазақ қоғамының құрылымдық 
жүйені жою мақсатында рулық принциптеріне көбірек көңіл бөлді: «1867 ж. 
қабылданған Ережелерде қазақ руларын бөлу мақсатымен көшпелі халықты 
болыстар мен ауылдарға бөлу қажеттілігі ұсынылды, өйткені рудың және ру 
басшысының қоластында біріктірілу саяси тұрғыда Ресейге зиянды деп 
танылды». Қазалы уезінің бастығы генерал-губернаторға жіберген есеп 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
хатында жазғаны: «күшті туыстары бар қазақтардың тұрмысы ауқатты 
болады, өйткені қиын сәттерде байлар өздерінің кедей туыстарына 
көмектеседі және жиі жағдайда олар үшін салықтарды төлейді, ал кедейлер 
өз кезегінде оны еңбекпен қайтарады. Бұл рулық басқару әлі де өз мәнін 
жоғалтпағандығымен және қазақтардың арасындағы ру басының ықпалы 
орыс әкімшілігінен де жоғары болғандығымен түсіндіріледі» (Гродеков 
Сырдария облысының қырғыздары. Ташкент 1889.). «Бұл ру маңында 
халықтың барлық экономикалық және әлеуметтік өмірі шоғырланған уақыт 
болды, өйткені қазақ одағында тек ру ғана дербес құқықтық бірлік ретінде 
танылған және тек соның құрамына кіргендер ғана қажетті ұжымдық 
қолдауға ие болған» - деп жазады Логутов. 
ХІХ ғасыр бойы жүргізілген бірқатар отарлық реформалардан кейін 
және ХХ ғасырдың басында рулық құрылымдарды жоюға бағытталған 
күшейтіліп өткізілген қоныс аудару саясатынан кейін орыс үкіметі қазақ 
өркениетінің дәстүрлі институтының жасытылуына қол жеткізді. Жер мен 
кеңістікті еркін иеленіп, мүдделерін табысты қорғаған Қазақ қоғамы бірте-
бірте субъективті психологиялық күйзелу дерегіне айналды. Бұл құбылысты 
Румянцев былай деп жазған еді: «Қазіргі бейбіт қазақты көріп, кезінде 
қаһарман жауынгер және дамылсыз ата-бабалар ұрпағы деп елестету қиын» 
(Румянцев. Өткен және қазіргі замандағы Қырғыз халқы. СПб., 1910ж.). 
«Ережелер» аумақтық ұйымдарды енгізді, әрбір құрылымға белгілі 
аумақтарды бекітті, осы арқылы құрылымдық байланыстың екі әр түрлі және 
қарама-қайшы түрлерінің енгізілуіне негіз салынды. Патша үкіметінің жерді 
өз қажетіне пайдалану мен иелену жүйесін жаңадан енгізуі дәстүрлі жерді 
пайдалану жүйесінің бұзылуына әкелді. Ол, өз кезегінде қазақ қоғамының 
шаруашылық және әлеуметтік жүйесін де бұза бастады.
Қазақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жарияланды, енді орыс 
өкіметі оны жаттандыруға заңды құқық алды. Дәстүрлі билік құқықтары 
жойылды, барлық ресми билік орыстың шенеунік аппаратының қолында 
шоғырланды.
2. Сословиелік жеңілдіктер алынғаннан кейін қоғамдық қызмет 
бойынша жоғарлатылу құқығын тек байлық ғана кепілдендіретін. ХІХ 
ғасырдың екінші жартысынан бастап ақсүйектің орнына бай болу үстем 
топтың негізі болды. Сондай-ақ, орташа топтың ыдырау процесі күшейіп, 
кедейлердің пайда болу процесі орын алады. Дәстүрлі шаруашылықтардың 
ыдырауы қауымның кедейленуін тездетті. Оған келесі факторлар себеп 
болды: біріншіден, тепе-теңді емес сауда айырбасы, екіншіден, жерлердің 
минимумге дейін қысқартылуы.
Тауарлық нарықтар таралған сайын барлық халық бірте-бірте тауар-
ақша қатынастарына тартылды. Сауда дамуының ерекшелігі - өсімқорлық 
сипатта болды. Тауарлық өндіріс дәстүрлі қатынастарды бұзды: 
қайыршылануға, кедейліктің көбеюіне. Сауда капиталы дамымаған 
капиталистік нарықта қалыптасудың әсерінен ауыл саудагері мен өсімқор 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
байдың монополиялық жағдайын жасады, ол болса дәулеттілер мен кедейлер 
категориясының пайда болуына әкелді. Сауда қатынастарына қатысу 
дәрежесі бойынша ХІХ ғасырда үш категориялы құрылым құрылды: 
делдалдар (маклер), алып-сатарлар (агенттер) және дербес саудагерлер.
Жерлерді тартып алу нәтижесінде кәсіпшілікке кету процестері күшейді:
балық, тұз, мұнай, тас көмір және мыс қорғасын кеніштеріне, кәсіпшілікке 
кету, 
көлікпен 
тасушылықпен 
айналысады. 
Әлеуметтік 
дамудың 
нәтижелерінің бірі жатақтар санының өсуі болып табылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресей империясының 
отарына айналады. Дамудың іргелмелі-табиғи барысы үзілді. Өмір салты 
өтпелі сипаттармен сипатталды, кешенді шаруашылық қызметіне өту оның 
негізі болады. 
3. Қазақстандағы ағарту ісін және мектеп білімін дамытуда ХІХ 
ғасырдың екінші жартысының маңызы орасан зор болды. Егер 60-шы 
жылдарға дейін Қазақстан аймағында негізінен дәстүрлі мектептер пен 
медреселер басым болса, ал осыдан кейінгі кезеңде еуропалық кейіпте орыс-
қазақ мектептері құрылып, дами бастайды.
«Араб» мектебі деп аталған қазақ балалары қабылданған алғашқы 
мектеп Омск қаласында ХVІІІ ғасырдың басында-ақ ашылған (1779ж.). Ішкі 
Ордада орыс-қазақ мектептерінің ұйымдастырылуы Бөкей Ордасында 
тұңғыш қазақ балаларына арналған училище ашылуымен 1841 жылы 
басталған. Қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлық мектеп жеті 
жылдық оқыту мерзімімен 1850 жылы Орынборда ашылды. Ол қазақ 
мектептеріне арналған мұғалімдерді дайындайтын, 19 жыл ішінде мектеп 
мұғалім мамандығын алған 48 адамды дайындады. Олардың кейбіреулері 
аудармашылар болып жұмыс істеді. 1866 жылы үкімет қаулысымен 7 орыс-
қазақ учаскелік мектеп ашылуына рұқсат берілді, ал 1896 және 1897 
жылдары осындай 14 мектеп ашылды. 1868 жылғы «Ережемен» қазақ 
балаларына арналған орыс мектептер желісінің кеңейтілуі қарастырылды. 
Сондықтан бір қатар уезд қалалары мен ауылдарында ауылдық бір класты 
училищелер типті орыс-қазақ мектептері ашылды. Көп мектептер жанында 
интернаттар болды. Бастауыш мектептер мұғалімдерін дайындау мақсатымен 
1883 жылы Орскте қазақ мұғалімдер мектебі ашылды. 1887 жылы Ырғызда, 
ал 1891-1893 жылдары Торғай мен Қостанайда қазақ әйелдер училищелері 
ашылды. Қазақстанда әйелдердің білім алуының басталуы осы жылдармен 
байланыстырылады. 1916 жылы Ішкі Ордада 78 мектеп жұмыс істеп, онда 
1942 оқушы білім алды, оның ішінде 1224 оқушы қазақ болды.
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы халық ағарту ісі өте төмен 
деңгейде болды. Мемлекеттің халық ағарту ісіне жұмсаған шығындары өте 
төмен болды. Орыс балаларының 1/3 бөлігі ғана бастауыш оқытумен 
қамтылды, мектептер мен медреселерде оқытылған қазақ балаларының саны 
туралы анық мәліметтер жоқ. Бұлардың көпшілігі дәулетті отбасыларының 
балалары болды. Ауылдағы қазақ мектептері қазақтардың көшпелі өмір 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
салтына ыңғайланған болатын. Мектептегі сабақтар жазғы жайылымнан 
келгеннен кейін басталып, жазғы жайылымға көшкенде тоқтатылатын. 
Қазақстанның кейбір аудандарында балалар жаз кезінде де оқытылды: 
мектептер ауылмен бірге жайлауға көшіп баратын. Сондықтан, Қазақстанның 
әр түрлі жерлерінде оқу жылы әр түрлі болды. Мектеп жұмысындағы ең 
үлкен қиындық мұғалімдердің жетіспеушілігі болатын. Ауылдарда 
балаларды моллалар оқытқан. Мектептердің ең көбірек таралған типтері 
мектептер және медреселер - өлкенің ежелгі оқу орындары болған.
Түркістан өлкесінде қыздарға арналған мектептердің саны көп болатын. 
Әйел мектептерінде діни мәтіндерді оқудан басқа поэзия зерделенді. 
Мектептер мен жаңа медреселерді ашуға тек генерал-губернаторлар 
санкциясымен (көңіл аударыңыз!) «сенімді орыс азаматтарына» рұқсат 
берілетін. Мектептер мен медреселерде орыс цензурасымен рұқсат берілген 
баспа кітаптарын қолдануға рұқсат берілетін. Оқушылармен ұлты бірдей 
тұлғалар ғана мұғалім бола алатын. Оқу әкімшілігіне мектептегі сабақтар 
барысын және орнатылған ережелердің сақталуын бақылау жүктелетін. 1916 
жылғы көтерілістен кейін барлық типті конфессионалды (діни) мектептер 
бақылануы күшейе түсті.
Дәстүрлі әлеуметтік-мәдени өмірдің күрт өзгеруі әр қырлы поэзияның 
туындауына мүмкіндік жасады, мұнда жоққа кеткен рухани бағалықтар жан 
жақты бейнеленді. М. Әуезов сол кезеңнің поэзиясын «қайғы дәуірінің 
поэзиясы» - «Зар-Заман» деп атады. «Зар-Зман поэзиясының» жарқын 
өкілдері Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, 
Әбубәкір Кердері Шоқанұлы және т.б. 
Дулат Бабатайұлы (1802-1871жж.) қазіргі Шығыс Қазақстан облысының 
Аягөз ауданының аймағында туып өскен. Ол патша самодержавиесі басып 
алып, мемлекеттік аппарат құрылғаннан кейін, Қазақстанда отаршылдық 
езгіден кейін елді басқару жүйесінде орын алған ірі өзгерістердің (1822 және 
1868 жж.) куәсі болды.
Осының барлығы ақынның көз алдында өтіп жатты. Сондықтан да ол 
осы жылдарда тек халық өмірінде ғана емес, елді басқарған тұлғалар 
психологиясында да орын алған өзгерістерді терең түсінді. Дулат 
өлеңдерінде ежелгі жерлері мен жайылымдарынан ажырап, толық 
кедейленуге ұшыраған елдің ауыр жағдайы нақты бейнеленеді, сонымен 
қатар, жаңа билік өкілдерінің халыққа жат теріс қылықтары батыл сыналады. 
Ақын Қазақстанға бұрынғы хан биліктің қайтып оралғанын армандайды, сол 
кезде халық мүдделері мен ел тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен Еспембет 
биді көкке көтеріп мадақтайды.
Мұрат Мөңкеұлының (1843 – 1906 жж.) шығармашылығы негізінен 
Батыс Қазақстанда орын алған оқиғалармен тығыз байланысты. Патша хан 
ұрпақтарына сыйға тартқан жерлерден басқа жердің барлығы Ресей 
мемлекетінің меншігіне өткенін, салықтардың көлемі өскенін, жаңа 
ережелерге қарсы көтерілісті бейнеледі. «Жиделі Байсын» және «Тескен тау» 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
- арман еткен өлкеге көшу идеясы тарала бастады. Ол халықтың өз 
тәуелсіздігі үшін, арман еткен өлкеге көшу үшін күресінде күшті жаршысына 
айналады. «Үш қиян» өлеңінде Мұрат қазақтардың Қазақстанды басып алу 
және отарлау жағдайындағы ащы өмірінің суретін бейнелейді. Бұл өлеңінде 
ол Асан Қайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шора және Исатай сияқты 
туған өлкесінде бақытты өмір сүре алмай, бұл өмірден бастарынан бақыт 
кешірмей өтіп кеткен қаһармандар туралы жазады.
Әбубәкір Кердері Шоқанұлы (1858 – 1903 жж.) өлеңдері де осындай 
тақырыпқа жазылған. Бұл өлеңдерде зар заман дәуірі келгеннен өзгерген 
адамдардың мінез-құлқындағы, өміріндегі жағымсыз құбылыстар – ежелгі 
дәстүрлерді сақтамауы, оларға немқұрайлы қарауы, жастардың үлкендерді 
сыйламауы және тағы басқалары соққыланады. Ақын адамдардың білім 
алуын және үйлесімді дамуын насихаттайды.
Қазақ халқының тарихында Шоқан Уәлихановтың (Мұхамед Қанапия) 
алатын орны ерекше. Шоқан дарыны тек ағартушылық майданда ғана емес, 
ғылым саласында да ашылды десе болады.
Ш. Уәлиханов 
өзінің 
ғылыми 
қызметін 
кадет 
корпусының 
тәрбиеленушісі бола тұрып бастаған. Ш.Уәлиханов Жалайырдың «Жамиғат 
тауарихынан» көлемді үзінділер алып, оның негізгі бөлімдерін алғаш рет 
орыс тіліне аударды, шығыс терминдерінің сөздігіне түсінік беріп, оны 
аудармаға қосымша берді. Ол Әбілғазының «Шейбани-намасынан», «Түркі 
шежіресінен» (И.Н. Березин басылымы бойынша) көлемді үзінділер жасап, 
осылардың негізінде кейіннен теориялық жағынан маңызды «Қырғыз 
шежіресін» жасады.
1856-1858 жж. Уәлиханов үшін ғылыми тұрғыда өсу жемісті болды. Бұл 
кезеңге оның Ыстық Көлге, Құлжаға, Қашғарға жасаған сапарлары туралы 
тамаша 
күнделіктері, 
«Құқотай-ханның 
өлімі», 
«Оңтүстік 
Сібір 
тайпаларының тарихы жөнінде естеліктер» жатады.
Шоқанның ғылыми еңбектері арасында оның Жетісуды, Ыстық Көлді, 
Тянь-Шаньді және Шығыс Түркістанды тарихи-географиялық шолуға 
арналған зерттеулері үлкен қызығушылық туындатады («Жоңғар очерктері», 
«Қырғыздар туралы жазбалар» және т.б.).
Ш.Уәлихановтың қазақ халқының тарихы мен этнографиясы бойынша 
зерттеулерінің, сонымен қатар, қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси 
қатынастарға тиісті мақалаларының маңызды ғылыми бағалығы бар. Бұл – 
«Абылай», «Қырғыз шежіресі», «Ежелгі замандағы қырғыздардың қарулануы 
және олардың әскери қару-жарақтары», «Шұна-батыр», «Сот реформасы 
туралы жазбалар», «Даладағы мұсылмандық туралы», «Қырғыздардағы 
бақсылық туралы», «Қырғыздардың көшуі туралы». Ш. Уәлиханов бірқатар 
жұмыстарында тек тарихшы және этнограф қана емес, әдебиетші, публицист, 
тамаша сөз шебері ретінде көрінді. Оның қазақ халық поэзиясы және 
«Манас» қырғыз эпосы бойынша жасаған аяқталмаған зерттеулері өте 
қызықты. Ш. Уәлихановтың күнделіктері кейде үлкен лирикалық 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
шегіністермен әдеби очерктер стилінде жазылған («Құлжаға сапарындағы 
күнделігі», «Қашқарияға сапарындағы күнделігі»). Бұл күнделіктерге 
табиғаттың бейнелі және көз тартатын сипатталуының халық өмірі туралы 
терең біліммен үйлесуі тән. Құлжа күнделігінде Батыс Қытай халықтарының 
тарихының негізгі кезеңдері, мәдениеті, тұрмысы, олардың ежелгі заманнан 
ХІХ ғасырға дейінгі мәдени өзара қатынастары көрсетілген. Ш. Уәлиханов 
сонымен қатар, Қазақстанды және Орта Азияны мекендеген халықтардың 
ауызша аңыздарын, сирек жазбаларын, нумизматика, сфрагистика 
ескерткіштерін, қолданбалы өнер үлгілерін қажымас жинаушы ретінде 
белгілі. Уәлихановтың Орта Азия және Шығыс Түркістан зерттеушісі ретінде 
ғылыми еңбектерін әлемдік ғылым мойындаған. Оның еңбектері орыс, 
ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылып шығарылған. Бұл 
еңбектерді көптеген ғалымдар және олардың ішінде ең алдымен П. Семенов-
ТяньШанский, И. Мушкетов, М. Венюков, Н. Аристов лайықты бағалады.
И. Мушкетовтың белгілеуінше Уәлихановтың Тянь-Шань және Жетісу 
географиясы бойынша еңбектері «маңызды ғылыми қызығушылық 
туындатады және автор бойындағы кең білім мен сирек байқағыштықты 
аңғартады». «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану майданында 
жарқын метеор тәрізді жылт етіп өтті, - деп жазды белгілі ғалым Н. 
Веселовский. Орыс ориенталисттері оның тұлғасында феноменалды 
құбылысты мойындап, одан түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және 
маңызды жаңалықтар күтті». Ресейдің ірі ғалым-шығыстанушыларының 
бірімен айтылған осы толқытатын сөздер Уәлихановтың еңбегіне деген 
көпшілікпен мойындалған баға болды.
Қазақтың ірі ағартушысы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының 
мәдениеті мен әдебиетінің қоғамдық ой тарихында көрнекті педагог-
ағартушы 
және 
қазақи 
мектептер 
ұйымдастырушысы, 
этнограф, 
фольклорист, ақын, прозашы және орыс классиктерінің шығармаларының
атап айтқанда, Крылов мысалдарының аудармашысы ретінде кең танымал. 
1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ 
балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды және өзін орыс тіл 
мұғалімі ретінде тағайындады. Ағартушылық идеялармен жігерленіп, ол 
ауылдарды аралап, халыққа әлемдік білімнің мағынасын түсіндірді, оларды 
қаржы бөлуге насихаттады. Қазақ халқынан қаржы жинап, ол мектеп 
құрылысына кірісті. 1864 жылдың 8 қаңтарында мектептің салтанатты 
ашылуы өтті. Оқуға 16 ер бала жазылды. Мектеп жанында интернат ашылды. 
1869 жылы Алтынсарин Торғай уезінің басқармасына іс жүргізуші ретінде 
қызметке тұрып, осыдан кейін уезд бастығының аға көмекшісі міндеттерін 
атқарды және уезд сотының міндеттерін уақытша орындады. 1879 жылы
Торғай облысы бойынша мектептер инспекторы қызметіне тағайындалды.
Ы. Алтынсарин 
Қазақстанда 
әйелдердің 
білім 
алуының 
ұйымдастырылуының бастамасына көп еңбек сіңірді, оның қолдауымен 
осындай мектеп Ырғызда ашылды. Кейін интернаты бар әйелдер 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
училищелері Торғайда 1891ж., Қостанайда 1893 ж., Ақтөбеде 1896 ж. 
ашылды. Жалпы ол төрт екі класты орталық «орыс-қазақ» училищесін, бір 
қолөнерлік училище, бір әйелдер училищесін, бес болыс училищелерін, екі 
орыс балаларға арналған училищелер ашты. Оқу-қосалқы құралдар ретінде 
Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдеріне орыс педагогтары 
мен жазушыларының еңбектері мен оқулықтарын ұсынды. Орыс-қазақ 
мектептерінің оқушылары үшін оның өзі екі оқу құралын жазды: «Қазақ 
хрестоматиясы» және «Қазақтарды орыс тіліне үйретуде бастауыш 
нұсқаулық». 
Ы. Алтынсарин жан-жақты білім алған тұлға болған. Оның ғылыми 
қызығушылықтарына этнографиямен айналысуда кірген. 1868 жылдың 
наурыз айында ол Орыс Географиялық Қоғамның Орынбор бөлімінің 
отырысында өзінің «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың құда түсу 
және той жасау салттарының очеркісін» оқып сөз сөйледі. Мақала 
көпшілікпен мақұлданып, көп ұзамай жарыққа шықты. Ыбырай 
Алтынсаринның қазақ халқының көрнекті ағартушысы ретіндегі еңбегін 
асыра бағалау мүмкін емес. Дәл осы тұлға әлемдік білім беру кеңістігіне 
бірігу негіздерін салып, көшпелі дәстүрлердің күйреп жатқан жағдайында 
өзінің халқына жаңа тарихи болмысқа бейімделуде көмек көрсетті. 
Абай Құнанбаев Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге 
келген. 1886 жылы 40 жасқа толғанда Абай тамаша «Жаз» өлеңін жазады, 
өмірінің қалған жиырма жылы мазмұнды шығармашылық, ақындық қызметте 
өтеді. Абай өлеңдер, прозалы қара сөздер, «Ескендір», «Масғұд», «Әзім 
туралы аңыз» жазды.
Абайдың барлық шығармашылығы жалқаулық пен жалған ұятқа 
келіспеушілік идеяларына толы. Оның ойынша адамның мінез-құлқы тек 
қиындықтармен күресуде, сол қиындықтарды жеңе білуде шынығады. 
ХІХ ғасырдың қазақ әдебиетінде көптеген ақындардың аттары белгілі. 
Олардың ішінде Жанақ, Шөже, Шортанбай, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, 
Шернияз, Біржансал, Бақтыбай, Әсет сияқты белгілі ақындармен қатар Сара, 
Рысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала деген ақын қыздардың аттарын атауға 
болады.
Музыкалық өнер. ХІХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанда 
музыкалық өнердің өркендеу кезеңі болды.
Құрманғазы Сағырбаев (1806 – 1879 жж.) Бөкей Ордасының Жиделі 
шатқалында дүниеге келген. Оның 60-тан астам күйлері сақталған 
(кейбіреулері әр түрлі нұсқада). «Балбырауын» күйінде халық мерекесі 
беріледі; «Сарыарқа» музыкалық суреттемесі тындаушыларды туған даланың 
кең байтағына апарады. Басқа күйлері халықтың ащы тағдыры туралы 
толғандырады. Өзінің бірінші шығармаларының бірі «Кішкентай» күйін ол 
Исатай Таймановтың көтерілісіне арнады. Көтеріліс қатысушысы бола тұра, 
ол осы күйде халықтың феодал-байлардың езгісінен және отаршылдық 
кісенінен азаттану ынтасын нақтылы түрде көрсетеді. Байлар мен патша 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
шенеуніктері Құрманғазының әрекеттері мен шығармаларын қарсылық 
көрсетуге үндеу деп көріп, оның ізіне түсіп, түрмелерде қамады. 
Дәулеткерей Шиғаев та (1820 – 1887 жж.) көрнекті композитор болған. 
Оның қырыққа жуық күйлері сақталған. Олардың барлығы лирикалық 
мазмұнды, көрнекті және мәнерлі. Оларға форма қисындылығы, стиль 
тұтастығы тән. Патетикалық толықсу Дәулеткерейдің «Жігер» күйінде 
беріледі, «Бұлбұл», «Керілме» күйлері терең жүрек сезімдерін туындатады. 
«Желдірме» күйінен нағыз халықтық рухы сезіледі. Бұл халықтық дәстүрлі ат 
жарысын бейнелейтін әсерлі, ритмі бойынша шапшаң пьеса. 
Тәттімбет Қазанғаповтың (1817 – 1860 жж.) шығармашылығы ХІХ ғ. 
аспаптық музыкасына қосылған ірі үлес болып табылады. Оның домбыраға 
арналған «шертпе» стиліндегі шығармалардың авторы және орындаушысы 
ретінде атағы шықты. Оның күйлерінің көпшілігі жалынды, лирикалық-
көтеріңкі сипатта. Мұнда Тәттімбет туған өлкесінің сұлулығын дәріптеген – 
«Саржайлау», «Сары өзен», жануарлардың мінездері мен қылықтарының 
әдеби көркемделуін берді – «Ерке атан», «Бозайғыр» және т.б. 
Ықылас Дүкеновтың (1843 – 1916 жж.) композиторлық дарыны мен 
орындаушылық шеберлігі қобыз классикасының қалыптасуына үлкен ықпал 
етті. Эпостық аңыздар мазмұнының негізінде ол әдеби тұтастығы бойынша 
бірқатар көрнекті программалық күйлер жасады. Бұл «Қорқыт күй», «Қамбар 
күй», «Қазан күй» және т.б. Ықылас тәкаппар патша шенеуніктері мен байлар 
туралы сатиралық күйлер де жазған – «Жарым-патша», «Бес-төре». Ықылас 
күйлерінде өмір туралы, халықтың қайғы-қасіреті туралы толғаулар 
бейнеленген – «Жалғыз аяқ», «Жез киік». 
Бүгінгі күнде қазақтардың рухани мұрасы, ең бірінші кезекте, оның 
дүниетанымдық мазмұны әлемдік тарих пен мәдениет контексінде 
қарастырылады. Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық 
пікір өз дамуында аяқталған формаға жетпесе де, қазақтың халықтық 
шығармашылығының озат өкілдерінің ғылыми және әдеби шығармашылығы 
терең философиялық идеяларға толы және сол замандағы қоғамның рухани 
ізденістердің бейнеленуі болып табылады.
4. ХХ ғасырдың басына қарай дала өлкесі отарланған шет аймақ 
құқығымен ресейлік мемлекеттің экономикалық және саяси қатынастар 
жүйесіне нық енді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында басталған құқықтық 
жағдайын рәсімдеу процесі аяқталды десе де болады. Сондықтан Ресей 
империясындағы кез келген саяси және тағы да басқа оқиғалар далалық 
түкпірлеріне бірден жететін. 
Қазақстанда ақпан революциясының қарсаңында қазақ өмірінің жеке 
салаларында, оның құрылымында болып жатқан терең ішкі өзгерістерді 
дәлелдейтін жаңа құбылыстар туындай бастады. Әсіресе бұл өзгерістер, 
экономикалық өмірге қарағанда, жаңа қалыптасып жатқан қатынастарға 
қатты әсер ететін көшпелі қоғамның рухани өміріне тиісті болды.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет