Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет138/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   162
kabysheva-topyraktanu

351
13-ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫ
13.1. Қазақстан топырақтары жəне олардың 
қалыптасуының экологиялық жағдайы
Қазақстанның барлық жер қоры ауданы 272 млн 490 мың гектар. 
Жер кодексінің 1 бабына сəйкес Қазақстан Республикасы жер қоры
нысаналы мақсатына сəйкес келесідей санаттарға (категорияларға) 
бөлінеді жəне 2006 жылғы есеп бойынша олардың алатын ауданы 
төмендегідей:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 85,0 млн. га;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді 
мекендердің) жері – 21, 2 млн, га;
3) өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері жəне өзге де 
ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер – 2,5 млн.га;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру 
мақсатындағы, рекриациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер 
– 3,3 млн. га,
a) орман қорының жері – 23,4 млн. га;
b) су қорның жері – 3,7 млн. га; 
c) босалқы жер – 122,0 млн га.
Қазақстанның жер қорының 222,6 млн. гектары ауыл 
шаруашылығы алқаптары (барлық жер ауданының 81,7%-ы). Оның 
ішінде:
- егістіктер ( жыртылған жер) –23,2 млн. га;
- көпжылдық екпелер егілген жер – 115,5 мың га;
- тыңайған жер – 5,4 млн га;
- шабындықтар – 5,5 млн га;
- жайылымдар – 189 млн. га.
Еліміздің жер қорының топырақ жамылғысы алуан түрлі бо-
лып келеді (26-кесте). Еліміздің топырақ жамылғысы ішінде 
құнарлылығы төмен, пайдалану үшін оларды жақсарту (мелиора-
ция) жұмыстарын іске асыру қажет кейбір, кебірленген, сорланған, 
су жəне жел эрозиясына төзімсіз топырақтар түрлеріде мол тараған. 
Қазақстанның жер қоры өте мол, оның топырақ жамылғысы 
құрамында құнарлылығы жақсы, егіншілікте қолдануға тиімді 


352
топырақтармен қатар егіншілікке тиімсіз құнарлылығы төмен 
топырақ түрлері кездеседі.
Сондықтан еліміздің жер қорын экологиялық жағынан 
негізделген бағдарлама бойынша тиімді пайдалану қажет. Қазіргі 
уақытта жер қорын пайдалануда байқалған келесідей келеңсіз 
жайттар қалыптасқан: өндіріс орындарының қалдықтарымен 
ластанған, бүлініп істен шыққан 169,7 мың гектар жер; жер 
қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау өндіру, оларды тасы-
малдап, байыту кезінде қалыптасқан карьерлер, үйінділер жердің 
топырақ жамылғысын жойған. Топырақ өзінің басты экологиялық
қызметтерін – биологиялық масса өндіруін жəне атмосфераның
химиялық құрамын реттеуге қатысуын жоғалтқан. Яғни топырақ 
өлі денеге айналған. Сөйтіп бұл жерлердің экологиялық-санитарлық 
жағдайы төмендеген.
Елімізде «қорғаныс» мақсатына бөлінген, ядролық қару-
жарақтарды сынау, ғарыш кемелерін ұшыру кезінде оның 
қалдықтарымен немесе олардың сəтсіздіктен жерге жарылып қайта 
құлауынан радиацияға шалынып, бұзылған, улы заттармен ластанған 
жерлер ауданы 20 млн. гектардан асып түседі. Бұл жерлердің басым 
бөлігі Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 
орналасқан.
Жер 
қорының 
экологиялық 
жағдайын 
қарастырғанда 
Қазақстандағы шөлейттену құбылысы туралы мəселе ерекше орын
алады. «Шөлейттену» деген ұғым əртүрлі факторлар əсерінің, 
климат өзгеруінің жəне адам əрекетінің нəтижесінде жартылай 
құрғақтау жəне құрғақ климатты аудандардағы топырақ деградация-
сын білдіреді.
26-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет