68
қоңырлау түсті болады. Сондықтан топырақ түсі ауа-құрғақ үлгісінде
жəне күндізгі шашыраңқы жарықта анықталады.
Дегенмен, топырақ түсін визуалдық анықтау қателіктерге
соқтыруы мүмкін. Сондықтан ФМ типті фотометрді қолдану керек.
Топырақ структурасы да маңызды
морфологиялық белгі болып
есептеледі. Топырақтың қарапайым бөлшектері (гранулометриялық
элементтері) бір-бірімен жабысып, қарашіріктік жəне минералдық зат-
тармен желімделіп əртүрлі мөлшерде жəне формада кесекшелер (агре-
гаттар, структуралар) түзеді. Профессор С. А. Захаров топырақ структу-
расын негізінен үш типке бөледі: куб тəрізді топырақтың структуралық
бөліктері өзара перпендикуляр үш осьпен бірқалыпты жетілген; призма
тəрізді структуралық бөліктер негізінен тік (биіктік) осьпен жетілген;
тақта тəрізді структуралық бөліктер екі көлбеу осьпен жетілген жəне тік
бағытта қысқараған. Аталған типтердің бəрі де мөлшеріне, қабырғалары
мен қырларының сипатына қарай кіші бөліктерге бөлінеді. Оны
С. А. Захаров, С. А. Монин төмендегідей бөліп көрсетеді:
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: