61
Топырақ түзілуі құбылыстарының əсерінен тау жынысынан пайда
болған топырақта оған тəн құрылыс, пішін, ерекше белгілер, қасиеттер
мен жаңа қосылыстар пайда болады. Сөйтіп топырақ тау жынысы-
нан өзінің
құнарлылығымен ғана емес, құрылысымен жəне сыртқы
морфологиялық белгілермен ерекшеленеді. Осы морфологиялық
белгілер арқылы топырақ түрлері бір-бірінен ажыратылады, топырақ
түрлерге
жіктеліп, оларға атау беріледі. Басты морфологиялық белгі-
лерге топырақтың құрылысы, топырақтың жəне оның қабаттарының
қалыңдығы, түсі, құрылымы жайласуы,
механикалық құрамы, жаңа
жарандылар мен кіріспелер жатады. Далалық жағдайда топырақтың
морфологиялық белгілерін зерттегенде тік қазылған шұңқырлар пай-
даланылады. Бұл əдісті алғаш рет топырақтанудың ғылыми негізін
салушы В. В. Докучаев қолданды. Осы əдіс іс жүзінде топырақты
далалық жағдайда зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді.
Топырақтың құрылысы – оның тік кескінінде
кезектесіп орналасқан
əртүрлі қабаттары. Бұл қабаттар бір-бірінен түсімен, құрылымымен,
тығыздылығымен, химиялық құрамымен, кейде механикалық
құрамымен ерекшеленеді. Топырақтың құрылысы пайда болып,
қабаттардың ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің жəне топырақты
өндірісте пайдаланудың ықпалынан болады. Топырақтың тік кескінінде
бірнеше қабаттар кездеседі. Осы қабаттарға атау қойылып, əріппен (ин-
декс) белгіленеді. Əдетте, топырақтың:
А
– қарашірінді жиналған қабат;
В
– иллювиальді немесе аралық қабат;
G
– глей;
C
– аналық тау жынысы;
Д
– астыңғы тау жынысы;
E
– элювиальды қабат;
AЕ
– қарашірінді элювиальды қабаты;
О
– орман төсеніші;
T
– шымтезек сияқты генетикалық қабаттары ажыратылады.
O
– (ескіше Ао немесе Ад) – органогенді қабат,
орман ішінде
түскен, құраған жапырақтардан, ал далалық аймақта шөптесін
өсімдіктерінің қалдықтарынан құралған, тың жерде болатын
топырактың ең үстіңгі қабаты.
A
– қарашірінді жəне қоректік
заттар жиналатын топырақтың
жоғарғы жағында қалыптасқан қабат. Минералды заттардың
бұзылуы мен сілтісізденуі байқалмайды. Түсі басқа қабаттарға
қарағанда, күңгірт келеді.