Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтану ғылымының XX ғасырда Ресейдегі дамуы



Pdf көрінісі
бет6/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
kabysheva-topyraktanu

13
Топырақтану ғылымының XX ғасырда Ресейдегі дамуы
XX ғасырда Ресейде топырақ зерт-
теу жұмыстары негізінен топырақтың 
географиялық жұмыстарымен байла-
нысты болды. Топырақтану саласында 
кейін аса белгілі тұлғаларға айналған 
В. В. Докучаевтың шəкірттері Л. И. Пра-
солов, С. С. Неуструев, А. И. Безсонов, 
Н. А. Димо, Б. А. Келлер, М. М. Фи-
латов сияқты ғалымдар шықты. 1908 
жылы Ресейдің бас көші-қон басқармасы 
Сібір мен Орта Азияға (Қазақстанды 
қоса) топырақ-ботаникалық экспедиция-
лар ұйымдастырды. Бұл жұмыстарды К. 
Д. Глинка басқарды. Экспедицияның мақсаты  Ресейдің Еуропалық 
бөлігінен халқы аз Азиялық бөлігіне көшіру, топырақ жер жағдайын 
зерттеу еді. Бұл материалдардың бастапқы есептері арнайы енбек-
терде, ал ең соңғы нəтижелері 1920 жылдары К. Д. Глинканың авторлы-
ғы мен бірнеше монографияларда жарияланды (К. Д. Глинка, 1923). 
Бұл аймақтарда бұрын топырақтанушылар кез дес тірмеген топырақтар 
типтері (құба, қара қоңыр, сұр, сортаң жəне сор топырақтар) кездесіп 
картаға түсірілді. Бұл зерттеулер ауылшаруашылық өндірісіне 
жаңадан жер қорларын игеруге мүмкіндік берді. 1913 жылы Ерікті 
экономикалық қоғамның топырақ комиссиясы өз алдына жеке До-
кучаев топырақ комитетіне айналды, оны К. Д. Глинка, Л. И. Пра-
солов пен С. С. Неуструев басқарды. Комитет топырақтану сала-
сында экспедициялар ұйымдастырып еңбектерін жариялап тұрды. 
Сонымен қатар топырақтанумен Петербург университетінде про-
фессор С.П.Кравков, орман институтында проф. П. С. Коссо-
вич, академик К. К. Гедройц шұғылданды. XX ғасыр басында Мəскеу 
университетінде топырақтану кафедрасын талантты ғалым А. Н. Са-
банин басқарды, кейін профессорлар В. В. Геммерлинг, М. М. Фила-
товтар жалғастырды.
Мəскеудегі топырақтанудың тағы бір орталығы Тимирязев атын-
дағы ауылшаруашылығы академиясы болды. Мұндағы аса көрнекті 
тұлға  академик В. В. Вильямс (1863-1939) еді. Ол топырақтанудың 
биологиялық бағытын қолдады. Топырақтың құнарын арттырудың 
4-сурет. В. В. Вильямс 
(1863-1939)


14
егіншіліктегі шөптанапты жүйесін ұсынды. Егіншіліктің бұл жүйесі 
ТМД елдерінің көп аймақтарында осы күнге шейін қолданылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет