239
Ауылшаруашылық өсімдіктерiнiң көпшiлiгi үшiн ТС топырақтың
су ұстау күшi 15 атмосфера шамасында болғанда басталады.
Тұрақты солу ылғалдығында өсімдіктер толық солады жəне
олардың тiршiлiгi ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%
жақындағанда да қайта қалпына келмейдi.
А. Г. Дояренко 1940 жылдың өзінде де бидайдың сору күшi
жоғары сорттарын пайдалануды ұсынған болатын. Мысалы, оның
деректерi бойынша, Сарруба сорты тұқымдарының сору күшi
23-24 атмосфераға тең, яғни топырақтың су ұстау күшiнен 7-8 ат-
мосфера артық. Демек, сору күшi жоғары бидайларды пайдалану
арқылы топырақтың өсімдіктер ала алмайтын ылғал қорын бiрталай
азайтуға жəне құрғақшылықта өнімнің ылғалмен қамтамасыз етiлуiн
жақсартуға болады.
Бiздiң зертханалық тəжiрибелерiмiз Саратов 29 сортының
тұқымдарының сору күшi Пиротрикс 28 жəне Харьков 46 сорттары-
на қарағанда, жоғары екенiн көрсетті. Ерiтiндiнiң су ұстағыш күшi
26,1 атм, болғанда Саратов 29 тұқымдарының 44,6% ы өнсе, Пиро-
триксте 28-32,6% өнген, ал Харьковте 46 да өнген тұқым болмаған.
Өсімдіктердің топырақтағы суды алу мүмкiндiгi
тек олардың
тұқымдары мен тамырларының сору күшiне ғана емес, топырақтың
механикалық құрамына да байланысты болады. Мəдени өсімдіктер
механикалық құрамы ауыр топырақ құрғақшылыққа жеңiл топыраққа
қарағанда төзімдiрек келедi. Ауыр топырақтарда су ұстағыш күштiң
бiрдей жағдайында жеңiл топырақтарға қарағанда ылғал көп бола-
ды. Сондықтан механикалық құрамы ауыр топырақтарда көктемгі
ылғал қорының маңызы жеңiл топырақтарға қарағанда жоғары.
Құрғақ топырақтың салмағына пайызбен немесе су қабатына
миллиметр есебiмен алынған ең
төменгi ылғал сыйымдылығы
деп, бiртектi топырақ қабатында салмақ күшiнiң əсерiне қарсы
ұсталынып тұрылуы мүмкiн болатын ең көп мөлшердегi қалқыған
суды айтамыз. Басқаша айтқанда, ЕТС
судың төменгi қабаттарға
еркiн ағу мүмкiндiгi бар жағдайдағы топырақта ұсталуы мүмкiн
ең көп мөлшерін көрсетеді. Ең төменгi ылғал сыйымдылығы
жағдайында топырақтың ылғалдылығының мөлшеріне топырақ
қабатының сулану тереңдiгi əсер етпейтiнi анықталды.
ЕТС тепе-
теңдiк ылғалдылыққа жатады жəне топырақтың су ұстайтын
қабiлетiн сипаттайды.
Ең төменгi ылғал сыйымдылығы жағдайындағы топырақтың бiр
240
метр қабатындағы пайдалы ылғал қоры ауыр саздақ топырақтарда
жобамен 200 мм, құмдақ топырақтарда 120 мм болады
(15-кесте).
15-кесте
Достарыңызбен бөлісу: