Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет119/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162
kabysheva-topyraktanu

Сортаң топырақтар деп топырақтың коллоидты сіңіру 
кешені, негізінен, натрий катионына қаныққан топырақтарды 
айтады. Топыраққа сіңірілген натрий катионы сілтілі реак-
ция береді, ылғал тисе ісініп, батпаққа айналады, ал құрғақ 
жағдайда қатып-семіп, бағаналы құрылым түзеді. Сондықтан 
олардың физикалық қасиеттері өте ыңғайсыз, осы себептен 
олар құнарсыз. Топырақтардың сіңіру кешендерімен көп жыл 
бойы шұғылданған орыс ғалымы қазіргі осы сортаң топырақты 
жерлерде бір кездері сор топырақтар болғандығын, кейінірек 
табиғи жағдайлардын өзгеруімен бұл аймақтарда ылғал көбейіп, 
топырақ бетінің құрамындағы натрий тұздары шайылып, топырақ 
астына кеткендігін айтады. Сонымен қатар ол осы тұздардың 
шайылу процесінде суға ерігіш тұздар құрамындағы натрий ка-
тионы топырақтың сіңіру кешеніне мол сіңіп, қаныққандығынан 
топырақтардың жоғарғы қабаттарында суға тез ерігіш тұздардың 
төменгі қабаттарға шайылып кеткендігін, топырақтың беткі 
қарашірінді қабатынан кейін зиянды сортаң екінші қабаттың 
түзілетінін дəлелдейді.
А – сортаң қабаттың үстіңгі гумусты-шайынды қабаты
қалыңдығы бірнеше см-ден 20-30 см-ге жетеді, құрылымы бос, түсі 
ашық сұр.
В
1
– жиынтықты-сортаң қабат, түсі қоңыр құба, күнгірт қоңыр, 
қатты бағаналы құрылымды, қазғанда ірі кесекті бағаналы 
бөліктерге бөлінеді, құрғақ кезінде өте қатты, ылғалданғанда тез 
ісініп, құрылымсыз жағдайға ұшырайды. Міне, осы сортаң қабаттан 
төменірек жоғарыдан шайылған тұздар кездеседі.
Кейбір сортаң топырақтарда шайылу процесі көптен басталған 
жағдайларда тез ерігіш тұздар топырақтың тереңірек қабаттарына 
жиналады.


296
20-кесте
Топырақтың құрамындағы суға ерігіш тұздардың мөлшері, сапасы 
жəне тұзданған қабатының орналасуына байланысты жүйелеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет