Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет97/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162
kabysheva-topyraktanu

8.1.Топырақ ылғалы
Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, 
оның құрамында əр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ 
ылғалы – оның құнарлылығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауа-
дан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан жəне жер астының 


228
ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы əр жерде əрқилы. Бір жерлер-
де топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшы-
лау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі 
əртүрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті 
сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге 
бөлінеді.
Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына 
еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы 
биологиялық процестерге қатыспайды.
Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін судың жоғары 
температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге 
сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре 
алады.
Гигроскопиялық су топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген 
молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. Топырақпен 
тығыз байланысқан бұл суды тек 100
о
-тан астам температураға дейін 
қыздыру арқылы ғана түгел буға айналдыруға болады.
Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжи 
отырып, өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
Гравитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен 
төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз 
салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдала-
на алмайды, ол су топырақ астына жерасты ыза суының қорына 
қосылады.
Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты 
күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, 
өсімдіктер үшін пайдаға асады. Табиғатта олардың көлемі негізінен 
суық аймақтарда, Антарктида түгелдей, терістік мəңгі тоң тараған 
алқаптарда жыл бойы кездессе, кей аймақтарда тек жылдың кыс ай-
ларында, ал кейбір аймақтарда тіпті, жылдың қыс айларында да бол-
майды. Себебі əлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі.
Жерасты ыза суы топырақтың, ал көбіне, топырақ түзуші тау 
жыныстарының əртүрлі тереңдіктерінде əдетте, су өткізбейтін қабат 
үстіне жиналады. Жерасты ыза суы көбіне, топырақ қабатынан көп 
тереңдікте жататындықтан топыраққа жəне өсетін өсімдіктерге 
еш əсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, əдетте, ТМД 
елдерінің батыс жəне теріскейде түсетін аудандарында, өзен бой-
лары мен сағаларында жəне суармалы егіс алқаптарында топырақ 


229
астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге, 
өсімдіктер өміріне өте үлкен əсерін тигізеді. Мұндай жағдайда 
көбінесе, шалғынды топырақтар кездеседі.
Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Бұл – 
құрамында суға еріген əртүрлі заттары бар топырақ ерітінділері. 
Өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бо-
йына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы – оның 
құнарлылығының негізгі шарттарынын бірі. Академик Г. Н. Высоц-
кий топырақ суының өсімдіктер үшін маңызын айта келіп, оны адам 
қанымен салыстырған (Г. Н. Высоцкий 1962).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет