60
Олардың 200-ден астам тҥрлері анықталды. Сондықтан
вирустар микробиологияда жеке класс ретінде қарастырылады, ал
оларды вирусология ғылымы зерттейді.
Вирустарда ядро, цитоплазма, клетка қабықшасы ӛзара
жекеленбеген.
Вирустардың
негізгі
қасиеттері
-
олар
микробтардан да ӛте ҧсақ, соның салдарынан бактериялар
ӛтпейтін арнаулы сҥзгілерден ӛтеді;
лабораторияда қолдан
жасалған қоректік ортада ӛсіп дамымайды; тек тірі клеткада ғана
тіршілік етеді; тҥрлі тірі немесе структурасы алдын ала бҧзыльш,
ҧнтақталған тканьдерде, тауық жҧмыртқасында ӛніп-ӛсе алады;
кейбір вирустардың кристалл тҥзетін де қасиеті бар.
300 мың есе ҧлғайтып кӛрсететін электрондық микроскоппен
қарағанда вирустардың ӛзіндік ерекшеліктері байқалды, оны
полиморфтық қасиет деп атады. Соның нәтижесінде табиғаттағы
шар тәрізді, эллипс пішінді, таяқша немесе жіп тәрізді тҥрлері
анықталды.
Олардың
химиялық қҧрамы
РНҚ-дан (рнбонуклеин
қышқылы) немесе ДНҚ-дан (дезоксирибонуклеин қышқылы)
қҧралған нуклеопротеидтерден тҧрады. Сонымен катар клетка
қҧрамына енетін ферменттері
бар белокты қабықшалары -
капсидтер болады. Осы қабықша вирустардың нуклеин
қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтап
тҧрады. Ал вирустардың кейбір тҥрлерінде белок пен нуклеин
қышқылдарынан басқа тҥрлі углеводтар,
май текті заттар,
рибофлавин (витамин), биотин және жез молекулалары
кездеседі. Жалпы вирустар тек тірі клеткада ғана ӛніп-ӛсіп,
кӛбейе алады.
Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес ӛзгергіш келеді.
Олардын. осы қасиетін ескере отырып, қазіргі кезде аса тишді
шипалык, қасиеті бар вакциналарды жасайды.
Негізгі әдебиеттер: 32, 33, 34.
Қосымша әдебиеттер: 83, 84, 85-87.
Достарыңызбен бөлісу: