Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет3/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
kabysheva-topyraktanu

7
1-БӨЛІМ 
ТОПЫРАҚТАНУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Топырақтану ғылымының негі-
зін қалаған орыстың дарынды 
табиғаттанушы ғалымы В. В. Доку-
чаев (1846-1903) болды. Докучаевқа 
дейін топырақ агрономия мен 
геологияның бір саласы ретінде 
зерттеліп келді. Сондықтан алды-
мен оған дейінгі топырақты зерт-
теуге байланысты көзқарастарға 
қысқаша тоқталып өтейік.
Батыс еуропалық агромəдени- 
химиктер мен агрогеологтардың 
топырақ туралы зерттеулері.
Адам баласының əр түрлі 
құрылыстар 
салып, 
егін 
егіп, 
өнім алған жер бетіндегі тіршілігі 
мыңдаған 
жылдарға 
созылғаны 
мəлім. Алайда топырақ туралы ғылыми түсінік көпке дейін 
қалыптаса қойған жоқ. Егіншілікпен адам баласы ондаған ғасыр ай-
налысып келгенімен, тек XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың 
бас кезінде ғана егіншілік туралы ғылым агрономия дүниеге 
келді. Бұл кез дүниежүзінде феодалдық өндірістік қатынастың 
капиталистік өндірістік қатынаспен ауысу кезеңі еді.
Ғылыми агрономиямен алғаш айналысқан Алмания табиғи 
зерттеушілері болды. XIX ғасырдың басында кейбір жүргізген 
тəжірибе жұмыстарына сүйене отырып, неміс ғалымы А. Тэер 
өсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі теориясын ұсын ды. 
Осыған байланысты ірі химиктер И. Берцелиус, К. Шпрен гель, т.б. 
топырақтың қара шіріндісі  гумуспен айналысты. Олар топырақ 
шіріндісінің күрделі екенін жəне органикалық заттардың бірнеше 
топтарынан тұрып, əр түрлі химиялық құрамы мен қасиеттерімен 
ерекшеленетінін анықтады (Д. С. Орлов, 1974).
Алайда кейінгі зерттеулер гумус қоректік қасиеттерге ие 
болғанымен, негізгі мəселе тек қана гумуста емес екенін көрсетті. 
1-сурет. В. В. Докучаев 
(1846-1903)


8
Сонымен, А. Тэердің өсімдіктердің органикалық қоректену тео-
риясы енді өсімдіктердің минералдық қоректену теориясымен ал-
масты. Соңғы теорияның авторы неміс оқымыстысы Ю. Либих 
болатын. 1840 жылы оның «Химияны егіншілік пен физиоло-
гияда пайдалану» деген енбегі жарық көрді. Осыдан кейін бұл 
теорияны колдаушылар көбейіп, агромəденихимия егіншілікке 
қарай бет бұрды. Көптеген ауылшаруашылығы тəжірибе станция-
ларында тыңайтқыштардың өсімдіктерге тигізер пайдасы жөнінде 
тəжірибелер өріс алып, оның əсерлері анықталды. Топырақтың 
жыртылған қабатындағы азот, фосфор, калий мөлшерлері 
анықталды. Топырақтанудың алғашқы бұл бағытын негіздеушілер 
батыстың ірі оқымыстылары А. Тэер, Ю. Либих (неміс химиктері), 
М. Бертолло, Ж. Бусенго (француз химиктері) болды. Бұлар 
топырақ өсімдіктер тамырлары тарайтын орта, ол минералдық 
жəне органикалық заттардың қосындысынан тұрады деп пайым-
дады. Топырақ қабатын олар тек жыртылған қабатпен шектеді. 
Топырақтарды олар сапасы жағынан жақсыға, ортаға, жаманға, 
бидайға, сұлыға, картопқа, т.б. жарамды деп бөлді.
Осы кездерде жоғарыда айтылған бағытқа байланыссыз аг-
рономия мен топырақтанудың геология бағыты да өріс алды. 
Оның негізін қалаушылар немістің геолог оқымыстылары 
Ф. Фаллу, Ф. Рихтгофен еді. Олар топырақ деген түсінікке жер 
бетінің үгілу қабатын жатқызды. Мұны орманшылар қолдай кетті. 
Əсіресе, қоштаушылардың бірі неміс оқымыстысы, профессор 
Е. Раманн болды. Ол Алманияда орман топырақтануын дамыт-
ты. Алғашында топырақты тек геологиялық дене деп келген 
бұлар кейінірек топырақ құрамындағы органикалық заттарды
топырақтың агрономиялық қасиеттерін зерттеуді қолға алды. Со-
нымен, топырақтанудың агрогеологиялық бағыты қалыптасты. 
Бұл бағыт тек Батыс Еуропада ғана емес, сонымен қатар терістік 
Америка, Аустралия, Жаңа Зеландияда, т.б. өріс алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет