305
қоңыр-сұр, қалыңдығы 10-20 см. Бұл
қабатта негізінен шөптердің
тамырлары таралған. Ал одан кейін аса дамымаған күлгінді қабат
жатыр. Тек қана шалғын
шөп өсетін ормансыз жерлерде шымды-
шалғынды топырақтар кездеседі. Бірақ бұл зонада олар көп емес.
Оның біразын шалғынды батпақты топырақтар алып жатыр.
Өсімдіктер үшін қоректік заттарға бұл зонаның топырақтары ке-
дей, оның қарашірігі де өте аз (0,5-1,5%), топырақ ортасының реак-
циясы кышқыл (рН 4,5-5,5).
Бұл зонада ТМД елдерінің негізгі орман шаруашылығы дамыған.
Егін, бау-бақша егуге зонаның батыс еуропалық жақ бөлігінде тек
4,5-5,0% жері ғана игерілген.
Халық тығыз орналасқан Мəскеу, Санкт-Петербург, Балтық бойы
мемлекеттері, Беларус аймақтарындағы зонаның көп жерлері көптен
егіншілікке игеріліп,
топырақтары жақсы өңделіп, тыңайтқыштар
енгізудің. нəтижесінде қолдан мəдениленген топырақтарға айналып
жақсы өнімдер беруде. Бір жақсысы бұл аймақтарда ауадан түсетін
ылғал еккен егістіктерді жақсы қамтамасыз етеді. Сондықтан мұнда
көптеген
көкөністер, картоп, мал азықтық шөптер,
астық егістері
тұрақты жақсы өнім береді. Тек бұл аймақтарда күн көзін мол пай-
даланатын дақылдар егілмейді.
Бұл топырақтарды егістік жерге айналдыру үшін міндетті түрде
органикалық жəне минералды тыңайтқыштар ендіріп,
топырақтың
қышқыл реакциясын төмендететін əк қолдану қажет. Соңғы жылдары
ТМД елдерінің қара топырақты емес алқапты ауыл шаруашылығына
кең көлемде игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: