64
2. Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен орналас-
қан. Сортаңдау жəне механикалық құрамы ауыр балшықты жерлер-
де топырақ тығыз болады. Агротехникалық шаралар қолданылған
жағдайда мұндай топырақты ауылшаруашылығына пайдалануға бо-
лады.
3. Тығыздау топырақ жердің иллювиальды қабатында кездеседі.
Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай-ақ батыруға болады.
4. Борпылдақ топырақ үстіңгі қабатта болады. Өйткені мұнда
органикалық заттардың мол болуына байланысты құрылымы
түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады. Сондықтан
мұндай құнарлы топырақта мəдени өсімдіктер жақсы өседі.
5. Бос жылжымалы топырақ құмдақ жəне құмды жерлерде бола-
ды. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық
шараларды қолдануды қажет етеді.
Бұл топырақтың маңызды генетикалық жəне
агрономиялық
көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының əртүрлі
үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады.
Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дəнді, үлкен-кіші жаңғақты,
призмалы, т.б. түрлерге бөлінеді
(16-сурет). Олар бір-бірімен
жабысқан механикалық элементерімен: құм, шаң, балшықпен
қосарласа жүреді. Əрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық
жəне минералды бөліктерден тұрады.
Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық
жəне физикалық-химиялық процесс болып саналады. Көп жағдайда
аралас құрылымды топырақтар кездеседі.
Ал су ұстамайтын топырақтың
құрамында басқа катиондар
кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы:
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды, борпылдақ;
2. Құрылымы ұсақ түйіршіктері, оқ дəрісіндей, мөлшері 0,5-1 мм;
3. Дəнді түйіршіктері, диаметрі 1-5 мм;
4. Жаңғақатты құрылым, 5-10 мм;
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі
бірнеше см-ге жетеді.
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тəн құрылымның
бірі – топырақ пішіні түзіледі, яғни
топырақтың морфологиясы
қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақ-
тар бір – бірінен жəне өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады.