Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет121/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162
kabysheva-topyraktanu

12.5. Əлемнің топырақ жамылғысы
Жер шары құрлығында тегістік жəне таулық топырақтар тараған. 
Тегістік топырқтары 6 географиялық топқа біріктіріледі.
I топқа полярлық белдеудің топырақтары кіреді, полярлық тун-
дра жəне полярлыға таяу тундраның глейлі топырақтары. Олардың 
кескінінде бұзылу үрдісі сəл дамыған, жиектері жұқа жəне онда айқын 
тоңды құбылыс белгілері бар. Скандинавия елдері мен Канада.
II-III топтарға қоңырсалқын жайлы бореалды аймақ топырақтары 
кіреді, олар тау жыныстарының сиалитті бұзылу жағдайында 
дамыған; Топырақ құралуында маусымдық ырғақ басым, кескіні 


300
жақсы дамыған, кейде, тіпті, қарашірінді шоғырланған. Топырақтары 
күлгін, шымды күлгін, тоңды тайгалы бореалды, қоңыр, сұр 
ормандық топырақтар, прерилік қара топырақ баріалдыға таяу
қара, қара қоңыр, қоңыр, сұр-қоңыр топырақтар бар обылыстар. 
Қоңыржай белдеудің мұхиттық ылғалды өлкелерінде қоңыр орман 
топырақтары кең тараған. Батыс Еуропа, Шығыс Азия мен Оңтүстік 
Америкада тараған.
IV топқа тропикке таяу белдеу топырақтары кіреді, олар қызыл, 
сары, сары-күрең субтропикалық ормандар жəне қызғылт қара 
субтропикалық прерилер топырағы, сұр-күрең субтропикалық 
дала топырағы, құба субтропикалық шөл дала жəне жартылай шөл 
топырақтары Батыс Европа, Шығыс жəне Таяу Азия, Африка мен 
Солтүстік Америкада тараған.
V топ тропикалық белдеу топырақтарын біріктіреді, онда 
экваторлық ормандардың фералит топырағынан бастап, шөлділеу 
биік шөптесінді саванналардың қызғылт-қоңыр топырағына дейін 
Орталық Африка, Оңтүстік Азия, Австралия, мен Оңтүстік Амери-
када тараған.
VI топ ішкі аймақтың топырақ типтерін біріктіреді, ол үш: шым-
ды корбанатты рендзиндер, тропикалық қара жəне далалық шабын-
ды қара топырақтар типтерін қамтиды.
Таулы облыстарға негізінен терістікте тараған топырақтар тəн, 
бірақ мұнда өзгеше биік таулы шалғынды топырақтар дамыған.
Бұрынғы КСРО территориясы 15 агротехникалық зоналарға 
бөлінген, олар солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасып, ендік 
бағытта батыстан шығысқа қарай созылып, ретті, кең белдеулі 
жайғасқан. Олар:
1. Полярлық тундра зонасы;
2. Солтүстік тайга зонасы;
3. Орталық тайга зонасы;
4. Оңтүстік тайга зонасы;
5. Қоңыр топырақты орман зонасы;
6. Орманды дала зонасы;
7. Дала зонасы;
8. Құрғақ дала зонасы;
9. Қоңыржай белдеудің шөлейт зонасы;
10. Шөл зонасы;
11. Тау етегіндегі жартылай шөлді зона;


301
12. Субтропиктік белдеудің шөлді зонасы;
13. Субтропиктік тау етегіндегі жартылай шөлді зона;
14. Субтропиктік бұталы дала жəне құрғақ орманды зона;
15. Субтропиктік ылғалды орманды зонасы;
Олардан өзге 5 таулы обылыстар бар.(Розов, 1973):
1. Орта Азиялық (құрғақ, жылы) ;
2. Карпат-Кавказдық (жылы, ылғалды) ;
3. Оңтүстік Сібірлік (суық, ылғалды) ;
4. Солтүстік Сібірлік (өте суық,орташа ылғалды) ;
5. Камчаткалық-Курильдік (өте ылғалды суық).
Бұл өңірлердің топырақ зоналары – тау беткейлерінде биіктік 
бағытта құралған.
Сонымен, бұрынғы КСРО жеріндегі көп топырақтар: тундралық, 
күлгін қоңыр, сұр ормандық топырақтар, қара, қара-қоңыр, сұр-
қоңыр жəне сортаң топырақтар əлемде де тараған. Сондай ақ 
бұрынғы Одақта жоқ топырақтар да: Солтүстік Америка прериінің 
қызыл жəне сары топырақтары, преридің қызғылт-қара топырағы, 
биік саванналық қызғылт топырақ, тропикалық сирек орман қызыл-
кұрең топырағы, тропикке таяу жəне тропикалық латериттер мен 
фераллиттер, қара топырақтар, т.б əлемде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет