251
Құнарлы, құрылымы жақсы топырақта тыныстану коэффициенті
1-ге тең. Топырақта көмір қышқыл газы негізінен биологиялық
құбылыстар кезінде түзіледі. Егер
топырақ құрамында көмір
қышқыл газы 2-3%-дан асса, өсімдіктердің өсіп дамуы тежеледі.
Топырақ бойынан атмосфераға көмір қышқыл газының бөлінуі
топырақтың тыныстануы деп аталынады. Осылай бөлініп шыққан
көмір қышқыл газы өсімдік
жапырақтарымен сіңіріліп, фотосинтез
құбылыстарының пəрменді жүруіне ықпалын тигізеді. Қара топырақ
тыныстануы арқылы жылына əр гектар алқаптан атмосфераға 40-70 т
көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Топырақтың экологиялық қызметі
пəрменді жүруі үшін топырақ ауасымен атмосфера ауасы арасында газ ал-
масу құбылысы тұрақты өтіп жатуы қажет. Осы екі ауа арасындағы алма-
су құбылысын газ алмасу немесе аэрация деп атайды. Аэрация топырақ
құнарлылығының анықтаушы жағдайының бірі болып саналады. Газ ал-
масу топырақтың ауасы бар қуыстарының атмосфера ауасымен қатынасуы
арқылы өтеді. Газ алмасу құбылысының жүруіне
диффузия, топыраққа
ылғал түсу, температураның жəне ауа қысымының жел,
ыза сулардың
деңгейінің өзгеруі əсер етеді. Осылардың ішінде аэрация жүруіне басты
ықпал жасайтын – диффузия құбылысы.
Топырақ ауасында атмосфера ауасымен салыстырғанда оттегі
концентрациясы кем, ал көмір қышқыл газы мөлшері сондықтан
диффузия əсерінен
топыраққа оттегі сіңіп, ал одан көмір қышқыл
газы ауаға бөлініп газ алмасу тұрақты жүреді.
Аэрацияның қарымталы жүруіне топырақтың ауа қасиеттері
өткізгіштігі жəне ауа сыйымдылығы қасиеттері əсерін тигізеді.
Топырақтың ауа өткізгіштігі оның өз
бойынан ауаны қабілетімен
сипатталады. Оның мөлшері топырақ гранулометриялық құрамына,
тығыздылығына, ылғалдылығына, құрылымына байланысты.
Қылтүтікті жəне қылтүтікті емес қуыстары мол,
құрамында
топырақтың ауа өткізгіштігі жақсы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: