50
егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды. Мұнай өндіру жəне
барлау жұмыстары топырақтың түрлі, жуғыш заттармен ластануы-
на себеп болады. Нəтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде
битумды заттардың түзілуіне əкеліп соғады. Бұрғылау жұмыстары
кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий
хлориді,
дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп бо-
лады. Əдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді. Көптеген жер-
лер тұрмыстық жəне өндірістік қалдықтары жинақталған қалдық
үйінділермен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекеме-
лерден
шыққан қалдықтар, əртүрлі синтетикалық материалдардан
жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен
кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар
сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты
ластайды.
Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған
жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түр-
лері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына
себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы жəне ондағы
организмдердің жойылуы топырақ түзілу процестерінде əсер етіп,
оның құнарлылығын төмендетеді.
Сондықтан шаруашылықтарда
пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет.
Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің
ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың
түрін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу
топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне əкеліп, қоректік
элементтердің антогонизмін туғызады.
Антропогендік жағдайдан пайда болған
радиоактивтік ядролық
жарылыс, атом өндірістерінің қалдықтары, т.б. себептермен
топыраққа радиоактивтік изотоптарды əкеледі. Атом жарылыстары-
нан пайда болған радиоактивтік заттар ауамен таралып, жауын-ша-
шынмен жерге түсіп, топырақты жəне табиғи суларды радиоактивтік
заттармен ластайды. Антропогендік радиоактивтік изотоптар туралы
айтқанда Қазақстан жерінің басым бөлігінде олардың көп тарағанын
ескергеніміз жөн. Оның басты себебі қазақ жерінде уранның негізгі
кендері табылды. Одақ кезіндегі атомдық сынақ жарылыстары да
осында жүргізілгені белгілі. Биологиялық айналымға қосылып, жа-
нуарлар денесіне, олар
арқылы адамның денесіне еніп, жайылып
радиоактивтік сəуле тигізеді.
51
Ең қауіптісі стронцийдің изотопы (
90
Sr) цезиидікі (
137
Сs), өйткені
олардың жартылай ыдырау уақыты өте ұзақ (
90
Sr - 28 жыл,
І37
Сs -
33 жыл) жəне олардың сəуле шығару күші үлкен болғандықтан,
биологиялық айналымға белсенді қатысады.
Сондықтан бұл изотоптардың топыраққа сіңіру заңдылықтарын
олардың топырақта жылжу тəртібін жақсы білу керек. Бұл
изотоптардың екеуі де топырақтың қатты бөлігіне толық сіңіріледі,
сол себептен 80-90% топырақтың жоғарғы қабатына жиналады. Оның
ішінде гумустың тұнба фракциясы мен монтмориллонитке, гидрос-
людалы балшықты минералдарға бай топырақтарға мол сіңіріледі.
Стронцийдін көп қасиеттері кальцийге, ал цезийдің қасиеттері калий-
ге жақын, сондықтан бұл радиоактивтік элементтердің топырақтағы
тəртібі осы айтылған элементтердің тəртібіне ұқсас келеді.
Достарыңызбен бөлісу: